Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН АРТТЫРАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

authorBy author15 октября, 2024Updated:12 ноября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен кезеңдерін стратегиялық жоспарлау кезінде, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және орындау кезінде міндетті түрде ескеріледі. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттары Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін – іске асырылуына; мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын сақтауға; қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты Қазақстанның халықаралық және қорғаныс салаларындағы, экономикадағы, ішкі саяси, әлеуметтік және ақпараттық салалардағы, рухани өмір мен мәдениеттегі ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған.

Негізі, ішкі саяси және әлеуметтік салаларда ұлттық мүдделер, ең алдымен, заңның үстемдігі негізінде қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Тек заң негізінде ғана азаматтық бейбітшілікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге болатыны даусыз. Осы орайда бізге пікір білдірген заң ғылымының кандидаты Ғалымжан Медешұлының айтуынша, әлеуметтік және ұлтаралық жанжалдардың туындауына ықпал ететін жайттар бізде барынша реттеліп келеді. Осы орайда азаматтарымызды қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа, экстремизмге және терроризмге қарсы пәрменді күрес жүргізіліп келеді.

«Рухани өмір мен мәдениет саласында ұлттық мүдделер Қазақстанда үнемі насихатталып отырады. Еліміз рухани дәстүрлерді, мәдениетті сақтау арқылы да ұлттық қауіпсіздікті нығайтып отыр. Біздің елімізде 130 ұлт ұйысқан. Міне, осы ұлттардың әрқайсысы өзінің мәдениетін, дәстүрін, әдебін бойына сіңіріп өсіп-өніп келеді. Оларға ешкім «сен дәстүріңді сақтама», «сен мәдениетіңді ұмыт» деп қысым жасамайды. Осының өзі елде қауіпсіздіктің басым екенін көрсетеді. Сондықтан бұл арада «Қазақстан ұлттық қауіпсіздігін толық жетілдірген мемлекет» деп атауға негіз бар» дейді заңгер Ғалымжан Медешұлы.

Негізінде, қазір мемлекеттік күш органдарын қолданудың дәстүрлі тәсілдері мен принциптерін басшылыққа алу өте маңызды.  ҚР Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі дайындаған ұсыныстар мен ұсынымдар еліміздің қауіпсіздігін одан әрі нығайтатынына сенімдіміз.

Ал жалпы, Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі функцияларын айтпай кетуге тағы болмайды. Аталмыш кеңестің негізгі міндеттері: ұлттық қауіпсіздікті және елдің халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; ел дамуының аса маңызды бағыттары бойынша мемлекеттің стратегиялық құжаттарының орындалу жай-күйін мониторингілеу және бағалау; мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын, маңызды сыртқы саяси және өзге де мемлекеттік маңызды бастамаларды кешенді талдау және бағалау, сондай-ақ елдегі ахуалды, әлемдік және өңірлік үрдістерді дамыту, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы қатерлерін болжау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шаралар айқындау; ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы қызметтің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы баяндамасын тыңдау елдің тыныштығын арттырып, қауіпсіздікті нығайту үшін қажет.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.