Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Таза Қазақстан» аясында баламалы энергия көздері талқыланды
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Таза Қазақстан» аясында баламалы энергия көздері талқыланды

authorBy author24 сентября, 2025Updated:26 сентября, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде экология мен тұрақты дамудың маңызды бағыттарының бірі – энергия тиімділігі мен баламалы қуат көздеріне көшу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған «Энергия тұтынуды азайту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу» тақырыбындағы бұл басқосу елдің ғылыми қауымдастығы мен өндіріс өкілдерінің, жас зерттеушілер мен студенттердің басын біріктірді.

Жиын барысында қазіргі таңда бүкіл әлем күн тәртібіне қойып отырған ең өзекті мәселенің бірі – энергияны үнемдеу және экологиялық таза қуат көздерін пайдалану жайы жан-жақты талқыланды. Жиынды ашқан университет ректорының міндетін уақытша атқарушы Ернар Иманғалиев жаһандық трендтерге сай келетін бастамалар мен университеттің осы бағыттағы жұмыстары туралы баяндады.

– Энергияны тиімді пайдалану – болашақ алдындағы басты міндетіміздің бірі. Қазақстанның даму стратегиясында баламалы энергия көздеріне көшу ерекше орын алады. Күн мен желден энергия өндіру, табиғи ресурстарды орынды пайдалану, тіпті атом электр станциясын салу – мұның барлығы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған қадамдар. Университет ғалымдары да бұл бағытта зерттеулер жүргізіп, жаңа шешімдер ұсынып келеді. Бүгінгі дөңгелек үстел студенттерге сарапшылармен тікелей пікір алмасуға және жаңа идеяларын ортаға салуға үлкен мүмкіндік береді, – деді ол.

Шарада өндіріс саласының мамандары мен ғалымдар да өз тәжірибелерімен бөлісті. «Азия Трафо» компаниясының өкілі Нұрсұлтан Шыңғысов өндірістегі энергия тиімділігін арттырудың экономикалық және экологиялық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, энергия үнемдеу тек шығынды азайтып қоймай, табиғи ресурстарды сақтауға да септігін тигізеді.

PhD докторы, доцент Гүлзухра Тұрымбетова Қазақстанның жаңартылатын энергия әлеуетіне назар аударды. Ол еліміздің географиялық ерекшеліктері күн мен желден қуат өндіруге мол мүмкіндік беретінін атап өтті. – Біздің елде күн сәулесінің жылдық ұзақтығы жоғары, ал жел қуатының әлеуеті өте мол. Бұл ресурстарды тиімді пайдалану арқылы біз экологияны жақсартып қана қоймай, ұлттық энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деді ғалым.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар баламалы энергияны дамытуға кедергі келтіретін факторларды да талқылады. Мамандардың айтуынша, бұл бағытта технологиялық инфрақұрылымды жетілдіру, ғылыми зерттеулерге инвестиция тарту және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру маңызды.

Шара соңында қатысушылар ортақ ұсыныстар әзірлеп, оларды жүзеге асыру үшін білім мен ғылым, өндіріс пен қоғам күшін біріктіру қажеттігін атап өтті. Осындай ғылыми-тәжірибелік басқосулар жастардың экологиялық ой-санасын қалыптастырып, оларды жасыл экономика құру жолында белсенді болуға итермелейді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл дөңгелек үстел – елдің тұрақты даму стратегиясын жүзеге асырудағы нақты әрі маңызды қадамдардың бірі. Ол Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы әлеуетін кеңінен ашуға, инновациялық шешімдер ұсынуға және экологиялық таза болашақ құру жолындағы жаңа бастамаларға жол ашады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.