Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ДӘРІГЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ӘРҚАШАН ДА БӨЛЕК БОЛУЫ КЕРЕК
ЖАҢАЛЫҚТАР

ДӘРІГЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ӘРҚАШАН ДА БӨЛЕК БОЛУЫ КЕРЕК

authorBy author9 сентября, 2025Updated:29 сентября, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдері жаңа технологиялық дәуірге аяқ басып, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қоғам өмірінің барлық саласына белсенді енгізуде. Бұл жаһандық өзгерістерден Қазақстан да шет қалмай, цифрлық трансформацияны ұлттық дамудың негізгі басым бағыттарының біріне айналдырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласы мен жасанды интеллекттің маңызы ерекше аталып өтілді.

Президент өз сөзінде еліміздің жасанды интеллект дәуіріне нық қадам басқанын және бұл технологияны тиімді пайдалану елдің әлеуетін еселеп арттыратынын атап өтті. «Біздің стратегиялық бағдарымыздың басты бағыты – цифрландыру мен жасанды интеллект болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Медицина – қоғамның ең маңызды салаларының бірі. Сол себепті денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, оның инфрақұрылымын дамыту және қызмет сапасын арттыру бағытында мемлекет жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Қалалық және ауылдық елді мекендерде медициналық нысандар кезең-кезеңімен жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуда. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, ал жыл соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Сонымен қатар Астанада заманауи онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды.

Президент бұған дейін салынған көпбейінді ауруханаларды халық игілігіне жедел беру қажеттігін және жаңа нысандарды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салуды жалғастыру керектігін атап өтті. Бұл қадамдар өңірлік медицинаның дамуына, халыққа қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетуге кең жол ашады.

Фармацевтика саласы да назардан тыс қалған жоқ. Пандемия тәжірибесі елімізге дәрі-дәрмектің ішкі нарықтағы қолжетімділігін қамтамасыз ету мен отандық өндірісті дамытудың маңызын айқын көрсетті. Осы орайда мемлекет басшысы дәрі-дәрмек түрлері мен өндіріс көлемін арттыру міндетін қойды. Бұл бағытта біздің академия фармацевтика саласының кадрларын даярлауды жетілдіріп, ғылыми зерттеулерді күшейтіп, отандық өндірістің дамуына үлес қосып келеді.

Сонымен қатар бюджет ресурстары шектеулі жағдайда медициналық жүйенің тиімділігін арттыру үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры маңызды рөл атқарады. Қор жеткізуші мекемелерге бақылауды күшейтіп, шығындарды оңтайландырып отыр. Президент Үкіметке жасанды интеллект негізінде медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылайтын заманауи жүйе құруды тапсырды.

Ең бастысы – дәрігер мамандығының мәртебесін арттыру мен медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекет саясатының басым бағыты болып қала береді. Дәрігерге деген құрмет әрдайым жоғары болуы тиіс, себебі олардың еңбегі – адам өмірінің кепілі.

Қорытындылай келе, Президент Жолдауы денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі жаңғыртудың, жаңа технологиялар арқылы оның тиімділігін арттырудың нақты жолдарын айқындап берді. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің медицина саласын жаңа деңгейге көтеріп, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға жол ашады.

Жанна СЕЙТЖАНОВА,

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.