Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ МАҢЫЗЫН АРТТЫРҒАН ҚҰЖАТТАР
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ МАҢЫЗЫН АРТТЫРҒАН ҚҰЖАТТАР

authorBy author31 октября, 2024Updated:19 ноября, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақ мемлекеттілігі бүгінгі Тәуел­сіз­дікке кейбіреулер ойлағандай КСРО-ның күйреуінің нәтижесінде ғана жеткен жоқ. Оның тамыры тереңде жатыр. Өйткені, тәуелсіздік үшін күрес кеше ғана бас­та­лып, бүгін аяқталған жоқ. Бүгінгі Қазақ­стан аумағын ежелгі замандардан бері мекендеген тайпалар мен ұлыстардың кезінен бастап-ақ ұлан дала үшін, оның кеңістігі мен әрбір сүйем жері үшін қан төгіп, жан алысқан күрестер болды. Біз­дің бүгінге дейінгі тарихымыз Еуразия төрінен ойып тұрып орын алған жеріміз үшін, еліміз үшін, келешек ұрпақ үшін ұлт-азаттық күрестерге толы болатын. Қазақ халқы қазіргі аумағына басқа жақтан ауып немесе басқыншылық жолмен келген жоқ. Олар ғасырлар бойы осы жерді мекендеген тайпалар мен халық­тардан қалыптасты және олардың қалып­тасу тарихы мейлінше терең және күрде­лі. Біздің халқымыз тарихтың сан қилы соқпақтарының қиын да жанкешті және жеңісті де жемісті жолын кешті. Бұл жол негізінен бүгінгі тәуелсіздігімізді және бүкіл әлем мойындаған мемлекетімізді құру жолындағы күреспен өтті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана Қазақ Кеңестік Социалистік Республика­сы дербес, егеменді мемлекетке айналды. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жа­рияланған сәттен бастап мемлекеттіліктің негізгі нышандарының қалыптасу бары­сы жүрді. XX ғасырдың 90-жылдарының басында Еуразия құрлығының ұлан-бай­тақ аумағында социалистік деп аталған бір мемлекеттік-құқықтық жүйе сапалы әрі мазмұнды өзге бір мемлекеттік-құ­қық­тық жүйемен ауысты. Бұл Кеңес Ода­ғы ыдыраған соң және бұрынғы одақтас республикалардың негізінде дербес егеменді мемлекеттер құрылғаннан кейін жүзеге асты.

Бірнеше жылдың ішінде тарихта өте сирек кездесетін екі оқиға орын алды. Біріншісі – құдіретті, астам держава деп есептеліп келген одақтас мемлекет бір сәтте құлады. Екіншісі – бір федеративтік мемлекеттің орнында 15 дербес мем­лекет құрылды. Соған сәйкес ескіні ысы­рып, оның орнына жаңа тұрпатты мем­лекет пен жаңа құқықтық жүйені жа­сақ­таудың объективті қажеттігі пайда болды. Бұрынғы социалистік жүйедегі рес­пуб­ликаны жаңа тәуелсіз мемлекетке ал­мас­тыру 1990 жылдың 25 қазанынан басталып, 1991 жылдың 16 желтоқсанында аяқталды. Қазақ мемлекеттілігінің тәуел­сіздігі КСРО-дай алып империяның күй­ре­уі­нің салдарынан қалыптасқанымен, оның саяси-құқықтық негізін басты үш құжат, атап айтқанда: 1990 жылғы 25 қа­зандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Рес­публикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация», 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақ­стан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің заңы және Қазақстан Рес­публикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қа­зақ­­стан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң құрады. Аталған құжаттар ішінде «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» тәуелсіздік жолындағы бірінші конс­титуциялық акт болып табылады. Қазақ КСР-інің 1991 жылғы 10 жел­тоқсандағы заңымен Қазақстан Респуб­ли­касы болып қайта аталуына байланысты аталған құжат «Қазақстан Республика­сы­ның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» деген жаңа атауға ие болды. Қазіргі кезде Декларацияны бағалауда екі ұста­ным орын алып отыр. Біреулер: ол Қа­зақстанның мемлекеттік құрылысына қан­дай да болсын елеулі өзгерістер енгізген жоқ, сондықтан тәуелсіз және социалистік емес мемлекет идеялары баяндал­ған акт болып есептеле алмайды деп пай­ым­дай­ды. Екінші біреулері Декларация тәу­ел­сіз­дікті және мемлекет дамуының со­циа­листік емес жолының бастауын қа­ла­ды. Құжатта социалистік федеративтік мем­ле­кеттің принципін, ұйымдастырылу тәртібі мен қызметін теріске шығарған ережелер баяндалған және ол бұрын орын алмаған тың жаңалықтарды ұсынды деп есептейді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігінің орны­ғуы­ның және қалыптасуының негізін жо­ғарыда аталған үш тарихи құжаттың құ­рағандығын көруге болады. Сондықтан да еліміздің тәуелсіздік тарихын жазуда және оқытуда осы аталған тарихи құжа­т­тарға айрықша маңыз беру керек.

