Автор: author

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялады. Маңызды жиында Президент барша халық қалаулыларына елмен етене араласып, мұң-мұқтаждарымен танысып жүргені үшін ерекше ризалығын білдірді. Жолдаудың мән-мазмұны  әр азаматқа теңдей мүмкіндік беретін өркениетті Әділетті Қазақстанды құру. Міне, бүгінде Президент бастамасымен бір­қатар жұмыс іске асырылды. Атап айтсақ, келешек ұрпақты тәрбиелейтін білікті ұстаздардың жалақысы 2000 жылдан бері екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Отандастарымызға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастады. Сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты нақты іске асырылып, жүйелі жалғасып келеді.…

Read More

«Тағдыр маған ел басқаруды, халық үшін қам жеуді сыйлапты. Ондай сый алған адам өз отбасының мүддесінен гөрі ел, халық мүддесін жоғары қою керек. Ел басқару білгенге – мехнат, білмегенге қанағат». Бұл – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Үкіметін 13 жыл басқарған Нұртас Оңдасыновтың айтқан сөзі. Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов — қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы. Нұртас Оңдасынов Шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институтын ашып, Орталық Комитеттің саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды. Н.Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай Абайдың 95 және 100 жылдық мерейтойын…

Read More

Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумы өтті.   Форумның мақсаты – екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және түрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейту. Форум барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Самарқан облысының туристік әлеуетін және Жизақ облысында машина жасау саласының дамып келе жатқанын ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайту туралы келісімге қол жеткізді. Аталған келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Самарқанд және Жизақ облыстары тарапынан облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды. Бұл өз кезегінде…

Read More

Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық флешмоб өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырған. Жалпы, аумағындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы қатысқан жиында рухты әндер айтылды, домбырамен күй шертілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше қуаныш сыйлаған мерекелік шаралар легі толастаған емес. Мәні зор мерекенің мағынасын арттырған бүгінгі шара соның айғағы. «Қыран елім – Қазақстан» патриоттық акцияны қолдау мақсатында алаңға жиналған жастар арнайы бейнеролик де түсірді. Алдағы уақытта оқушылар бұл түсірілімді әлеуметтік желілерге жарияламақ. Сол арқылы интернет қолданушыларға үлгі болуда мақсат еткен. Алдағы уақытта, жас ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиетті дарытып, Атажұрттың…

Read More

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында екі кішкентай баласы бар отбасының өмірін аман алып қалған қарапайым дәнекерлеуші Ермахан Маңқараевты салтанатты түрде марапаттады Қала әкімі қайғылы оқиғаның алдын алған газ қызметкерінің қырағылығы мен кәсібилігін атап өтіп, алғысын білдірді. Ал қарапайым газ жабдығын тексеру барысында шынайы ерлікке айналған оқиға 14 қазанда орын алған. Ермахан Манқараев белгіленген мекенжай бойынша шақырту алып, көршінің өтінішімен оның пәтеріндегі газ жабдығын тексеруге келіседі. Тексеру барысында ол көміртегі тотығының қауіпті деңгейін анықтап, дереу шара қолданған. Пәтер иесінің айтуынша, олар пәтерге кіре алмай, іште біреудің әлсіз дауыспен сөйлеп жатқанын естіген. Қосалқы кілт арқылы есікті…

Read More

Жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша 16 қарашада Халықаралық толеранттылық күні атап өтіледі. Бұл күн әлемнің әртүрлі мәдениеттері мен діндеріне, сондай-ақ этникалық және әлеуметтік топтарына төзімділікті арттыру мақсатында атап өтіледі. Қазіргі уақытта толеранттылық, әлеуметтік субъектілердің бір-бірінің ерекшеліктеріне төзімділік принципі ретінде қарастырылады, бұл олардың мәдени, діни, әлеуметтік-саяси, ұлттық және этикалық плюрализмді тануын білдіреді.  Толеранттылық — бұл адамдар арасындағы қарым-қатынастың сапасын білдіретін маңызды қасиет. Ол әр түрлі халықтар мен идеялар әлемінде өмір сүру өнері ретінде анықталады. Толеранттылық принципі әлеуметтік серіктестердің теңдігі, екіншінің әлеуметтік тәжірибесіне ашықтық, әр адамның жеке ерекшелігін сақтау және диалог, зорлық-зомбылықсыз түсіндіру мен сендіру әдістерімен келісімге қол жеткізу негізінде…

Read More

Әскердің негізі заманауи қару ғана емес, мықты рух пен мұқалмас қайрат және шексіз патриотизмнен тұрады. Бұл жалаң сөздер емес. Шынайы тұрғыдан іске асуы тиіс құндылықтар. Рух жоқ жерде жеңіс жоқ, кіл жеңіліс. Сондықтан да Қазақстан қарулы күштері әскерді де, әскерге баруды мақсат тұтатын жастарды да патриоттыққа тәрбиелеуге барын салып келеді. Жыл сайын осы мақсатта патриоттық шаралар, жиындар, ойындар, жас ұрпаққа тәрбие беру әрекеттері мен жобалары, бағдарламалары іске асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты жолдауының негізгі ережелері аясында жас ұрпаққа партиоттық әскери тәрбиелер берілуде. Мемлекеттік-құқықтық оқыту жүйесінде кадрларды ақпараттандыру, Қазақстанда жүргізілген саяси,…

Read More

Қасиетті Отанға, туған жерге, өскен елге деген құрмет пен сүйіспеншілік оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Рәміздерді жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары, патриоттары қалыптасады. Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Шымкентте өткен «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форуында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек осылай деді. Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған форумға зиялы қауым өкілдері, ерікті жастар мен қала тұрғындары қатысты. Көрме орталығында өткен іс-шара еліміздің Мемлекеттік Әнұрынымен басталып, онда мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды. – Еліміздің егемендігі жөніндегі Декларация қабылданған 25 қазан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің…

Read More

Құтқарушы күні қарсаңында Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Жаңа өрт сөндіру депосы Сайрам тұрғын алабында салынды, ол 5 тұрғын алабы тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан бұл өрт сөндіру депосы төрт шығуға арналған. Екі қабатты өрт сөндіру депосында өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған: оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмесі, спорт және мәжіліс залы, техникалық үй-жайлар, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы және 100 метрлік кедергілері…

Read More

1992-ші жылы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні — қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. Содан бері жыл сайын біздің елімізде «18 қазан — Рухани келісім күні» мерекесі аталып өтуде. Осыған орай, 2024 жылғы 17 қазан күні Шымкент қаласының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде “Күрең тұлпар”қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қажымұқан» стадионында «Аламан» спорт кешенінде Шымкент қаласының діни конфессиялардың басшылары мен өкілдері қатысуымен мәдени-спорт ойындарынан (мини-футбол, шахматы, үстел теннисі) турнир өткізілді. Аталған спорт турнирге…

Read More