Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы өңірлерде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру жұмысын жалғастыруда.
Жастар келісім-шарт бойынша әскери қызметтің болашағы мен әскери оқу орындарына түсу туралы ақпараттарға ерекше қызығушылық танытуда..
— Келешегін Отан қорғау жолына арнағысы келетін жастар Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар шетелдік оқу орындарда да білім ала алады. Білім алу мемлекет есебінен жүргізіледі, – делінген баспасөз хабарламасында.
Әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бойынша бірқатар бастамалар аз емес. Атап айтқанда, әскери қызметшілерге мерзімді қызмет өткеру кезеңінде «кредиттік демалыстар», коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде сарбаздар отбасыларына жеңілдіктер беру ұсынылады. Министр орынбасарының айтуынша, білім беру бойынша де жеңілдіктер жасалады. Мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың экономиканың нақты секторында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын меңгеріп шыға алады.
Мысалы: «тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асыру шеңберінде Қорғаныс министрлігі бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие 16 мамандық: тракторшы, дәнекерлеуші, краншы, электрик және басқалары бойынша мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді даярлауды жүргізіледі. Әскердегі қызмет өткеру уақытында жастар ӘК оқу орталықтары мен әскери бөлімдер базасында қажетті білім, білік және мамандық дағдыларын тегін алады».
Сонымен қатар жақында Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл өзгерістер әскери қызметшілер мен Арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әлеуметтік топтамасын жақсартуға, әскери қызмет өткеру мәселелерін регламенттеуге бағытталған. Қазіргі уақытта «Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде.
«Қарулы күштерде адамдар негізгі қызметті атқарады. Демек офицер немесе сарбаз болсын, олардың әрқайсысы кәсіби тұрғыда оқытылуы, қамтылуы, моральдық-жауынгерлік рухы жоғары деңгейде болуы керек. Кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында әскери білім беру жүйесін дамыту және кадр саясатын жетілдіру шаралары қабылдануда».
Сапалы әскери кадрларды жасақтау үшін маңызды жоспарлар «Қарулы күштердегі кадр саясатының 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында жүзеге аспақ.
«Осы мақсатта «Жас Ұлан» мектептері, әскери колледждер, үш әскери жоғары оқу орны және Ұлттық қорғаныс университеті әскери кадрлар даярлауда үш деңгейлі жүйемен қызмет етеді. Одан өзге, әскери қызметшілердің курстық дайындықтан өтуі де қамтылған. Неғұрлым тапшы мамандықтар, сондай-ақ қажетті мамандықтар бойынша дайындық шетелдің жетекші әскери оқу орындарында ұйымдастырылған».

