Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АЙБЫНЫ АСҚАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР

АЙБЫНЫ АСҚАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕР

authorBy author27 октября, 2024Updated:13 ноября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасы Қа­рулы Күштерінің құрылуын егемен­дігімізді еншілеген сәттен бері қол жеткізілген ең басты табыс­тарымыздың бірі ретінде қарас­тырамыз.

Жалпы, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде өзінің дербес әскерін құру ісін 1992 жылдың 7 мамырында Президенттің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлықтары шыққаннан кейін бастап кетті. Осы күні еліміздің аумағындағы КСРО әскери күштерінің есебіндегі мекемелер, бөлімдер, құрамалар, ұйымдар, полигондар, сақтау базалары, қоймалар, жылжитын және жылжымайтын әскери мүліктер Қазақстан құзыретіне берілді.

Содан бергі аралықта ел әскерін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Бұл орайда, дәлірегі Қазақстан әскерін заманауи тұрғыда дамыту мәселесінде жаңа талаптар мен қазіргі таңдағы қауіп-қатерлер барынша ескерілді. Сондай-ақ әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті сақтау шараларына еліміздің белсене қатысуын қамтамасыз ету бағытына ден қойылды. Бұл жұмыстарды нәтижелі жүргізу, Қарулы Күштеріміздің заманауи сипатын анықтау, оның нормативтік-құқықтық негізін құру және басқа да аса маңызды міндеттерді іске асыру үшін 1993 жылы ақпанда еліміздің бірінші Әскери доктринасы қабылданды. Оған Қа­зақстан әскерін құру қағидаттары енгі­зілді. Бұл құжат әскерімізді за­ман­ауи тұрғыда дамытуға жол ашты.

Одан кейінгі уақытта, яғни 2000 жылғы ақпанда екінші Әскери доктрина бекітілді. Ол Қарулы Күштер­ді құ­ру және реформалаудың басым бағыт­тарын нақтылады. Ал 2007 жылы наурызда қабылданған Әскери док­тринада өңірлік қолбасшылық­тар әскерлерінің белгіленген аймақ­тар­да әскери қауіпсіздік міндеттерін ше­шу мәселелеріндегі дербестігін қам­та­масыз ету жайы айқындалды. Нақтылай айтқанда, ел әскерінің бүгінгі деңгейге жетуі Мемлекет бас­­шысының қорғаныс саласын ны­ғайтуға байланысты белгілеп берген басым­дықтары мен міндеттерінің орын­­далуы арқасында жүзеге асты.

Бүгінде Қарулы Күштеріміз үш түрлі құрылымнан тұрады. Олар: Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күш­тері. Бұлардың әлеуеті ұлғайтылды. Стратегиялық тұрғыда дағдарыстық жағдайлар орын алған кезде негізгі міндеттерді шешуге қатысу үшін жоғары деңгейлі әскери топтар, кез келген қауіп-қатерге қарсы жедел әрекет ететін Арнайы операция тобы, киберкеңістікте қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл мақсатында ақпараттық күрес компоненті құрылды. Сон­дай-ақ мемлекеттің аумақтық қор­ға­ныс саласын біріктіру үшін Қарулы Күш­тер құрамындағы аумақтық әскерлер­дің басқару органы пайда болды. Құры­лым­ның барлық сатылары қамтыла отырып, еліміздің әскери оқу орындары арқылы мамандар дайындау ісі жолға қойылды.

Осы арада сәл шегіне сөйлесек, 1991 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағында КСРО Қарулы Күштері әскерлерінің құ­рамында жалпы саны 200 мың­дай адам болған екен. Алғаш­қы кезде, әсіресе маман мәселе­сін шешу қиын болды. Өйткені өз әскері­міз­ді жасақтау бастал­ған кезеңде Қазақ­станда қызмет етіп жүрген көп­те­ген офицерлер әскери борыштарын ТМД-ның өзге мемлекеттерінде жал­ғас­­тыруға немесе запасқа шығуға шешім қабылдаған-ды.

Дәлірегі, кезін­де КСРО-ның ортақ армиясында қыз­мет еткен офицерлер өз елдеріне жол тартты. Соның себебінен екі жарым жыл көлемінде, яғни 1992 жылғы мамыр­дан 1995 жылғы қаңтарға дейін офи­цер­лердің кету деңгейі тізімдік құрам­ның 89 пайызын құрады. Осыдан келіп, Қазақ­стан Қарулы Күштерінде әс­кери маман­дардың тапшылығы туын­дады. Бұл түйткілді шешу кезек күт­тір­­мейтін шаруа еді.

