Автор: author

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында елдің дамуына бағытталған бірқатар маңызды жаңалықтар айқындалды. Ата Заңның мазмұны заманауи талаптарға сәйкес жаңартылып, мемлекеттің стратегиялық басымдықтары нақты көрсетілді. Жаңа Конституцияда орталық идея ретінде білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ мәдениет пен инновацияларды қолдауға ерекше мән берілді. Бұл бағыттар елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды сақтауға және заманауи даму үрдістеріне бейімделуге негіз болады. Аталған басымдықтар мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар Конституцияның ең маңызды мазмұндық бағыттарының бірі ретінде цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты норма бекітілді. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен заңды…

Read More

Қазақстан тарихындағы маңызды саяси қадамдардың бірі – Жаңа Конституцияның әзірленуі. Бұл құжат ел дамуының жаңа кезеңін айқындап, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді реформаларды қамтиды. Осыған орай Шымкент қаласындағы Аймақтық инновациялық университет базасында Жаңа Конституцияны түсіндіруге арналған жиын өтті. Кездесуге профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты. Жиын спикері, университет оқытушысы Сабыр Иманбердиев өз сөзінде Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы екенін атап өтті. – Адам құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде бекітілді. Әр азаматтың заң алдында теңдігі, жеке басының қауіпсіздігі, пікір білдіру еркіндігі және әділ сотқа қол жеткізу құқығы нақты әрі айқын көрсетілген. Бұл…

Read More

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қоғамдық кеңес мүшелерімен арнайы кездесу өткізді. Басқосу барысында ұлттық мүдде, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, дін саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жаңа Конституциялық реформа аясындағы өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды. Кездесуде қала әкімінің орынбасары қоғамдағы тұрақтылық пен орнықты даму ұлттық құндылықтарды сақтау және заң үстемдігін нығайтудан басталатынын атап өтті. — Жаңа Конституциялық реформа – ел болашағына бағытталған маңызды қадам. Ондағы өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтіп қана қоймай, ғылым мен білімнің дамуына нақты құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл – стратегиялық маңызы бар шешім, – деді Сәрсен Құранбек. Жиын барысында қаладағы білім беру саласының қазіргі ахуалы, мектептердегі…

Read More

Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр НарымбетовӘл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Бахадыр Мәделіұлы баяндамасын Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруден бастады. Оның айтуынша, жаңа редакцияда білім мен ғылымға айрықша мән беріліп, адами капитал мемлекет дамуының басты факторы ретінде айқындалған. Сонымен қатар жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі екені нақты көрсетіліп, табиғи ресурстарды қоғам игілігіне тиімді пайдалану мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Мәслихат төрағасының сөзінше, бұл өзгерістер демократиялық үдерістерді нығайтып, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Жиында аудан әкімі Маратбек Мықтыбеков өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 38 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт…

Read More

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Жиынға Мирас университеті құқық секторының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Нұржан Жақсылықов арнайы спикер ретінде қатысып, 1995 жылы қабылданған Конституция мен жаңа редакция жобасының негізгі айырмашылықтарына тоқталды. Спикер референдумға ұсынылып отырған реформалардың бірнеше маңызды бағытын атап өтті. Оның айтуынша, басты өзгерістердің бірі – Конституцияның кіріспе бөлігіндегі тарихи және құқықтық құндылықтардың нақтылануы. Жаңа редакцияда заң мен тәртіп, әділеттілік қағидаттарына басымдық беріліп, мемлекеттің тарихи негіздері мен стратегиялық ұстанымдары айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар Нұржан Жақсылықов мемлекеттік басқару…

Read More

Шымкент қалалық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев және фракция мүшелері қатысты. Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттердің орындалу барысы қаралды. Әсіресе, жүзеге асырылу мерзімі жақындап қалған және орындалмай қалу қаупі бар нысандар бойынша нақты шаралар қабылдау мәселесі талқыланды. Фракция мүшелері жауапты басқармалармен бірлесіп, әрбір жобаны жеке пысықтау, туындаған кедергілерді анықтау және оларды шешудің нақты тетіктерін қарастыру қажеттігін атап өтті. Жиын барысында сөз алған Ербол Байқонысов партия бағдарламасы – тек құжат жүзіндегі міндет емес, тұрғындарға берілген нақты уәде екенін айтты. – Сайлауалды…

Read More

Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана ғимаратында «Мұса Жәлел мұрасы: ерлікке тартқан жол» тақырыбында іс-шара өтті. Кеш татардың көрнекті ақыны, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлелдің 120 жылдығына арналды. Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды ақынның өмір жолы және шығармашылық мұрасымен таныстыру, оның қайсар рухы арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, халық ерлігіне деген құрметті арттыру. Әдеби кеш барысында Мұса Жәлелдің тағдырлы ғұмыры, ел мен жерге деген адалдығы, отансүйгіштік ұстанымы кеңінен баяндалды. Ақынның қиын-қыстау кезеңдерде де рухын сындырмаған қайсарлығы мен шығармашылық табандылығы жас буынға өнеге ретінде ұсынылды. Кеште жергілікті ақындар мен жастар ақынның жырларын жатқа оқып, оның ерлікке толы өмір…

Read More

Жаңа Конституция жобасының ІІ бөлімі елеулі түрде жаңартылып, «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп аталды. Мұндай құрылым құқықтар мен міндеттердің өзара байланысын айқындап, оларды біртұтас құқықтық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, азаматтың құқығы мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі қатар қарастырылатын кешенді модель қалыптасады. Азаматтық мәселесіндегі айқындық Жобаға сәйкес, қос немесе көп азаматтыққа жол берілмейді. Өзге мемлекеттің азаматтығын иелену Қазақстан азаматтығын тоқтатуға негіз болады. Бұл норма құқықтық айқындықты күшейтіп, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланысты нақтылайды. Мемлекет жауапкершілігінің кепілдігі Әр адамның мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды мемлекеттен өндіруге құқылы екені бекітіледі. Бұл ереже мемлекеттік биліктің…

Read More

Жаңа Конституция жобасының ІІІ бөлімі Президент өкілеттігі мен оның институтын айқындайтын бірқатар маңызды өзгерістерді қамтиды. Ұсынылған түзетулер мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Президенттікке қойылатын талаптар нақтыланды Жобаға сәйкес, Президенттікке үміткерге қойылатын талаптар нақты бекітіледі. Кандидат Қазақстан Республикасының тумасы болуы, қырық жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі, соңғы 15 жыл бойы ел аумағында тұруы тиіс. Сонымен қатар жоғары білімі болуы және кемінде 5 жыл мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда еңбек өтілі қарастырылады. Бұл талаптар ел басқару ісіне тәжірибелі әрі кәсіби тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Кезектен тыс сайлау мерзімі айқындалды Президент өкілеттігі…

Read More

Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты. Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойыншаөз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, конституциялық өзгерістер – елдегі жүйелі саяси жаңғырудың жалғасы. Оның айтуынша, реформалардың негізгі мақсаты – әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, өкілді институттардың рөлін күшейту және билік тармақтарының өзара іс-қимылының неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыру. Президент ұсынылған өзгерістердің мәнін ашық түрде қоғам талқысына шығарып, халықты кеңінен ақпараттандыру маңызды екенін де атап…

Read More