Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум
  • ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КҮШТЕР БІРІКТІ
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ¬КА¬СЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ДЕП ТАНЫҒАН ЗАҢ
Қоғам

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ¬КА¬СЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ДЕП ТАНЫҒАН ЗАҢ

authorBy author1 ноября, 2024Updated:19 ноября, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өз­гер­ту туралы» Қазақ КСР-інің Заңы қа­был­данды. Заң мем­лекеттің мәнін таптық ұстаным тұрғы­сы­нан емес, өркениеттік тұрғыдан бағала­ды. Қазақстан халқы жұмысшы табына, шаруаларға және зиялы қауымға бөлін­беді, ал «Қазақ Кеңестік Социалистік Рес­публикасы социалистік жалпы­халық­тық мемлекет ретінде» (Қазақ КСР Консти­туциясының 1-бабы) солардың еркі мен мүдделерін білдірді. Жаңа заң таптар мен әлеуметтік жіктерді атап көрсетпей, бүкіл халықтың атынан қабылданды. Жаңа заңда халықтың «өзін-өзі билеу, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымайтындығына, қоғамның саяси және идеологиялық алуан түрлілігіне негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшіл, құқықтық мемлекет құруға» ұмты­лы­сын басшылыққа алатындығы ерекше атап көрсетілді. Заңнан келтірілген үз­ін­діде «социалистік» мемлекет тетігін жою қажеттігі туралы идеялар ғана емес, со­нымен бірге мемлекеттің ұйымдас­ты­ры­луы, қызметі және оның міндеттері принципін түбірімен өзгерту идеялары да ба­ян­далған. Мұнда бұрынғы Қазақ КСР-і демократиялық және құқықтық емес әрі тәуелді мемлекет екендігі жанама түрде мойындалады. Заң Қазақ КСР-ін Қазақ­стан Республикасы деп қайта атады. Ол тиісті өзгерістер енгізу, атап айтқанда, «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға» өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетті. 1991 жылғы 10 жел­тоқсандағы заң қабылданған сәттен бастап, құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» деп аталды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қа­был­даған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс­ти­ту­ция­лық заң тарихи құжат болды. Заң КСРО-ның құлауына байланысты қабыл­данды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Заң­ның кіріспесінде Қазақстан мемлекеті басшы­лық­қа алуға тиіс Қазақстан мем­лекетінің құқықтық принциптері баян­дал­ды. Оларға Жалпыға бірдей адам құқық­тары дек­ла­рациясында, халықаралық құ­қықтың жал­пы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адам­ның құқықтары мен бостандықтарының, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығының басымдығын мойындау, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, бейбітшіл сыртқы саясатты жүзеге асыру, ядролық қаруды таратпау принципі мен қару­сыз­дану принципіне адалдығын мойындау жатады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституция­лық заң бойынша Қазақстан Республи­ка­сы тәуелсіз, демократиялық және құқық­тық мемлекет деп танылды. Тәуелсіз мем­лекет ретінде Қазақстан Конститу­ция­лық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы сая­сатты дербес белгілеп, жүр­гі­зеді. Демокра­тиялық және құқықтық мем­лекетті құру стратегиялық мақсат бо­лып табылады. Кон­ституциялық заңда мем­лекеттік тәуел­сіздіктің маңызды прин­ципі орнықтырыл­ды. Қазақстан Республикасының бүкіл ау­мағында оның Конституциясы мен заңда­ры қолданылады. Конституциялық заңның мұндай ережесі Кеңес Одағының құла­уы­мен және оның Конституциясы мен заңда­ры­ның Қазақстан аумағында қолданылуын тоқтатуымен түсіндірілді. Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық құқық нормалары консти­ту­циялық заң бойынша қалыптасатын ұлт­тық құқықтық жүйенің бастау көзі болып табылады. Қазақстанның әлемдік қоғам­дас­тыққа кіруі үшін бұл ереженің зор ма­ңызы бар. