Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

authorBy author22 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет8 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумы өтті.   Форумның мақсаты – екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және түрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейту. Форум барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.

Самарқан облысының туристік әлеуетін және Жизақ облысында машина жасау саласының дамып келе жатқанын ескере отырып,

Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайту туралы келісімге қол жеткізді. Аталған келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Самарқанд және Жизақ облыстары тарапынан облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды. Бұл өз кезегінде өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға, инвестиция тартуға және туристер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Форум барысында инвестиция көлемі $3,4 млрд-ты құрайтын 74 бірлескен жобаны іске асыруды және 14,6 мың жұмыс орнын құруды көздейтін өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылды. Оның ішінде Қазақстан аумағында 65 кәсіпорын ашу жоспарлануда, бұл елімізде 13,6 мың жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді. Бүгінде елімізде 9, Өзбекстанда тағы 3 бірлескен жоба жүзеге асырылды. Бұл жалпы 4,8 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Қазақ-өзбек өнеркәсіптік кооперациясы ынтымақтастығына мысал ретінде Қостанайдағы Chevrolet Onix автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін, Сарандағы тұрмыстық техника шығаратын зауытты, Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тігін және жіп иіру-тоқу фабрикалары, Ангрендегі автоклавты газ-бетон өндірісі және басқа да өндіріс орындары жатады. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру екі ел үкіметтерінің бірлескен жұмысына жаңа серпін бермек. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер енгізіліп, кәсіпкерлер үшін салықтық, кедендік жеңілдіктер мен басқа да артықшылықтар қарастырылған.

Сонымен қатар көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды. Өзбекстан тауар айналымының 50%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. Әртүрлі көлік түрімен 18 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы реттелген. Бұл байланыстарды одан әрі тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық ынтымақтастық форумы, іскерлік форум шеңберінде құны $352 млн-нан асатын 76 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырылуын жеделдету жөніндегі Тәжірибелік іс-шаралар жоспары бар. Құжат энергетика, тау-кен өнеркәсібі және геология салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Айта кету керек, форум қазіргі сын-қатерлер мен ынтымақтастық келешегін белсенді талқылауға арналған алаңға айналды. Оның аясында министрліктердің, шекара маңындағы өңірлер әкімдіктерінің басшылары және екі елдің бизнес-топтарының 200-ге жуық өкілі өңіраралық ынтымақтастық, өзара сауда-саттықты дамыту және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады. «B2B» форматында металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, IT және туризм сияқты экономиканың келешегі бар бағыттарындағы өзара іс-қимылды тереңдету тетіктері қаралды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.