Автор: author

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген бастамалардың ішінде ең елеулілерінің бірі – бір палаталы Парламент құру мәселесі. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер әкелетін тарихи қадам. Мемлекет басшысы мұндай реформаны асығыстықпен емес, жан-жақты талқылап барып жүзеге асыруды ұсынып отыр. Оның үстіне бұл бастаманы 2027 жылы жалпыұлттық референдумға шығару жөніндегі ұсынысы – демократиялық қағидаттарға берік ұстанымның айқын көрінісі. Маған ерекше әсер еткені – Президенттің: «Іргелі реформаларды тосыннан жарияламаймыз, қоғамнан жасырмаймыз» деген сөзі. Шын мәнінде, тағдырлы мәселелерді тек халықтың қатысуымен, ашық талқылау арқылы ғана әділетті шешуге болады. Бұл – ел болашағына деген шынайы жауапкершілік пен сенімнің белгісі. Парламенттік реформаның мәні терең…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген басты бастамалардың бірі – бір палаталы Парламент құру туралы ұсыныс. Бұл идеяны қоғамның әр саласы талқылап жатыр. Өз басым Мемлекет басшысының бұл шешімін толық қолдаймын. Өйткені ол елдегі саяси өзгерістердің уақыты мен даму логикасынан туындап отыр. Президент тек құрылымдық өзгерістерге ғана емес, сонымен қатар тиімділік пен ашықтық басым болатын билік жүйесін мазмұндық тұрғыда жаңартуға ерекше назар аударуда. Мемлекет басшысының бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарағанын атап өткен жөн. Ол асығыс шешім қабылдамай, қысым көрсетпей, ең алдымен қоғамның пікірін тыңдап, талқылауға уақыт беріп отыр. Бұл – нағыз саяси мәдениеттің айқын көрінісі. Көшбасшының ұсыныс жасап,…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің үш жылдың ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс екенін нақты атап өтті. Бұл – кез келген қазақстандық үшін аса маңызды, тарихи мәнге ие бастама. Өйткені қазіргі заман талабы – цифрландыруды барынша жеделдетіп, оны экономиканың барлық саласына енгізу. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері цифрлық даму арқылы экономикасын нығайтып қана қоймай, халықтың білімін, мәдениетін, өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Біз де осы көштен қалмауымыз керек. Президенттің «Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс» деуі – ұлттың болашағына деген зор жауапкершілікті сезінуден туған сөз. Кітапхана саласы тұрғысынан алғанда, цифрландыру біз үшін ерекше маңызға…

Read More

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы мен экономикалық дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның болашағына қатысты өте өзекті мәселелерді қозғады. Президентіміздің Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи бастамасы – ел болашағын айқындайтын маңызды стратегия. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізілгені мәлім. Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіре түсу үшін парламенттік реформа жүргізуге бастамашы болып отыр. Әрине, ел болашағына қатысты осынау маңызды шешімді халқымыз референдум арқылы қабылдайды. Менің ойымша, Парламенттің бір палаталы болуы Қазақстан секілді біртұтас, унитарлы мемлекет үшін өте орынды. Бұл отандық заң шығару жүйесін жетілдіруге, депутаттардың саяси салмағы мен ықпалын арттыруға жол ашады.…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын оқытушы-профессорлар қауымы мен студент жастармен бірге тыңдадық. Президенттің биылғы Жолдауды әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделілігімен бастауы әрбірімізді ойландыруы тиіс. Расында, алып державалар арасындағы бәсекелестік пен аймақтық қақтығыстар, энергетикалық және экономикалық ресурстарға сұраныс елдің тұрақтылығына, экономикалық дамуына және қауіпсіздігімізге әсер етері анық. Осыған қарамастан Қазақстан қазір теңдессіз бейтараптық ұстанымы арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытып, айқын стратегиялар арқылы ішкі және сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Түрлі қайшылықтарға қарамастан, Президент еліміздің дамуы тоқтамауы керектігін айтты. Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда білім мен ғылымға салынатын инвестиция – болашаққа салынған ең сенімді капитал. Бұл ретте Президент бастамасымен күні кеше…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттар мен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады» – деп нақты әрі батыл үн қатты. Шынында да, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүгінгі әлемнің қалыптасу заңдылықтарын түбегейлі өзгертуде. Біз осы беталыстан қалып қоймай, керісінше білім мен тәжірибені, технологиялық жаңалықтарды үйлестіріп, еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз. Президенттің «Жасанды интеллект және цифрлық даму…

Read More

Мемлекет басшысының Жолдауын бастан-аяқ тыңдап шықтым. Бұл құжат елдің алдағы даму бағытын айқындайтын, әрбір қазақстандық үшін аса маңызды стратегиялық бағдарлама деп санаймын. Президентіміздің бұған дейін Ұлттық құрылтайда айтқан ойларының Жолдауда жалғасын тауып, нақты ұсыныстар мен шешімдерге айналғаны – құжаттың ерекшелігін арттырып тұр. Халық дәл осы Жолдауды ерекше ықыласпен күткені де сондықтан болса керек. Жалпы, Жолдауда мемлекеттің барлық саласына қатысты маңызды бастамалар қамтылған. Соның ішінде көлік-логистика саласын дамытуға және еліміздің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылғаны көңілімнен шықты. Қазақстан қазір Еуразия мен Азияны жалғайтын ең ірі дәліздердің біріне айналып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін жасанды интеллектіні енгізу қажеттігі айтылды.…

Read More

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрландыру, өнеркәсіпті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және ауылшаруашылығы саласын өркендету бағытында бірқатар маңызды бастамаларды жариялады. Әсіресе ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу қажеттігі – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Өнімнің тек шикізат күйінде қалып қоймай, қосылған құны жоғары тауар түрінде нарыққа шығуы ел экономикасына да, шаруаларға да зор табыс әкеледі. Бұл тұрғыда агроөнеркәсіп кешенінде ғылымды дамыту – өте орынды көтерілген мәселе. Себебі агроғылым дамымай, ауылшаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігі артпайды, ал инновация мен заманауи тәсілдерсіз ауылдың болашағын елестету қиын. Жолдауда айтылғандай, Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау міндеті жүктелді. Бұл платформа жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты…

Read More

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген саяси реформалар — еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Әсіресе, бір палаталы Парламентке көшу туралы бастама — мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған батыл әрі тарихи шешім болып отыр. Бұл тек саяси институттардың құрылымын өзгерту ғана емес, жалпы мемлекеттік басқару мәдениетінің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашатын маңызды кезең ретінде бағаланады. «Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл…

Read More

Бүгін Қазақстан халқына арнаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің даму жолында жаңа бетбұрыс жасайтын маңызды тарихи құжат ретінде қабылданды. Бұл Жолдау – мемлекеттің стратегиялық бағытын айқындайтын, қоғамның барлық саласын қамтитын әрі жаңа дәуір талаптарына жауап беретін бағдаршам іспетті. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым мен жоғары білімнің жаңа сатыға көтерілуі, инновация мен цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін жан-жақты талдап, нақты міндеттерді белгілеп берді. Президенттің айтуынша, Қазақстан білім экономикасына қадам басып келеді. Осы орайда ғылым, білім және инновацияны басқару тәсілдерін өзара тиімді байланыстырудың маңызы…

Read More