Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАР: ДАМУ, КҮЙРЕУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘСЕРЛЕРІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАР: ДАМУ, КҮЙРЕУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘСЕРЛЕРІ

authorBy author16 ноября, 2024Updated:17 ноября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазіргі уақытта қаржылық пирамидалар ішкі мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрлерінің өзгеру үстінде. Бұрынғы пирамидаларда адамдардан ақшаларын жалған жоба мен түсініксіз қорларға құю ұсынылса, бүгінгі күні халықты гүл өсіру, жалған зауыттар және кен орындарын дамыту сынды псевдоматериалдық құндылықтарды жасауға шақырады.

 Гүл өсіру қулығын мысалға алайық. Алдымен, «гүл өсіретін компания» тұсаукесер жасайды. Компания ұйымдастырушылары ғалымдардың көптеген аурулардан жазылуға көмектесетін бірегей гүл тұқымын жасап шығарғанын хабарлайды. Мұндай гүлдер, біріншіден, өте аз, екіншіден, аса қымбат болып есептеледі. Тұсаукесерге қатысушыларға осы гүлді үй жағдайында өсіріп, үлкен пайда табуға болатыны айтылады.

Әрбір адам фирмадан $500-ға гүл тұқымының бір данасын сатып алуы керек, және оны үш ай өсіріп алып келсе, фирма одан $1000-ға сатып алады. Басында бірнеше адам гүл өсіріп алып, $1000 алады. Бұл ақпарат қалада лезде тарап, гүл тұқымын $500-дан сатып алушылардың ұзын кезегі фирма кеңсесінің алдында пайда болады.

Фирма бастапқыда гүл өсіріп келген адамдарға өз ақшаларынан немесе кейінгі сатып алушылардың есебінен төлейді. Алайда, жаңадан сатып алушылардың легі азайған кезде, ұйымдастырушылар жиналған ақшамен қоса жоғалып кетеді.

 Қаржылық пирамиданың ұтыс мөлшері шығынға ұшыраған салымшылар саны мен олардың ұтылыс мөлшеріне тікелей байланысты. Мұндай схемада тек бір заң бар: бір топтың қалтасындағы ақшаны алып, екінші топтың қалтасына салу. Пирамидаларға ешқандай сыртқы қаржы келмейді.

Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда, жоғарыда баяндалған әдіспен құры­латын қаржылық фирмалар мен компаниялардың іс-әрекеті алаяқтық ретінде танылып, заңмен қудаланады. Дегенмен, әр түрлі қаржылық пирамидалар бірі күйреп жатса, екіншісі пайда бола береді. Бұл қаржылық құрылымдардың алаяқтық нышандарын мемлекеттік қаржылық қадағалау органдарына анықтау өте күрделі.

 Понзи схемасы 1920 жылы америкалық Чарльз Понзи тарапынан құрылды. Бұл схема бойынша, ұйымдастырушы өзінің мекемесінің шотына адамдардың ақша салуын және аз уақыт ішінде үлкен пайдамен қайтарып беретінін жариялайды. Салымшылар жаңа мүше­лерді іздемейді, тек ақша алатын күнді тосады.

Понзи схемасы қатысушылардың салған ақшаларын тиімді пайдаланбай, жаңа салымшылардың қаржысын алып, ескі салымшыларға төлейтін механизммен жұмыс істейді. Бұл схема ұзақ уақыт жұмыс істеп тұрса да, оның шынайы мақсаты туралы ақпарат тараған кезде, қатысушылар ақша алу үшін ұйымға жиналады, бірақ шоттағы ақша тек бірнеше адамға ғана жетеді.

 Зерттеулер көрсеткендей, қаржы мекемелерінің қаржы пирамидасына айналу эволюциясы екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бірден қаржы пирамидасының принциптері бойынша құрылады, мысалы, «МММ» немесе «КазРосИнвестПроект» секілді. Екінші топқа мемлекеттік заң аясында жұмыс істейтін компаниялар жатады, олар басшылықтың субъективтік әрекеттері негізінде қаржы пирамидасына айналады. Мысалы, Валют-Транзит банкі мен кейбір құрылыс компаниялары.

Қаржылық пирамидалардың даму және күйреу үдерісі математикалық және компьютерлік модельдер көмегімен бейнеленеді. Заңды түрде тіркелген қаржылық құрылымдардың «қаржылық пирамидаға» айналуын анықтау, сондай-ақ жалған қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын қаржы құрылымдарының ел экономикасы мен халыққа тигізетін материалдық және моральдық зияндарын түсіну – бұл тек жеке адамдардың ғана емес, қоғамның да міндеті. Халықты қаржылық сауаттылыққа үйрету және алаяқтық схемаларды тану дағдыларын дамыту – алдағы міндет.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.