Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Шымкент қаласы дамудың жаңа кезеңінде: әлеуметтік қолдау, көлік және қоғамдық тәртіп»
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Шымкент қаласы дамудың жаңа кезеңінде: әлеуметтік қолдау, көлік және қоғамдық тәртіп»

authorBy author17 сентября, 2025Updated:26 сентября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласының әкімдігі өңірдің әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық даму бағыттарындағы негізгі міндеттерді айқындап отыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Алдымен қала тұрғындарын алда күтіп тұрған мәдени оқиғалар сөз болды. 26–27 қыркүйекте «Қызғалдақ» сарайында «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтеді. Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ауқымды шарада мектеп оқушыларының өнер байқауы мен дәстүрлі ән мен күй кештері ұйымдастырылады. Белгілі халық әртістері мен мәдениет қайраткерлері қатысатын шараға кіру тегін.

Қоғамдық көлік саласында да оң өзгерістер бар. Жақында №150 және №146 бағыттарына 30 жаңа Yutong маркалы автобус қосылды. Отанда өндірілген көліктердің сыйымдылығы 85 адамға дейін жетіп, қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл бағытта жаңа «Bozjorga Bus» компаниясы нарыққа шығып, тасымалдау қызметін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік саясат мәселелеріне келсек, Қарттар күні қарсаңында 70 жастан асқан зейнеткерлерге 3 АЕК көлемінде бір реттік көмек беріледі. Ал 80 жастан асқан жалғызбасты қариялар ай сайын қосымша 2 АЕК төлем алады. Зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүріп, баспасөзге жазылу шығындары өтеледі. Жыл сайын 7 мыңнан астам аға буын өкілдері шипажайларда ем алады.

Қоғамдық тәртіп те басты назарда. Соңғы аптада 175 іс тіркеліп, олардың төртеуі сотқа жолданған. Интернет алаяқтығы көбейіп, тұрғындардан 600 мың теңгеге дейін қаржы ұрланған жағдайлар тіркелген. Полиция азаматтарға жеке деректерін бөтен адамдарға бермеуге кеңес берді. Жол-көлік оқиғалары көбінесе жылдамдықты асыру мен телефонға алаңдаудан туындайды.

Сондай-ақ түнгі уақытта заңсыз салют атқан 123 адамға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, жалпы сома 9 млн теңгеден асты. Тыныштықты бұзған 4 675 азаматқа да әкімшілік шара қолданылды.

Жұмыс нарығында да белсенділік байқалады. «Арбат» демалыс аймағында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Сонымен қатар «Еңбек жолы-2025» және «Парыз-2025» жеңімпаздары марапатталды. Солтүстік өңірлерден келген делегациялар ерікті қоныс аудару бойынша кеңес беруде.

Қалалық билік қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Әкім орынбасарының айтуынша, барлық бастамалар тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп, Шымкентті заманауи әрі жайлы мегаполиске айналдыруға бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.