Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРДЫ КӨТЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРДЫ КӨТЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жалпы, әр жылғы Жолдаудың бір-бірінен айыр­ма­шы­лығы және үнемі байланысы болады. Олай дейтін себебіміз, мысал келтірер болсақ, 2022 жылғы Жолдауда негізінен сая­си бағыт басым еді. Ал былтыр Президент көбіне экономикалық мәселелерге кеңірек тоқталды. Биылғы Жолдауда негізінен барлық сала, біраз бағыт қамтылды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты Үкіметтен беріліп жатқан қаржының жетпіс пайызы мемлекеттік бюджеттің ақшасы екенін атап өтті.

Осыны дұрыс игеру керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы субсидия мәселесін азайтып, орнына тауарлы-кредит беруді көбейту керектігін баса айтты. Бұл бұрыннан қозғалып жүр еді.

Егер Мемлекет басшысы айтқан шаруаларға тауарлы-несие немесе төмендетілген несие берілетін болса, біріншіден, ол жерге сыбайлас жемқорлық жоламайды. Екіншіден, несиенің үстіндегі мөлшерлемесі төмен болатын болса, оған орта бизнес те, шағын бизнес те, ауылшаруашылық тауарларын өндіретін фермерлер де қызығушылық танытар еді. Банктен несие қаражатын алғаннан кейін кез келген адам бұл ақшаны қайтаруға борышты, мүдделі болады. Сондықтан бұл жерде жемқорлық жүрмейді. Президенттің осы төңіректе айтқан бастамалары көңілге қонымды десек болады.

Жұмысшы кәсіп иеле­рі­нің қатарын көбейту бастамасы да қолдауға тұрарлық. Президент 2029 жылға қарай орта биз­нес­тің ел экономи­ка­сын­дағы үлесін 15 пайызға жеткізуіміз керек­тігін баса айтты. Осы межеге жеткізе алмай келе жатқан себебіміз неде? Бұл бірінші кезекте жұмыс­шы мамандықтардың тап­шы­лығының салдары. Жұ­мысшылар шын мәнінде жоқ. Елімізде 580 мыңға жуық студент колледжде оқиды екен. Олар оқуын аяқтаған соң, егер шын ста­тистикаға сүйенсек, 50 па­йызы жұмысқа тұрмайды. Өйткені колледж бітірген маманды бізде ешкім жұмысқа бірден алмайды. Барлық колледж жұмысшы мамандарды даярлап жатқандай көрінеді, бірақ олардың ешқайсысында кәсіби білік­тілік жоқ. Мекемелер мен өндіріс орындары өздеріне қажетті мамандарды колледждер мен  ЖОО-ларға тапсырыспен оқытпайынша, біз жұмысшы мамандарды даярлай алмаймыз. Мем­лекет басшысының айтып отырғаны – осы мәселе. Өйткені қазір біз­дің құрылыста, бау-бақша саласында да көбіне көр­шілес елдердің азаматтары жүргені белгілі. Неге осы жұмыстарды өзіміздің отан­дастар атқармайды? Сол себепті Қасым-Жомарт Кемелұлы қол еңбегі өкіл­дерінің мәртебесін көтеріп, жағдайын жасап, оларды марапаттаудың жолдарын қарастыру керектігін жақсы айтты. Жалпы, жұмысшы тапты көтермелеуіміз керек екені рас.

Сонымен қатар Прези­дент банк саясатын өзгерту керектігін де міндеттеді. Яғни Жолдауда цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету, банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды екені орынды айтылды. Бір сөзбен айтқанда, банктердің экономикаға көбі­­рек қаржы құюына жағ­дай жасау қажет. Бұл ретте Пре­зидент Банктер туралы жаңа заң қажеттігін ұсынды.

Расында, банк жүйесіне күрделі өзгерістер енгізу уақыты осыдан оншақты жыл бұрын келген. Себебі несиенің пайыздық мөлшер­лемелерін көрші­ле­рімізбен, өзге елдермен салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Президенттің осы банктік сая­сат төңірегіндегі жаңа заң қажет дегенін Пар­ламентке халықтың жеңіл­де­тілген несие алу арқылы кәсібін дөңгелетіп, тұрмыстық табысын арттыруға бағыт­тал­ған нормативтік-құқықтық базаны жасақтау жөніндегі тапсырмасы деп ұқтық.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.