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің басқа бір маңызды принципін де орнықтырды. Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағы қазіргі шека­ра­ларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Мем­лекеттің басқа мемлекеттермен өзара қа­ты­насының негізгі принциптері оның тәу­елсіздігінің елеулі белгісі болып табылады. Конституциялық заңда Қазақстан Рес­публикасы өзінің барлық басқа мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құ­қық принциптері бойынша құрады деп жазылды. Өзінің мемлекеттік тәуел­сіз­ді­гін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қа­зақстан Республикасының ашық екені жа­рияланды. Мемлекеттік егемендіктің атал­мыш принциптері тәуелсіз Қазақстан қыз­­метінің негізіне алынды және алғаш­қы күннен бастап жүзеге асырыла бастады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституци­я­лық заңның бірқатар ережелері Қазақстан Республикасының халқы мен азаматта­ры­ның мәртебесіне арналды. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген барлық ұлттар азаматтарының жиынтығы болып табылатын Қазақстан халқының ан­ықтамасы келтірілді. Атап айтқанда, бұл заңда «Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақ­станның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы еге­мен­діктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конститу­ция­сы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыратындығы» жазылды. Заң Қазақстан халқын таптарға бөл­мейді, қайта оны әлеуметтік тұрғыдан бі­р­ыңғай, тұтас құбылыс ретінде қарайды. Конституциялық заң мемлекеттік егемен­дік­тің маңызды элементін – өз азаматты­ғы­ның болуын баянды етті. Республика­ның барлық азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік жә­не мүліктік жағдайына, шұғылданатын қыз­метіне, тұрғылықты орнына қарамас­тан бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеткерлікте болатыны мойындалды. Азаматтық тең құқылыққа қол сұғушы­лық­тың заң бойынша жазаланатыны ерек­ше атап көрсетілді. Қазақстанның аумағын патшалық самодержавие кезеңінде де, кеңестік уа­қытта да көптеген қазақтар тастап кетуге мәжбүр болды, олар қазір басқа мемлекеттерде тұрып жатыр. Конституциялық заң олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығын мойындады. Конституциялық заң Қазақстан Респуб­ли­ка­сының аумағында тұратын шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адам­дарға қатысты да көзқарасын білдірді. Олар Конституцияда белгіленген құқық­тар мен бостандықтарды пайдаланады, міндеткерлікте болады, заңдар мен мем­лекетаралық шарттарды (мемлекет өзі алып тастағаннан басқасын) қолдана ала­ды. Конституциялық заң қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар өк­ілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін жә­не тілін қайта өркендетіп, дамыту, ұлттық қадір-қасиетін нығайту мемлекеттің міндеті болып табылатынын мойындады. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конс­титуциялық заңда мемлекеттік билік органдары туралы бірқатар жаңа құқық­тық нормалар баяндалды. Декларация­ның мемлекеттік егемендік, мемлекеттік билік туралы ережелерін жаңғырта оты­рып, Конституциялық заң, Декларацияда көрсе­тілгеніндей, тек Жоғарғы Кеңестің ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президентінің де халық аты­нан сөй­леу құқығын баянды етті. Қа­зақ­стан Рес­публикасының Конституциялық соты – Конституцияны сот арқылы қор­ғай­тын жо­ғары орган болып танылуы өз алдына жаңа ереже болды. Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Конституциялық соты 1992 жылы құрылып, 1995 жылға дейін жұмыс істеді. Конституциялық заңға сәйкес жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует Қазақстан Республикасының айрықша меншігіне берілді. Аталған объектілердің бәрі Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік тәу­ел­сіздігінің негізін құрайды. Кеңес Ода­ғының өмір сүруі кезеңінде аталмыш та­биғи ресурстардың бәрі одақтық орган­дар­дың қарамағында болды, бұл органдар оларды өз қалауынша иеленді. Консти­ту­циялық заңда Қазақстанның экономика­лық жүйесі меншіктің алуан түрлеріне және оның барлық нысандарының тең­ді­гіне негізделетіні көрсетілді. Мұның мә­нісі мемлекеттік меншікпен қатар жеке мен­шік те мойындалды деген сөз. Тәуел­сіз мемлекет ретінде Қазақстан Респуб­ликасының өзінің қаржы-несие, ақша, са­лық және кеден жүйесін құруға, сондай-ақ өзінің алтын, алмаз және валюта қо­рын құруға құқығы бекітілді. Сөйтіп, Конс­титуциялық заң жаңа тәуелсіз мемлекет құрудың негізін қалады, оның бас­ты нышандарын айқындады. Конституциялық заңда мемлекеттік тәу­елсіздікті қорғауды ұйымдастыру мә­се­лелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қа­зақ­стан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен ау­мақтық тұтастығын қорғау мақсатында дер­бес қарулы күштерін құрады және өз ау­мағында әскерлерді, қару-жарақ пен тех­никаны орналастыру мәселелерін шешеді. Қазақстанда социалистік мемлекет аппа­ратын ығыстыру бірнеше жылдар бойына өтті және негізінен 1993 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Жо­ғарғы Кеңесінің өзін-өзі таратуымен және халық депутаттары кеңесі жүйесінің жо­йылуымен аяқталды. Жоғарғы Кеңес пен халық депутаттарының жергілікті кеңес­тері мемлекеттік өкіметтің жоғарыдан төменге дейінгі барлық органдарын (азаматтар сайлаған аудандық соттардың судь­яларынан басқа) жасақтағандықтан, Қазақстанда кеңестер жүйесін жою мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің бұрынғы кеңестік қағидатынан бас тарту дегенді білдірді, мұның өзі оларды түбірімен қайта құруға жеткізді. Ескі аппаратты ығыстыру ерекше әлеуметтік-саяси шиеленіссіз, жаңа конс­титуциялық құжаттар негізінде және со­ларға сәйкес жүргізілді. Жоғарыда атал­ған тарихи үш құжат негізінде Қа­зақ­стан Рес­публикасының тәуелсіздігі қа­лып­тасты­рыл­ды және осы құжаттар тәу­ел­сіздікті нығайтуға да алғышарттар жасады. Қазір дүние жүзінде 190-нан астам тәу­елсіз ел бар. Әрқилы жағдайда тәуел­ді­лікке түскен олардың тәуелсіздік алу­лары да тарихи және саяси жағдайларға қарай әртүрлі жолмен шешілді. Олардың кейбірі бірнеше жылдарға созылған қиян-кескі ұлт-азаттық күресі нәтижесінде тәуел­сіз­дікке қол жеткізсе, кейбірі тарихи қалып­тасқан себептерге байланысты өз тәуел­сіз­діктерін алды. XX ғасыр әлем тарихында тәуелсіздік шеруі науқанымен де әйгілі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде отар­лы ірі елдер мен тәуелді елдерде бо­лып өткен терең экономикалық және саяси өзгерістер бодан халықтардың күре­сі­не қолайлы жағдай жасады. Соның нәти­же­сінде екінші дүниежүзілік соғыстан кей­ін-ақ Азияның және Африканың он­даған мемлекеті өз тәуелсіздіктерін жеңіп алды. Тек 1960 жылы ғана Африканың 17 мемлекеті тәуелсіздікке қол жеткізді. 90-жылдардың басында социалистік жүйе мен КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде 20-ға жуық ел (Югославияның құрамындағы республикаларды қоса есептегенде) тәу­ел­сіз­діктерін жариялады. Кейбір елдер үшін тәуелсіздік алу қан­төгіспен келіп, оны орнықтыру оңайырақ соқса, Қазақстан және басқа да КСРО құ­ра­мындағы республикаларға тәуелсіз­дік алу оңай болғанымен, оны орнық­ты­ру, ұстап тұру, тұғырын бекемдеу, әлемдік қоғам­дас­тықтан орнықты орын алу оңайға соқпады

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.