Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ
Қаржы

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

authorBy author17 июня, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістанда Мақтаарал ауданының мәдени күндері қорытындыланды. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудан өнерпаздарының «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертіне белгілі әнші, өнер жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы қонақ болды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді. Бұдан бөлек «Дариға» би ансамблі, «Мерей» вокалды-аспапты ансамблі, «Тұмар» би ансамблі, Бекбосын Мықтыбек, Айна Мейірбекова, Лобархон Захидова, Макхамбай Құрбанов, Жаңабай Сайфуддинов, Жәнібек Тағаеев, Абдували және Саидвали Каландаровтар, Біржан Жанту, Нұрдәулет Жалалов, Мадина Әуезова, Олег Бахараев, Ақерке Зұлпыхарова және тағы басқалар өнер көрсетті.
Шараның алғашқы күні ұлттық құндылықтар дәріптелді. Этноауыл аумағында салт-дәстүр мен әдет-ғұмыр көріністері көрсетілді. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Дәстүрлі әнші, жыршы-термеші, айтыс және «Ақ алтын» халықтық ұлт-аспаптар ансамблінің концерті өткізілді. Ал дар ойыны көптің қызығушылығын тудырды. Мақтаарал ауданының жетістіктері туралы кітап және фото көрмелері, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, Мақта шаруашылық тарихи музей көрмесі жасақталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, қала тұрғындарына таратылды. Келесі күні күндіз Этноауылда асық ойнау, гір тасын көтеру, арқан тарту секілді ұлттық спорттық ойындарынан сайыс өткзіліп, жеңімпаздар марапатталды. Содан соң театралды қойылымдар көрсетілді.
Айта кетейік, фестиваль мақсаты ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту болып саналады. Өнер байқауы жаз бойы өткізіліп, күз айларына дейін жалғасады. Келесі болып мәдени көшті Сарыағаш ауданының өнерпаздары жалғайды деп жоспарлануда.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.