Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
ЖАҢАЛЫҚТАР

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

authorBy author10 февраля, 2026Updated:12 февраля, 2026Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Аймақтық Инновациялық Университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер мен университеттің студенттік ассамблея мүшелерінің қатысуымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын насихаттау, этносаралық өзара түсіністікті нығайту және тәжірибе алмасу.
Кездесуге этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, студенттік жастар және университет басшылығы қатысты. Шара барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, бейбітшілік пен татулықты нығайтудағы жастардың рөлі кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Мейрамбек Оспанов этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы қызметі туралы баяндап, өзара сыйластық пен мәдени әралуандылықты сақтау – ел тұрақтылығының негізгі факторы екенін жеткізді.
Кездесу барысында профессор Мұрат Арман мен университет студенті Қарлығаш Джумабек жастардың қоғамдық келісімді нығайтуға қосар үлесі, патриоттық сана мен белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру мәселелері жөнінде ой бөлісті.
Іс-шара соңында тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Даурен Керимбаев қорытынды сөз сөйлеп, студенттерді қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға, достық пен бірлікті қадірлеуге шақырды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.