Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мәслихат депутаттарымен бірге «Бал текстиль» ЖШС-нің кілем өнеркәсіп ұжымын еңбек күні мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, ұжымда тынбай еңбек етіп жүрген еңбекқор, іскер техник-электрик Икрамжан Әлімжанұлы Мадазовты, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджері Ғабит Бимендіұлы Қоблановты, материалдық есепші Наталья Николаевна Советованы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен марапаттады. Отандық өндірісті елімізде ғана емес, шетелде де дамытуға үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшыларды Шымкент қалалық ҚХА төарағасының орынбасары Т. Нишанкулов, мәслихат депуттаттары А. Нұрлыбаев, А. Дубинина, корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары А.Вячеславович, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш. Игнатович құттықтады. Сондай-ақ, Шымкент қаласы…
Автор: author
Қай мемлекеттің болмасын абыройын асқақтатып, халқының тыныштығын күзетуде елдің ішкі қауіпсіздігінің мәні зор екені белгілі. Азаматтардың құқықтары қорғалып, тәртіп сақталған жерде ғана мемлекеттің болашағы жарқын. Осы ретте қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстан полициясының дамуына аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар баршылық екенін айтқымыз келеді. Олардың арасында жүрегі елім, туған жерім — Қазақстаным деп соққан, мемлекеттік тілді өз тіліндей сөйлеп қадірлейтін өзге үлт өкілдері де бар. Солардың бірі, Авазхан Мұхтаров — Түркістан облысы Полиция департаменті Мақтаарал аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры. Авазхан тәжік ұлтының өкілі, Мақтаарал ауданының тумасы. Авазхан алғаш мектепте өзбек сыныбында…
Қалалық полиция департаменті, Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» науқанын өткізді. Іс-шараға жалпы 2500-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура, қала жастары, аудан әкімдіктеріне қарасты коммуналдық мекеме жұмысшылары, нарколог-дәрігерлер, спортшылар, еріктілер мен партия өкілдері де бар. «Астана» алаңында арнайы жиналған қатысушыларға іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын жеткізіліп, нұсқамалар берілді. Шара барысында есірткі жарнамаларын анықтап жою бойынша жұмыстар атқарылды. Көшеаралық, аулааралық қарау жүргізіліп, тұрғындарға есірткі қылмыстарын жасағаны үшін заңды жауапкершілікті ескерту, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара қорытындысымен 2332 граффити бояу түріндегі есірткі жарнамаларының, олардың интернет желісіндегі сілтемелерінің атаулары…
Қазіргі таңда елімізде АЭС құрылыс жобасына қатысты екі жақты көзқарас қалыптасып тұр. Қоғамда қолдаушылар қатары да көбейіп отыр,өйткені осы саладағы мамандар,энергетиктер мен ғалымдар АЭС салу еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына әкелетіндігін сенімді түрде өздерінің күнделікті пікірлері мен ойларында азаматтарға жеткізіп келеді. Елімізде экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына тығыз байланысты екендігі шындық. Бізді қоршаған әлем жылдам өзгеруде, жаңа құндылықтар қалыптасуда, өмір сүрудің бағыттарында жаңа идеялар пайда болып жатыр. Бұл атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру жайына да қатысты. Негізі атом энергиясын табысты өндірудің кілті — ядролық реакторды дұрыс таңдау. Олардың түрлері мен сұрыптары өте көп.…
