Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОСЫМША 70 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АУМАҚТА ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОСЫМША 70 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АУМАҚТА ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

authorBy author17 июня, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан келісілген шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстарының негізгі бөлігі жүргізілді. Қауіп сейіліп, жағдай тұрақтанды. Егістікті шегірткеден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Қауіп толық сейілгенше жұмыстарды тоқтатпауды жүктеді.
Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін қосымша техника тартылды.
Арнайы топ мүшелері зиянкестерден келетін қауіп толық сейілгенше залалсыздандыру шаралары қолға алынған және көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда жүргізілген жұмыстарды бақылауда.
Залалсыздандырудың биыл ерте басталуынан ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындарға жол берілмеді. Облыста жалпы өңдеу жұмыстары сәуір айының басында басталып, химиялық өңдеу жұмыстарына 100 дана жер үсті техникасы және 6 ұшақ жұмылдырылды. Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 40 инспектор, өзге облыстардан 3 маман, болжам орталығынан 79 маман және аудан, қала әкімдіктерінен қосымша 245 анықтаушы қатысты.
Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылды. Сала мамандарының айтуынша, биыл шегірткенің таралуы ауа райының салқын, жаңбырлы, желді болуына байланысты созылды.
Айта кетейік, еліміз бойынша өңдеу жұмыстарына 2,5 мыңнан астам маман, 400-ден астам техника, 36 жеңіл әуе технкикасы, 36 ұшақ жұмылдырылды. Биыл алғаш рет техника жетуі қиын жерлердегі жұмысты жеңілдету үшін нақты нысандарды өңдеуге дрондар тартылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.