Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

authorBy author1 ноября, 2024Updated:11 ноября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ресми статистиканың деректері: бүгінде әлемде 200-ден астам мемлекетінде 5 мыңға жуық ұлт бар.  Саясаттанушылардың есептеулері бойынша, өткен екі жылдың ішінде әлемде 35-ке жуық жергілікті соғыстар мен ондаған қарулы қақтығыстар байқалды, олардың негізгі себептері ұлттық-діни келіспеушіліктер болды.

Қазақстандық модельдің негізін азаматтық бейбітшілікті, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты қоса алғанда, қазақстандық саясатта Конституциялық қағидатқа айналған қоғамдық келісім құрайды.

Қазақстанның ұлтаралық келісім және ұлттық бірлік саясаты мемлекеттік этносаясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты жұмыс нәтижесінде қалыптасқан берік конституциялық-құқықтық негізге ие. Оның құқықтық негізі тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап қаланып, егемен Қазақстанның алғашқы актілерінде конституциялық-құқықтық қамтамасыз ету жүйесіне ене бастады.

Нәсіліне және ұлтына қарамастан барлығының теңдігі; әлеуметтік, нәсілдік, этникалық, тілдік немесе діни тиесілілік белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салу; Қазақстан аумағында тұратын этностардың құқықтарына кепілдік беру; Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттері мен тілдерін дамытуға жәрдемдесу сияқты этносаясат қағидаттары – Егемен және тәуелсіз Қазақстанның іргетасы болып табылады.

Этносаралық қатынастардың қазақстандық моделі Қазақстандық қоғамның бірқатар ерекшеліктерін ескереді, олардың ішінде: Қоғам қазақ жерінде өмір сүреді және дамиды; Мемлекетке өз атын берген мемлекет құрушы ұлт – Қазақтар; Біртұтас мемлекет, Қазақтардың шоғырландырушы миссиясы; Полиэтникалық мемлекет, онда 130-дан астам этнос тұрады.

Қазақстандық қоғамның тағы бір, бірақ аса маңызды ерекшелігі – Қазақстан-ядролық қарудан бас тартқан бітімгер ел, әлемдік қоғамдастыққа бірқатар интеграциялық құрылымдарды ұсынғаны болып табылады.

Этносаралық толеранттылықтың қазақстандық моделі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайлары үшін арнайы әзірленгендіктен, оған мынадай өзіндік ерекшеліктер тән.

Бірінші. Қазақстандық модель бастапқыда этностардың қоғамдық ұйымдары, этномәдени бірлестіктер мен мемлекет тұлғасындағы азаматтық қоғам институттарының сындарлы шығармашылық өзара іс-қимылы негізінде «төменнен» құрылды.

Екінші. Барлық этникалық топтар өте жоғары азаматтық-құқықтық және қоғамдық мәртебеге ие. Олардың өкілдері ұлттық азшылықтар ретінде емес, Қазақстанның біртұтас халқының толық құқықтары бар азаматтары ретінде қарастырылады.

Үшінші. Қазақстандық этностардың мүдделерін өкілдік ету және саяси іске асыру жоғары мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады.

Төртінші. Қазақстандық модельде шоғырландырушы қағидат – «Әртүрлілік арқылы бірлік» қалыптасты. Мәдени әртүрліліктің сақталуы мен көбеюіне мемлекеттің этникалық тілдер мен мәдениеттерді қолдау жөніндегі мақсатты саясаты ықпал етеді.

Бесінші. Қазақстандағы этносаралық қатынастар түбегейлі саясатсыздандырылды. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мақсаттары мен әрекеттері әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған саяси партиялар құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

Мемлекеттің этносаясатын нығайтудағы кезекті қадам Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы болды, онда қазақстандық қоғамды одан әрі шоғырландырудың кезекті негізгі мақсаттары айқындалды және Полиэтностық қоғам – ұлттық бірліктің интеграциясының жаңа дәрежесіне қол жеткізу міндеті қойылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.