Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ – БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕЙДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ – БІРЛІГІМІЗДІ БЕКЕМДЕЙДІ

authorBy author16 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті.

Этнос өкілдерін қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құ¬рау¬шы қазақ халқының маңайына топтастыру, ұлтымыздың қонақжайлық, сыйластық сынды игі дәстүрін дәріптеуді көздеген игі іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі сынды қоғамдық құрылымдарының мүшелері, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері қатысты.

Өткен жылдары ет асудан, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуден және ұлтымыздың ұмыт бола бастаған тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түскен этнос өкілдері биыл қазақ тағамдарынан дастархан жайып, қалың көпшіліктің назарына ұсынды. Ортақ қазанда ет асып, әр үстел басындағы қонақтарға табақ тарту арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен дастархан мәдениетін меңгергенін жұртшылыққа көрсетті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін фестивалдің маңыздылығына тоқталған қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы аталған іс-шараның жалпыұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ жадында жаңғыртуға сеп болатынын айтты.

– Өткеніміз бен бүгінімізді салыстырған жанға бүгінгі іс-шараның мәнін ұғу аса қиын емес. Кеңестік дәуірде қазақ еліне жер аударылғандар алдыңғы буынның кең пейілі мен дархан дастарханының арқасында осы күнге аман-есен жетті.

Сыйластық, достық, қонақжайлық – бұл ұғымдар барша отандастарымыздың дүниетанымы мен өмір салтының негізінде жатыр. Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілік пен қоғамдық келісім сақталып отыр, деді Айгерім Жұмағұлова.

Дастархан басында бата берген қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев «Қазақ дастарханы» фестивалінің мақсаты – ас ішіп, ыдыс босату емес. Бүгінде баршамыздың Қазақстан деп аталатын мемлекетте тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанымызды жұртшылыққа жеткізу. Бір қазаннан ас ішіп, бір дастархан басында басқосып, өзара сыйластықпен, татулықпен тұрып жатқанымызды көрсетуді көздейтінін баса айтты.

Қалалық «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының» мамандары қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы жан-жақты мағлұмат берді.

Айта кетейік,  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында қолға алынған «Қазақ дастарханы» фестивалі алғаш рет 2015 жылы Шымкентте қаласында бастау алған болатын. Жыл сайын түрлі форматта өтетін фестиваль қалалық ассамблеяның ұйытқы болуымен биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.