Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды
Санатталмаған

Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды

authorBy author10 февраля, 2026Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Атап айтқанда, 46-шы және 62-баптардың бастапқы редакциясы негізгі тағайындауларды қайта келісуден бас тартқан кезде Құрылтайдың таратылуын көздеді, бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес келмейді.
«Қоғамда, әсіресе, әлеуметтік желілерде және сарапшылар ортасында Құрылтайды таратудың негіздері қызу талқыланды. Сондықтан «AMANAT» партиясының фракциясы 46-шы және 62-баптың «Президент таратады» деген тұжырымдамасын «Президент таратуға құқылы» деп өзгертуді ұсынады. Осының нәтижесінде Құрылтайды жасанды түрде тарату және саяси дағдарыс мүмкіндігі жойылады. Ұсынылған нақтылау – бұл жүйені іштен шайқалтудан, оны жасанды түрде жасалған келіспеушілік арқылы істен шығарудан және елді ұзаққа созылған институционалдық дағдарысқа тартуға тырысудан сақтандырудың бір түрі. Бұл өзгерістер реформалар логикасына және Әділетті Қазақстан моделіне сәйкес келеді. Сондай-ақ Комиссия мүшелеріне 62-баптың екінші тармағына «Президент ұсынған кандидатураны тағайындаудың» орнына «Президент ұсынған әрбір кандидатураны тағайындау» деген нақтылау енгізуді ұсынғым келеді. Бұл осы баптағы әркелкіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті комиссия мүшесі.
Мұрат Әбенов өз сөзінде Вице-Президент институтын енгізу логикасына түсініктеме берді.
«Біз әлемдік қоғамдастыққа жақсы таныс Vice-President түсінікті және мойындалған халықаралық моделін саналы түрде таңдаймыз. Бұл Қазақстанның танымалдығы мен саяси салмағын арттырады және біздің билік жүйемізді сыртқы серіктестер үшін барынша түсінікті етеді», — деп түсіндірді ол конституциялық новелланы.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутатының айтуынша, Ата заң жобасының новеллаларын дұрыс түсінбеу реформаларды мәнін бұрмалауға әкеп соғады. Сондықтан бүгін бәрін шешіп алуымыз қажет.
«Бүгінде қоғамда cancel culture, яғни, «жою мәдениеті» құбылысы күшейіп жатыр. Біз әртүрлі елдерде қоғамдық пікірталастың шектен шығып кететінін байқаймыз: адамды сөзбен сендірмей, «жою қажет» деп таңбалайды. Конституция жобасында бұған қатысты нақты құндылық жүйесі белгіленген: адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және заңмен қорғалады. Бұл сынға тыйым салу туралы емес. Біздің жолымыз – айқын пікірталас және жауапкершілік», — деп атап көрсетті ол.
Сонымен қатар депутат қоғамда да көптеген мәселелер туғызған Ата заң жобасының 5-бабының 6-тармағына назар аударды.
«Желіде бұл норма «мемлекет ішіндегі мемлекет» құрып отыр екен деген тезис белсенді түрде таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Қазақстан бірыңғай құқықтық кеңістігі бар біртұтас мемлекет болып қала береді. Алатау – бұл автономия да, ерекше аумақ та емес. Бұл біздің қазақстандық қала. Онда жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту үшін бизнеске жеделдетілген рәсімдер қарастырылған белгілі бір қаржылық дербестік қарастырылуда», – деп түйіндеді Әбенов.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.