Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Қыдырәлі аға жауап берген жоқ»: Нұржан Қалжан экс продюсерімен қарым-қатынасын айтты
Шоубиз

«Қыдырәлі аға жауап берген жоқ»: Нұржан Қалжан экс продюсерімен қарым-қатынасын айтты

authorBy author16 июня, 2024Updated:18 июня, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

“Бұлбұл құсым жырақтама” деп ән салған Нұржан Қалжан өнердегі достарына реніші барын жасырмады.

Жақында өнер иесі “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын алды. Ол Assyltas TV арнасына сұхбат беріп, өнерді қолға алып жатқанын айтты.

“Кезінде әніміз хит болып тұрғанда, айналамды жанашырым көп еді. Басыма іс түсіп, өнерден алшақтағанда ешкімді таппай қалдым. Дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам да көп болады екен. Соны түсіндім. Өйткені сенде ақша да, атақ та, жағдай да бар. Ол кезде сен дұрыс істемесең де, ақтап алып, сөзіңді сөйлейтіндер табылды. Бірақ басыңа іс түскенде айналаң да іріктеліп қалады екен. Бұрынғы Нұржан болмай қалғанымда, шын достарымды таппай қалдым. 10 жылдай өнерден алшақтап, қол үзгенімде жанымда ешкім болмады. Сол кезде адамдар, қасыңда жүрген достар сенікі дұрыс болып тұрса да, қазір хит болып жүрген жас баланы жақтап кеткен жағдайға куә болғанмын”, – деп күйінді әнші.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы Қыдырәлі Болмановқа қатысты да пікір білдіріп, қатты сыйлайтынын жеткізді.

“Мені сахнаға дайындап, өнердің қыр-сырын үйреткен ағама алғысым шексіз. Реніш-өкпе өткеннің еншісінде қалды. Қазбалаудың қажеті жоқ. Ақшаға қатысты мәселелер де болғаны жасырын емес. Бет көріспей кеткен жоқпыз. Бір салада жүрміз. 40 жасқа толған туған күніме шақырып, жеке нөмеріне шақыру жібердім. Жауап берген жоқ. Қарақат апайымызға да жібердім. Ол кісі де жауап жазбады. Мен оған ренжімеймін”, – деді өнер иесі.

Бұған дейін, «Майра Ілиясованың арқасында алдым» деп Нұржан Қалжан «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын кімнің арқасында алғанын жасырмаған еді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Түркістан жастары елге үлгі болуда!

17 июня, 2025

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

5 июня, 2025

ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

4 апреля, 2025
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.