Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
Санатталмаған

Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті

authorBy author13 марта, 2026Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті. Ауқымды іс-шара белсенді азаматтарды, ерекше балалардың ата-аналарын, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерін бір алаңға біріктірді. Жастар ресурстық орталығында өткен форумның басты мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың отбасыларын қолдау, сондай-ақ білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік тұрғыдан өзін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.
Форумды кедергісіз орта қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін «Arman Alemi» қозғалысы Шымкент қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен және серіктес – «Шымкент – қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының қатысуымен ұйымдастырды. Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба инклюзия саласында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдерді іздеуге арналған маңызды диалог алаңына айналды. Форум аясында сарапшылар мен әлеуметтік жобалар жетекшілерінің баяндамалары ұсынылып, мемлекет, бизнес және азаматтық сектор арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.
Форумның ашылуында Шымкент қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
– Форумның басты мақсаты – ерекше жандарға қолдау көрсету, олардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіру және дарынды жастарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау. Қала әкімдігі мұндай бастамаларды әрдайым қолдайды. Өйткені олар баршаға тең мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыруға ықпал етеді, – деді ол.
Іс-шараға жобаның авторы, мотиватор, әнші және қоғам белсендісі Салих Калиевтің қатысуы форумға ерекше әсер сыйлады. Ол өз сөзінде форумның басты идеясы – адамдарды шабыттандыратын және рухы мықты жандардың тәжірибе бөлісетін алаңы екенін атап өтті.
– Бізді аяғанды ұнатпаймын. Иә, біз физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар болуымыз мүмкін, бірақ рухымыз шектеулі емес. Бұл форумға келген әрбір адамның артында үлкен еңбек пен өз-өзімен күрес жатыр. Менің мақсатым – біз мемлекетке пайдалы бола алатынымызды көрсету. Үнемі көмек сұрап, шағымдана беру дұрыс емес. Керісінше, қоғамға өз үлесімізді қосып, пайдалы болуға ұмтылуымыз керек. Өмір – әдемі, ал оны лайықты түрде сүре білу – әр адамның қолында, – деді Салих Калиев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум тең мүмкіндіктер, өзара құрмет пен қолдау құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды. Мұндай бастамалар Шымкент қаласында инклюзивті орта қалыптасып келе жатқанын және қоғам дамуына әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін көрсетеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.