Ең үлкен байлық — елдегі тыныштық пен татулық. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрін ұстанып, мәдениетін, тілін дамытуына мүмкіндік алып отыр. Қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, қолдан келгенше бірі кәсібін жүргізіп, бірі түрлі салада қызмет етіп жүр. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінде де қызмет атқаратын түрлі ұлт өкілдері жайлы айта кетуді жөн көрдік, олар қызмет етіп қана қоймай, арасында белгілі ақын-жазушылардың жырларын жатқа айтатын өнерлі маман иелері де бар екені қуантады. Мысалы, Түркістан қалалық полиция басқармасында қызмет атқаратын ұлты беларусь Светлана Литвинюк. Нәзік жанды полиция қызметкері бүгінде полиция аға лейтенанты шенімен антына адалдық танытып, қылмыскерлердің құрықталуына өз үлесін…
«Кебенек» сериалын көргендеріңіз бар ма? Ауған соғысының алапат күндерін бастан кешкен азаматтардың өмірі жайлы ауыр фильм. Телехикая қазақ жігітінің Ауған соғысында көрген қиындықтарымен басталады. Жау тылын бақылауға шыққан жауынгерлер зұлмат жарылысқа ұшырайды. Айналасы астан-кестен болған ұрыста жас жігіт қатты жараланады. Шала-жансар жатқан оны құтқарушылар «тікұшаққа сыймайды» деп құжаттарын алып, өзін тастап кетеді. «Ойпырмай, жат жерде қалғаным ба?», – деп ойлап үлгергенше көкке көтерілген тікұшақ жарылып, көз алдында күл талқан болады. Осылайша басталған фильм соңына дейін сұм соғысты көз алдыңа келтіреді. Қарап отырып терең ой түбіне кетесің, расында арамызда соғыс жарасынан айыға алмай жүрген қаншама жауынгер ардагерлеріміз бар?! Қаншамасының артында мыңдаған…
Ішкі істер саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, тәртіпті қадағалауға өзіндік еңбегі сіңген полиция ардагері Батырхан Сансызбаев 1959 жылы 26 желтоқсан күні Бабайқорған ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Куйбышев совхозы Абай ауылындағы орта мектепті бітірісімен, алғашқы еңбек жолын Түркістан қаласындағы құрылыс басқармасында құрылысшы мамандығынан бастаған. Құрылыс басқармасында жұмыс атқарып жүрген кезінде әскер қатарына шақырылып, 1978-1980 жылдары Отан алдындағы әскери борышын Белоруссия елінде өтеп келген соң еңбек жолын ары қарай Түркістан құрылыс басқармасында жалғастырады. 1981 жылы Түркістан қалалық ішкі істер бөліміне қатардағы милиция қызметіне орналасады. Еңбектен қол үзбей 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факултетіне оқуға түсіп, құқықтану-заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1989-1995…
Патриотизм дегеніміз — Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау. Өкінішке қарай, соңғы кезде бұл мәселеге көпшілік күмәнмен қарап, әскердегі келеңсіз жәйттар өсіп келе жатқан жас жеткіншектің де, ата-ананың да ойын сан-саққа бөлуде. Десе де, дұрыс тәрбие, оның ішінде балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, мемлекет тұтастығы, халықтың бірлігі мен ынтымағы жолында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулитыны сөзсіз. Осы ретте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Түркістан облысы Түркістан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ІІІ сыныпты сержанты Досыбаев Төлеген Аманжолұлымен патриоттық тәрбие…
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды. Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.
-60 кг 1. Байаман Абидинов (Қырғызстан) 2. Қалмұхан Тұрмаханбет (Қазақстан) 3. Шокухи Мохаммад (Иран) 3. Илфат Миннегалиев (Ресей) -70 кг 1. Ойбек Султанов (Өзбекстан) 2. Ислам Фалягов (Ресей) 3. Калисбек Каюмов (Қырғызстан) 3. Нұржан Сәрсенғалиев (Қазақстан) -80 кг 1. Ирлан Казбек уулу (Қырғызстан) 2. Илхомджон Машрабов (Өзбекстан) 3. Артур Зулькарнаев (Ресей) 3. Жасур Мехтиев (Әзірбайжан) -90 кг 1. Аннагурбан Аллабердиев (Түркіменстан) 2. Хуснидин Рузиев (Өзбекстаг) 3. Азизхан Мусабек уулу (Қырғызстан) 3. Иван Ичизли (Молдова) -100 кг 1. Нодирбек Ахатжонов (Өзбекстан) 2. Бекбол Нұрланұлы (Қазақстан) 3. Булат Мусин (Ресей) 3. Палван Гурбангельдиев (Түркіменстан) +100 кг 1. Ранис Гилязетдинов (Ресей) 2. Ливиу…
