Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет10 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту бойын­ша ауқымы зор және аса жауапты міндеттер қойды.

Бұл тапсырмаларды жүзеге асыруда отандық ғылымға да ерекше маңызды міндет жүк­телді. Ғылымның күш-қуа­ты ғы­лыми зерттеулердің тиім­ділігін арттыруға, зерттеу қыз­метіне бөлінген қаражатты ұтым­ды пай­далануға, олардың нәти­же­лерін өндіріске енгізуден тиісті табыс алуға бағытталуға тиіс. Бұл ретте жаңадан қайта құ­рыл­ған, еліміздің жоғары ғылыми ұйы­мы Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің жанындағы Ұлт­тық ғылым академиясы жетекші рөл атқарады.

Ғылыми зерттеулер деңгейін арттыру, отандық ғылымды бас­қару моделін жетілдіру және оны таланттарды тарту орта­лығына, инновациялық идея­лардың қайнар көзіне, экономиканы әртараптандыру мен қоғамды дамытудың жаңа бағы­тына айналдыру үшін, ең алдымен, «тұғырын» қайта құру – ба­сымдықтар жүйесін дұрыс ұйымдастыру қажет.

Өкінішке қарай, мұндай нақты жүйенің болмауы соңғы жылдары ғылымды айтарлықтай қаржыландыру 3 есе өссе де, оны зерттеу бағыттары арасын­да маңыздылығын ескермей бө­луге әкеліп соқтырды. Нәти­же­сінде, еліміздің объективті артықшылықтары мен өзіндік ғылыми мектептері бар және мемлекеттің әл-ауқаты тәуелді – мұнай, тау-кен металлургия, агро­өнеркәсіптік кешендер, тұщы сумен қамтамасыз ету және адами капиталды дамыту бағыттарындағы ғылыми зерттеулер енетін стратегиялық ба­сымдықтар жеткілікті қар­жы­лық қолдау ала алмайды. Мем­ле­кетке елеулі пайда әкелу ық­ти­малдығы аз, оларды пайдала­ну тиімділігі шектеулі, көптеген ша­шыраңқы әрі маңызы төмен міндеттер арасында қаржылық ресурстар шашырайды. Салыс­тыру үшін, көптеген озық елдерде ғылыми тақырыптарды қар­жыландыру – олардың ба­сым­дылық дәрежесіне, қазіргі заманның ағымдағы және бола­шақ сын-тегеуріндерін ескере отырып, экономиканың даму стратегиясына сәйкестігіне қарай сараланған түрде жүзеге асырылатынын айтуға болады.

Академия экономиканың нақты секторының қажеттілігіне сәйкес келетін зерттеу қызметінің басым бағыттарының нақты иерархиясын құру арқылы ғы­лым­ды қаржыландыруды бөлу­дің қолданыстағы жүйесін қайта жүктеуді бірінші кезектегі бас­ты міндеті деп санайды. Бұл ғы­лымға бағытталған қаражаттың тиім­ділігін арттыруға және одан елі­мізде күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге апаратын жалғыз жол.

Екінші жағынан, ғылымның қайтарымы көбінесе оның нәти­желерін өндіріске енгізу дең­гейіне байланысты. Бұл отан­дық ғылымның осы күнге дейін өз шешімін таппаған тағы бір маңыз­ды олқылығы еке­нін мойын­дауымыз керек. Мұның себебі зерттелетін тақырыптардың өзектілігі мен зерттеу қызметі­нің аймақтық басымдықтарын анық­­тау тетіктерінің болмауын­да, сәйкесінше, нақты сектор тарапынан олардың нәтижеле­ріне сұраныстың жоқтығында жатыр.

Елімізде зерттеушілердің тек 35%-ы өңірлерде жұмыс істейді, ал негізгі ғылыми күштер Алматы мен Астанада шоғырланған. Дәл осы жерде ғылыми зерттеу, тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды, ғылыми-зерттеу және техникалық конструкция жұмыстарын қаржыландырудың ең көп көлемі – барлық ішкі шығындардың 66%-ы, бағдарла­малық-нысаналы және базалық қаржыландырудың 79%-ы, грант­тық қаржыландырудың 75%-ы болып келеді. Мұндай теңгерімсіздік негізінен аймақтарда орналасқан ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықтың күшеюіне әкелді.

Осы мәселені шешу үшін ака­демия өз қызметінде үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Мемлекет басшысының, облыс әкімдерінің ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңестерінің тапсырмасына сәйкес жергілікті жерлерде құрылатын жұмыстардың тиімді жұмыс істеуіне сүйене отырып, ғылым мен инновацияларды жергілікті деңгейде дамытуға өзінің назарын аударатын болады.

Әдістемелік басшылықпен қатар Ұлттық ғылым академиясы оларға талдау жұмыстарын жүргізу, өңірлік проблемалар­ды шешу үшін ғылыми зерт­теулердің басымдықтарын ай­қын­дау, өңірдің инновациялық әлеуе­тін бағалау, өңірлік ғылы­ми бағ­дарламаларды орындау үшін орталық ғылыми ұйымдардың ғалымдарын тарту, сондай-ақ білімді тарату жүйесін дамыту арқылы зерттеу қызметінің нәтижелерін өндіріске енгізу жө­ніндегі шаралар кешенін ұйым­дастыру бөлігінде және ғы­лыми жетістіктерді коммерция­лан­­дыруда практикалық көмек көрсететін болады.

Ұлттық ғылым академия­сының күш-жігері ірі пәнара­лық ғылыми-техникалық бағдар­ламаларды әзірлеу және іске асыру есебінен жаһандық сын-қатерлердің әсерінен туындайтын бар және болашақтағы проб­лемаларды жүйелі түрде шешу­ге бағытталады. Ең алдымен, бұл су ресурстарын басқару, кли­маттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы, т.б. мәселелерді шешуге қатысты. Олардың кейбіреулері бойынша жұмыс басталды.

Тек осындай нақты жүйелі шаралар ғана отандық ғылымға Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ғылыми қоғамдастықтың алдына қойған міндеттерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.