Әңгімелесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективалары қарастырылды. «Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда Премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің елімізге сапары Астана мен Амстердам арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін атап…
Автор: author
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 237,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 389,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 848 млрд теңге қарастырылды. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 372 мың адам. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 399 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 729 теңге, базалық зейнетақы – 42 670 теңге. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай…
Түркістан облысы, Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ. Оның ішінде 6 егіз оқушы бір сыныпта білім алады. Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді жас түлектер оқуда да озат. Сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы — Данабай Ақылбек “Алтын белгіге”, Данабай Асылбек “Үздік аттестаттқа” үміткер. Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін «Тарих», «Құқық» сияқты пәндерді таңдауда, – дейді ұстаз. Айта кету керек, мектеп түлектеріне…
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Сарыағаш ауданында осы бағытта 10 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Телемұнара» шағынауданындағы 900 орындық білім ошағының құрылыс алаңына барды. Мердігерлермен кездесіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Нақты міндеттер жүктеді. – Білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою – маңызды іс. Жауапкершілікпен жұмыс істеңіздер. Ешқандай кемшілік, қателік болмауы тиіс. Құрылысқа қосымша қаражат қаралмайды. Құрылыс қатаң қадағалауда тұр, – деді Дархан Сатыбалды. Құрылыс нысанында қазіргі уақытта 80 адам жұмыс істеп жатыр. Жертөле қабырғалары құйылып, жабын қабаттарының темір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Сарыағаш ауданында…
Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы жаппай күрес айы басталды. Жиын халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов арнайы қатысты. «Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы шараның маңыздылығы бөлек. Еліміздің өркендеуіне, дамыған елдердің қатарына қосылуына және денсаулығы мықты елді қалыптастыру жолында және киелі қаламыздың дамуына аянбай еңбек етіп, баршаңызды Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын», деді Бейсенбай Тәжібаев. Облыста 2024 жылдың 4 айында есірткінің…
