Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум
  • ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КҮШТЕР БІРІКТІ
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

authorBy author29 января, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту мәселелері облыс әкімдігінде сараланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан-қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін тапсырды.
📌– Мемлекет басшысының тапсырмасын сәйкес Түркістан қаласының айналасынан «Жасыл белдеу» құру жоспарланған болатын. Бұл тапсырманың маңызы зор. Облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жандандыру керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер көп. Егілген ағаштардың сапасын қадағалау қажет. Аудан, қала әкімдері жұмыс істеп жатқан жоқ. Өңірге жерсінетін көшеттер егілуі тиіс. Елді мекендерді көгалдандыру бойынша нақты жұмыстарды атқаруды тапсырамын. Өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, тұқымбақтарды дамыту қажет. Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізуді қолға алыңыздар. Одан бөлек балық шаруашылығын дамытуға инвесторлар тарту жұмыстарын жаңғырту керек. Осы бағыт бойынша нақты жоспар мен ұсыныс беріңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Мәжілісте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында 5 жыл көлемінде аудан, қалаларда 15 млн астам ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыруға 1,1 млн көшет егу жоспарланған. Аталған іс-шара аясында өңіріміздегі 852 елді мекеннің шамамен 90% көгалдандыру үшін, аймақтық жоспарды көлемді орындау мақсатында 4 миллионға жуық көшет егу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге, күз айындағы түгендеу жұмыстары бойынша отырғызылған көшеттердің орташа шығымдылығы 60-70 % құрайды. Өткен жылы жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға 1 миллионға жуық әртүрлі көшеттер босатылды. Биыл көшеттерді босатуда аудандардың климаттық ерекшелігі ескеріліп, жерсіндірілген жапырақты, қылқанды, жеміс ағаштары мен гүлді ағаш-бұта түрлерін отырғызуға басымдылық беріліп, жұмыстар атқарылатын болады.
✔️Өңірде жалпы көлемі 343,5 гектарды құрайтын 24 орман тұқымбағы бар. Оның ішінде тұрақты 14 орман тұқымбағы және уақытша 10 орман тұқымбағында 34 млн көшет өсірілуде. 2027 жылға дейін питомниктердің сапасы мен санын ұлғайту арқылы 60 миллионға жеткізу көзделуде. Бүгінгі таңда тұқымбақтардың суғару жүйелерін толық іске қосу, минералды тыңайтқыштар қолдану, көшет түрлерін қосымша енгізу, жаңартылуда.
📌Одан бөлек, Түркістан облысы бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 231-ге жетті. Оның
160-ы облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.