Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАЛАНЫ АРАЛАП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТЕКСЕРДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАЛАНЫ АРАЛАП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТЕКСЕРДІ

authorBy author15 октября, 2024Updated:18 октября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласының әкімі қала аралау барысында бірқатар маңызды нысандарды тексеріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Әкімнің назарында жаңа гүлзарлардың құрылысы, көпқабатты үйлердің сапасы, коммуналдық инфрақұрылым және тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер болды.

Алдымен, шаһар басшысы «Нұрсат-2» шағынауданындағы демеушілер есебінен салынып жатқан жаңа гүлзардың құрылысын тексерді. Жаңа демалыс орны қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мердігер ұйымға көгалдандыруға ерекше мән беріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз және қауіпсіз жағдай жасау қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, әкім Абай ауданының «Асар-2» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, құрылысшыларға сапа стандарттарын сақтау және тексерілген материалдарды қолдану бойынша тапсырмалар берді. Ол қаладағы тұрғын үй құрылысының сапасын арттыруға ерекше назар аударып, тұрғындарға сапалы және қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Шаһар басшысы Тұран ауданындағы «Шымкент қаласының газотехникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, газбен қамтамасыз ету саласының мамандарымен кездесті. Әкім газ шаруашылығында жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап ететінін және бұл салада жоғары кәсібилік пен техникалық дағдылардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол алдағы жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, «Айқап» шағынауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарын тексерді. Мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Әрі қарай, әкім «Көл» аумағындағы абаттандыру жұмыстарымен танысып, жауапты тұлғаларға спорт және ойын алаңдарын салу бойынша нақты тапсырмалар берді. Жаңа алаңдар қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен ересектерге, спортпен шұғылданып, белсенді демалыс өткізуге мүмкіндік береді.

Қала әкімі Еңбекші ауданындағы «MDS DOORS» ЖШС-на барып, компанияның өнімдері және алдағы жоспарлары туралы ақпарат алды. Кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасына шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау аясында компания өнімдерін өткізуге жәрдемдесуді тапсырды.

Сонымен қатар, қалада Сырым батыр көшесімен қиылысатын Өтегенов көшесінде көлік қозғалысы ашылды. Бұл Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Шымкент Сити», «Асар», «Асар-2» және «Бозарық» шағынаудандарына бағытталған көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді. Жолдың осы бөлігін тексеру барысында мердігер ұйымға аумақты бекітілген мерзімде абаттандыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.