Автор: author

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, өңірлерді дамыту, цифрлық мемлекет қалыптастыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, бұл бағыттар елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, оның тапсырмасымен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Негізгі мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті қысқарту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Президент аймақтардың экономикасы жалпы алғанда өсіп келе жатқанын атап өткенмен, бірқатар түйткілді мәселе әлі де шешілмей отырғанын айтты. Соның бірі – инфрақұрылым тапшылығы. Орташа есеппен өңірлердің инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 64,1 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш өңірлер арасында айтарлықтай…

Read More

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, жаңа Салық кодексін іске асыру, фискалдық тәртіпті күшейту және бюджет қаражатын тиімді басқару мәселелеріне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, салық-бюджет саясаты экономиканың орнықты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күшіне енген жаңа Салық кодексі экономикалық ашықтық пен тәртіпті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Алғашқы нәтижелер де бар. Экономика министрлігінің дерегінше, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жаңа салық режимі енгізілгелі бері 180 мыңнан астам адам заңды түрде салық төлеуші ретінде тіркелген. Үкіметтің бағалауынша, салық реформасы нәтижесінде биыл бюджетке қосымша 4,4 триллион теңге түседі.…

Read More

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, әлемдік экономиканың құбылмалы кезеңіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтары мен Үкімет алдында тұрған шешуші міндеттерді нақтылап берді. Президент жаһандық ахуалдың күрделене түскенін атап өтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру – қазіргі кезеңдегі басты мақсат екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, сарапшылар әлемдік экономиканың өсімі баяулап, халықаралық сауда мен дамушы елдерге бағытталатын инвестиция көлемі азаяды деп болжауда. Көптеген мемлекет өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп, тарифтік шектеулерге көшкен. Жаһандану үдерісінің кері сипат ала бастауы геосаяси ахуалды түбегейлі өзгертуде. Осындай жағдайда Қазақстан үшін сыртқы өзгерістерге дер кезінде бейімделу – стратегиялық маңызы…

Read More

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты басымдықтар мен жаңа Конституция жобасының өзекті қырларына кеңінен тоқталды. Президенттің айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің түпкі өзегі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты әрі тиімді қорғау. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы ұстанымның жалаң декларация емес екенін атап өтті. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғаудың айқын тетіктері көрсетілген біртұтас жүйе қалыптастыру көзделген. Соның айғағы ретінде Президент адвокаттар қауымдастығының ұсынысымен Конституция жобасына адвокатура туралы жеке бап енгізілгенін айтты. Бұл норма азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Сонымен қатар жаңа Ата…

Read More

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда елдің алдағы даму бағдары мен саяси жаңғырудың негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Жиын барысында Үкімет мүшелері 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары жөнінде есеп берді. Күн тәртібіне сәйкес, Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі индикаторларға тоқталып, Үкіметтің биылғы жоспарларын таныстырды. Ал цифрландыру үдерісі мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруға енгізу мәселесі бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатының басымдықтары мен инфляцияны тежеу тетіктерін ортаға салды. Жиын соңында…

Read More

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университетінде «Буллинг пен сталкинг: үнсіз зорлықтың қауіпті түрлері» тақырыбында ашық дәріс өтті. Аталған іс-шара Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Аналар мектебі», Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, «Әйелдер күштері Альянсі», сондай-ақ қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі комиссияның бірлесуімен ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, қоғамда жиі көзге көрінбейтін, алайда ауыр салдарға әкелетін буллинг пен сталкингтің алдын алу. Ашық дәріс барысында қатысушыларға буллинг пен сталкингтің мәні мен ерекшеліктері, олардың белгілері мен түрлері, жеке тұлғаға тигізетін психологиялық, әлеуметтік және эмоциялық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарға…

Read More

Аймақтық Инновациялық Университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер мен университеттің студенттік ассамблея мүшелерінің қатысуымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын насихаттау, этносаралық өзара түсіністікті нығайту және тәжірибе алмасу. Кездесуге этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, студенттік жастар және университет басшылығы қатысты. Шара барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, бейбітшілік пен татулықты нығайтудағы жастардың рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Мейрамбек Оспанов этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы қызметі туралы баяндап, өзара сыйластық пен мәдени әралуандылықты сақтау – ел тұрақтылығының негізгі факторы екенін жеткізді. Кездесу барысында профессор…

Read More

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа маңызды толықтырулар енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды. Ол Комиссияға волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін хабарлады. Нәтижесінде, қолданыстағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және қоғамның дамуы мен қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерліктің маңыздылығын ескере отырып, олар қолдау тапқанын мәлімдеді. «31-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де нысандарын құру, волонтерлік қызмет және қайырымдылықтың ынталандырылатыны жөнінде толықтыру енгізілді», – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары. Ол бұл идеяны іске асыру жаңа Конституция жобасының басқа…

Read More

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Атап айтқанда, 46-шы және 62-баптардың бастапқы редакциясы негізгі тағайындауларды қайта келісуден бас тартқан кезде Құрылтайдың таратылуын көздеді, бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес келмейді. «Қоғамда, әсіресе, әлеуметтік желілерде және сарапшылар ортасында Құрылтайды таратудың негіздері қызу талқыланды. Сондықтан «AMANAT» партиясының фракциясы 46-шы және 62-баптың «Президент таратады» деген тұжырымдамасын «Президент таратуға құқылы» деп өзгертуді ұсынады. Осының нәтижесінде Құрылтайды жасанды түрде тарату және саяси дағдарыс…

Read More

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР жаңа Конституциясында меншік нысанын барынша нақтылап бекітуді ұсынды. Ол өз ұсынысын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында айтты. Азат Перуашев меншік институтының мәртебесі инвестициялық тартымдылық пен экономиканың оң бизнес-ахуалы үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі қарастырылған: мемлекеттік және жеке меншік. Сонымен бірге қазіргі экономистер кем дегенде меншікті 5-6 түріге бөледі. «Финляндия, Литва, Латвия, Әзірбайжан және басқа елдердің конституцияларында мемлекеттік және жеке меншікпен қатар муниципалдық нысан көрсетілген. Қытай, Бразилия, Үндістан конституцияларында бұған ұжымдық немесе кооперативтік меншік қосылған. Кейбір елдерде жария меншік, яғни…

Read More