Декларация Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігін ресми түрде жария­ла­ды. Қа­зақ КСР-і 1978 жылғы республика Конс­­­титуциясы бойынша заң жүзінде егемен­ді мемлекет болды, алайда Қазақ КСР-інің егемендік құқықтары Кеңес Ода­ғының еге­мендігімен шектелді. Сол кездегі Конс­титуцияның 73-бабында «КСРО заңдарын Қазақ КСР-інің аумағында орындау міндетті» деп атап көрсетілген. Ал Декларация бойынша «Қазақ КСР-і өз аумағында республиканың егеменді құқықтары мен Конституциясын бұзатын Одақтың заңда­ры мен оның жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын тоқтата тұру­ға құқылы. Қазақ КСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады. Қазіргі шекарасында Қазақ КСР-інің аумағы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды, оның келісімінсіз пайдалануға болмайды» делінген болатын. Мұның өзі Қазақ КСР-інің аумағында, оның өз еркімен Одаққа берген мәселе­ле­рін қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылды дегенді білдірген еді. Басқаша айтқанда, Декларация Қазақстанның дербес конститу­ция­лық заңнамасына негіз қалады. Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкімет ор­гандары Декларация қабылданғанға дейін КСРО мемлекеттік өкімет органдарының құрамдас бөлігі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінен бастап селолық, ауылдық ке­ңес­терге дейінгі кеңестердің барлық бу­ын­дары мемлекеттік өкіметтің бірыңғай жүйесін құрады. Кеңестер жүйесіне кірмейтін мемлекеттік органдардың дербес ұйымы туралы айтылмады. Декларацияда «Қазақ КСР-і республикадағы саяси, эко­номикалық, әлеуметтік және ұлттық-мә­дени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақ­тық құрылымына байланысты барлық мә­селелерді дербес шешеді, мемлекеттік өкі­мет пен басқару органдарының құры­лымы мен құзыретін айқындайды» деп жазылды.

Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік өкіметтің бірлігі принципі орнықтырылған бола­тын. Бүкіл мемлекеттік билік Қазақ КСР-інің саяси негізін құрайтын халық депу­тат­тары кеңестері арқылы жүзеге асы­рыл­ды. Барлық басқа мемлекеттік органдар кеңестердің бақылауында және оған есеп беріп тұрды. Көріп отырғаны­мыз­дай, мемлекеттік өкімет билігін бөлу ту­ралы әңгіме де болған жоқ. Ал Декларацияда болса: «республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бой­ын­ша жүзеге асырылады» деп жазылды. Егемендік туралы декларацияға дейін Қазақ КСР-інің меншікті ішкі әскері бол­мады. Республиканың мемлекеттік қауіп­сіз­дік және ішкі істер органдары Одақтың тиісті органдарының бөлігі болды және республиканың жоғары мемлекеттік ор­ган­дарына бағынбады. Ал мұның өзі рес­публиканың егемендігі жоқ екенінің елеулі көрсеткіштерінің бірі еді. Ал Егемендік туралы декларацияда Қазақ КСР-і Жо­ғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР-і Президентіне бағынатын және солардың бақы­лау­ында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер орган­дарын ұстауға Қазақ КСР-і толық құ­қықты деп ерекше атап көрсетілді. Декларацияның келтірілген ережелері оның Қазақстанда социалистік мемлекеттік машинаны ығыстыруға, демократия­лық құқықтық мемлекет құруға және одақтық мемлекеттегі өзінің мәртебесін тү­бегейлі өзгертуге негіз қалағаны тура­лы қорытынды жасау үшін жеткілікті негіздеме береді. Осылайша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» қабылдануы дербес, егемен Қазақстан мемлекетін құ­рудың негізін қалады. Ол Қазақстан Рес­публикасының дербес конституциялық заң­дарының алғашқы конституциялық құ­жаты ретінде тарихқа енді. 1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өз­гер­ту туралы» Қазақ КСР-інің Заңы қа­был­данды. Бұл заңды Қазақ КСР Жо­ғар­ғы Кеңесі республиканың көп ұлтты хал­қы­ның өзін-өзі билеу қағидаттарына, адам құқығы мен бостандықтарының мыз­ғымастығына, қоғамның саяси, эконо­микалық және идеологиялық жағынан сан-алуандығына негізделген демокра­тия­лық, тәуелсіз, бейбітшіліксүйгіш, құ­қық­тық мемлекет құруға ұмтылысын бас­шылыққа ала отырып қабылдады. Осы заң негізінде Қазақ КСР Конституциясы мен Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға, Қазақ КСР-інің басқа да заңдарына тиісті өзгерістер енгізілді. Аталған заң конституциялық деп аталмағанымен, іс жүзінде осы мазмұнға сай еді. Өйткені, 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясында «конституциялық заң» деген ұғым мүлде жоқ болатын. Бұл заң социалистік мемлекетті тарату үшін құ­қық­тық негізді қорытындылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.