Содан білікті, кәсіби мамандарды даярлауға мемлекеттік дең­гейде маңыз берілді. Не­гізінде заманауи әлеуетті армия жасақ­тау әскери техникаларды, қару-жарақты жетілдірумен қатар, кәсіби, жаңа әскери буынды тәр­биелеуге тікелей байланысты екені белгілі. Әскери бағыттағы оқу орындардың оқу-тәрбиелік үдерісіне озық технологиялар енгізілді, маман­дар­дың білім деңгейін көтеру үшін оқу-әдіс­темелік база кеңейтілді. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдарын­да әскеріміз іс жүзін­де жаңадан құрыл­ды, еліміздің генералдары мен офицер­лері­нің жаңа әрі тұтас буыны өсіп шықты.

Білікті, кәсіби әскери маман­дар даярлау ісіне аз-кем тоқтала кетер болсақ, ол «Білім беру тура­лы» заңда көзделген бес дең­гейді қамтиды. Олар: орта білім, техникалық және кәсіби білім – магис­тратура және докторантура, қосымша білім – әскери кафедра, қайта даярлау және біліктілікті көтеру.

Еліміздің әскери білімі­нің биік мәр­тебесін біздің әскери жоғары оқу орын­дарымызда Арме­ния, Қыр­ғыз­стан және Тәжік­стан сынды елдердің әскери қызметшілерінің білім алуы да айқындайды. Тәжіри­бе алмасу үшін біздің әскери қыз­метшілеріміз де шетелдердегі жоғары оқу орындарында шың­далуда. Бұл бағыттағы жұмыс­тар халықаралық әскери ынты­мақ­тастыққа, дәлірегі, басқа елдер әскер­л­ерімен өзара іс-қимылға және тә­жі­рибе алмасуға баса назар ауда­ры­луының арқасында жүзеге асырылуда. Осы орайда біздің әскери құрамалар ШЫҰ, ҰҚШҰ аясында өтетін оқу-жат­­тығуларға да үнемі белсене қатысып, өздерінің жоғары дең­гейлерін көрсетіп жүргенін мақ­танышпен айта аламыз.

Саланы кәсіби мамандар­мен қам­тамасыз етуде әскери-оқыту резервін даярлауға баса назар аударылып отыр. Бұл бағыттағы оқыту ісі азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы 29 әскери кафедрада жүргізілуде. Жыл сайын бұл әскери кафедралар 3 700-ден астам офицер даярлайды.

Жалпы, Қарулы Күштеріміз­дің сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін саланы заманауи стан­дарттарға, әлемдік тәжіри­бе­лерге сай дамыту бас­ты мін­деттердің бірі болып санала­ды. Сондықтан қазіргі таңда Қару­лы Күштеріміз әскери шақыру және келісімшарт бо­йынша, яғни ара­лас тәсілмен жасақталуда. Соның нәти­же­сін­де сержанттар мен сарбаздар құрамының 70 пайыздан астамын келісімшарт бойын­ша қызмет ететін әскери қызметші­лер құрап отыр. Қалған 30 пайы­зын әскери борышын өтеуге міндетті азаматтар құрай­ды. Әскерді жасақтаудың осы тәсілі өз тиімділігін көрсетуде. Бұл өз кезе­гінде Қарулы Күштер­дің жауын­герлік әзірлігі мен қабілетін арт­тыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір айта кетер жайт, тәуел­сіздік жылдарында әскері­мізді заманауи қару-жарақпен, озық үлгідегі әскери техника­мен қам­тамасыз ету жұмыстары қар­қынды жүргізілді. Қажетті жаңа қару-жарақтар мен техникалар сатып алынды. Бұған қоса, бұрыннан қолданыста болған құрал-жабдықтар мен әскери техникалар жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды. Тар­қата айтар болсақ, Құрлықтағы әскерлер үшін брондалған машиналар мен бронды транспортерлер, заманауи радиоэлектронды барлау техникалары, ракеталық-артиллерия қару-жарағы, ауыр оқ ату жүйелері, ұялы байланыс кешендері, радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден қор­ғайтын отан­дық машиналар, жанар-жағар­май тасымалдайтын техникалар, далалық гос­питальдар алынды.

Қорыта айтқанда, Қарулы Күш­тері­мізді одан әрі дамыту, заман сұранысына сай жетіл­діру, әскери дайындықты арттыру, сондай-ақ жаһандық қауіп­сіздікті нығайтуға атсалысу үшін мүмкіндіктерді ұлғайту күн тәр­тібінен түспек емес.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.