Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТАЛАПТЫ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАКАТОН ӨТУДЕ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАКАТОН ӨТУДЕ

authorBy author13 сентября, 2025Updated:13 сентября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде бір мезетте ерекше қарқынға толы ауқымды IT-бәйге басталды. Әңгіме жасанды интеллект бағытындағы «Decentrathon 4.0» атты халықаралық деңгейдегі хакатон жайында болып отыр. Бұл шара Қазақстандағы цифрлық технологияны дамыту ісінде ғана емес, сондай-ақ жас буынның инновациялық бастамаларына жол ашатын ірі алаңға айналды.

Осы орайда еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласы да аталған жобадан шет қалған жоқ. Shymkent Hub орталығы аймақтық іріктеу алаңы ретінде жүздеген жас маман мен талапты студентті қабылдап, оларға жаңа мүмкіндік ұсынып отыр. Мұнда жас программистер, дизайнерлер, бизнес-аналитиктер және IT саласының басқа да өкілдері бас қосып, өз идеяларын жүзеге асыруда.

Аймақтық менеджер Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, кезекті хакатонға 171 команда тіркелген. Олардың арасында мектеп оқушыларынан бастап, жоғары оқу орнының студенттері мен жас кәсіпкерлер бар. Бұл командаларға жасанды интеллект, блокчейн технологиясы сынды заманауи бағыттар бойынша күрделі тапсырмалар берілген. Әр топ қысқа уақыт ішінде нақты шешім ұсынуы тиіс. Нәтижесінде қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге арналған тың жобалар жасалып, инновациялық идеялар ұсынылмақ.

Хакатонның басты ерекшелігі – оның жүлде қоры. Ұйымдастырушылар қатысушылардың ең үздік жобаларын ынталандыру мақсатында жалпы сомасы 50 мың АҚШ долларын құрап отырған сыйақыны тағайындаған. Бұл – жастарға тек қана қаржылай қолдау емес, сонымен қатар өз жобасын ары қарай дамытуға, стартап деңгейіне жеткізуге үлкен мүмкіндік.

Айта кетейік, Шымкент қаласы мұндай бастамаларға бұрыннан белсенді қатысып келеді. Бұған дейін дәл осы қалада Орта Азия аумағында алғаш рет әлемдік блокчейн индустриясының ең ірі хакатондарының бірі – «Decentrathon 2» өткен болатын. Сол кезден бері Шымкент IT экожүйесінің дамуына ерекше көңіл бөлініп, цифрлық экономика бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен түрлі форумдар, конференциялар, семинарлар ұйымдастырылып келеді.

«Decentrathon 4.0» – осы игі бастамалардың заңды жалғасы. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың тек кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймайды, сонымен бірге оларды топпен жұмыс істеуге, жаңа идеяларды батыл қорғауға және қысқа уақытта нақты нәтиже шығаруға үйретеді. Әсіресе, қазіргі таңда әлемдік нарықта жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында мұндай тәжірибе жас қазақстандықтарға аса қажет.

Шымкент хабта бас қосқан қатысушылардың көбі өздерінің жобаларын әлеуметтік салаға бағыттауды көздеп отыр. Мәселен, білім беру жүйесін жетілдіруге, денсаулық сақтау саласын цифрландыруға, тұрғындар үшін қолжетімді мобильді қосымшалар жасауға арналған идеялар ұсынылуда. Бұл – технология мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған нақты қадам.

Жалпы алғанда, кезекті хакатон еліміздегі цифрландыру үдерісіне жаңа серпін берері сөзсіз. Себебі бүгінгі жастардың қолында тек заманауи технология ғана емес, сонымен бірге тың ой, креативті көзқарас пен болашақты өзгертуге деген жігер бар. «Decentrathon 4.0» осы мүмкіндіктерді біріктіріп, жаңа жетістіктерге жол ашатын маңызды алаңға айналып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.