Достық үйінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жылдық қорытынды отырысы өтті. Жиынға қаланың жетекші ғылыми қауымдастығының өкілдері, түрлі этномәдени бірлестіктердің мүшелері, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Отырысты Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Қайрат Анарбаев ашып, 2025 жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. «Биыл біз қоғамдағы бірлік пен келісім мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерделеп, сараптамалық талдауларды жүйелі жүргізуге басымдық бердік. Этносаралық қатынастардың даму динамикасы, жастар арасындағы бірлік мәдениеті, медианың қоғамдағы татулықты нығайтудағы рөлі сияқты маңызды бағыттарда зерттеулер жасалды. Алдағы жылы бұл жұмыстарды одан әрі күшейту – біздің негізгі міндетіміз», – деді Қайрат Сапарханұлы. Жиында 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы талданып, келесі жылы…
Автор: author
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2025 жылға арналған қорытынды отырысы өтті. Жиынды Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп, жыл бойы атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды. Кеңес мүшелері 2025 жылы жүзеге асқан бастамалар, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытындағы іс-шаралар, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдады. Әсіресе қоғамдағы әйелдер рөлі, отбасындағы татулық пен ұлттар арасындағы бірлікті нығайту бағытындағы жобаларға кеңінен тоқталды. Отырыс барысында Қарағанды облысында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық семинарының материалдары таныстырылып, онда көтерілген өзекті мәселелер мен тәжірибе алмасу нәтижелері талқыланды. Бұл ақпарат алдағы жұмысты жетілдіруге бағытталған тиімді ұсыныстардың қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар…
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алып жатқан маңғыстаулық студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесті. Кездесу барысында студенттердің оқу үдерісі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы таныстырылып, ата-аналар мен жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен университеттің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қатысты. Аталған кездесу Президент Әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан пилоттық жоба аясында өтті. Жобаның негізгі мақсаты – Маңғыстау облысынан шыққан талапкерлерді сапалы біліммен қамтамасыз етіп, өңірге білікті мамандар даярлау. Биыл тамыз айында университет Маңғыстау өңірінен келген талапкерлерді қабылдап, қазіргі таңда…
Шымкент қаласында Көксай ауданын жаңарту тұжырымдамасы жоспарлы іске асырылуда. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Айта кетейік, Тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері ауданнан 103 отбасы көшірілді. Тұрғындар Шымкент-сити және Тұран шағынаудандарындағы абаттандырылған үйлерге орналастырылды. Таза әрлеумен тапсырылған пәтерлердің бөлме саны бұрынғы үйлерге сәйкес келеді және қоныстануға толық дайын. Мегаполис басшысы отбасыларды қоныстойымен және мемлекеттік мерекемен құттықтап, денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларына табыс тіледі. Айта кетейік, Тұжырымдама аясында тұрғындарды көшіру және оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады. Шымкент…
В Шымкенте продолжается плановая реализация Концепции модернизации района «Зелёная балка». В честь Дня Независимости Республики Казахстан аким города Габит Сыздыкбеков вручил ключи от новых квартир двадцати семьям, ранее проживавшим на улицах Транспортная 5 и Нурлыбаева 2. Отметим, с начала реализации Концепции из района переселены 103 семьи. Жители получили благоустроенное жильё в микрорайонах «Шымкент Сити» и «Туран». Квартиры с чистовой отделкой соответствуют по количеству комнат ранее занимаемым и полностью готовы к заселению. Глава мегаполиса поздравил семьи с новосельем и государственным праздником, пожелал им здоровья, благополучия и успехов во всех начинаниях. «Модернизация района “Зелёная балка” направлена в первую очередь на повышение…
«РУХТАСТАР» жастар сыйлығының 2025 жылғы жеңімпаздары «Үздік филиал» номинациясын Шымкент қаласы иеленді. Бұдан бөлек «Жастар Рухы» қолдаушысыноминациясын талантты жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп жүрген спортшы, аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов марапатталды. Сондай-ақ «Белсенді рухтас» номинациясы бойынша Шымкент қаласының белсенді жасы Тұрсынбек Жанерке Нұржанқызы марапатталды. Бұл марапаттар — жастардың белсенділігі мен тұрақты еңбегінің нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек ете береміз
Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қалалық Достық үйінде «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті. Алғаш рет ассамблея алаңында ұйымдастырылған іс-шараға 20-дан астам астам қолөнер шебері қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін насихаттау, ұлттық мәдени мұраны сақтап, дамыту арқылы оны жас буын арасында дәріптеуді мақсат тұтқан іс-шараға қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзеева, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және қала тұрғындары қатысты. Көрмені тамашалауға келген қонақтар алдында сөз сөйлеген қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі іс-шараның…
Қоғамның тұрақтылығы – ел дамуының ең сенімді кепілі. Тарих парақтарына үңілсек, татулық пен өзара құрмет орнықпаған жерде қандай да бір жетістік ұзаққа созылмағанын аңғарамыз. Шын мәнінде, бірлік бар ортада ғана экономика өркендеп, әлеуметтік сала ілгерілеп, мемлекеттің халықаралық беделі арта түседі. Бүгінгі өзгермелі әлемде ішкі алауыздық салдарынан әлсіреп жатқан мемлекеттер аз емес. Осындай кезеңде Қазақстанның достық пен келісімді мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде бекітуі – халқымыздың тарихи тәжірибесіне сүйенген көреген шешім. Қазақ халқы ежелден кеңпейіл, бауырмал, меймандос халық. ХХ ғасырдағы ауыр кезеңдерде сан түрлі этнос өкілдері дәл осы қасиетті жерден пана тауып, жаңа өмірге қадам басты. Бұл тарихи сәт бүгінде ел…
Қазақ халқының терең тарихына үңілсек, мемлекет тұтастығын сақтап, болашаққа нық қадам басудың кілті әрдайым бірлік пен өзара құрметтен бастау алғанын көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген даналық сөз ғасырлар бойы ұрпақ санасына бағыт-бағдар беріп, халықты бір мақсатқа ұйыстырған рухани тірекке айналды. Кең-байтақ қазақ даласы қилы замандарды басынан өткергенімен, осы жолда көптеген тағдырларды тоғыстырды. Түрлі кезеңдерде бұл өлкеге әр тараптан келген талай жан осы жерден пана тауып, жаңа өмірге үміт артты. Сол кезеңдерде қазақ халқы кеңпейілділік қасиетімен әрбір адамды бауырына тартып, мейірім мен қамқорлық көрсетті. Осындай адамгершілікке толы дәстүрдің арқасында ел ішінде сенімге негізделген достық қалыптасып, бүгінгі тұрақтылықтың мызғымас іргетасы…
Қазақ халқының терең тарихына үңілсек, елдің іргесін бекітіп, болашағын баянды еткен ең асыл құндылық – ынтымақ пен татулық екенін айқын көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана сөз ғасырлар бойы ұрпақ санасына бағыт-бағдар болып, қоғамды біріктірген берік ұстанымға айналды. Кең-байтақ қазақ жері талай сындарлы кезеңді бастан өткерді. Сол уақыттарда тағдырдың жазуымен сан түрлі этнос өкілдері осы киелі даладан пана тапты. Қазақ халқы өзіне тән кең пейілімен, бауырмалдығымен оларды құшақ жая қарсы алып, мейірім мен қамқорлық көрсетті. Осындай ізгі дәстүрдің арқасында халықтар арасында сенімге негізделген достық пен өзара құрмет қалыптасты. Бүгінде бұл құндылықтар еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің берік іргетасына айналып…
