Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ
Саясат

ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ

authorBy author22 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялады. Маңызды жиында Президент барша халық қалаулыларына елмен етене араласып, мұң-мұқтаждарымен танысып жүргені үшін ерекше ризалығын білдірді.

Жолдаудың мән-мазмұны  әр азаматқа теңдей мүмкіндік беретін өркениетті Әділетті Қазақстанды құру. Міне, бүгінде Президент бастамасымен бір­қатар жұмыс іске асырылды. Атап айтсақ, келешек ұрпақты тәрбиелейтін білікті ұстаздардың жалақысы 2000 жылдан бері екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Отандастарымызға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді.

Жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастады. Сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты нақты іске асырылып, жүйелі жалғасып келеді.

Бұған қоса «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысымен оқитын мектеп мәселесі толық шешіледі деп жоспарланып отыр. Қазір елімізде денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып келеді.

Президент 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін жеткізді. Бұған қоса сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасау әскер басшылығының жауапкершілігінде екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерде сарбаздар өз Отанына лайықты қызмет етуі үшін заң мен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігіне назар салды.

«Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», деп нақтылады Қ.Тоқаев.

Жалпы, мемлекет әскери қызметшілерге мейлінше қам­қорлық жасап келеді. Оларға ай сайынғы тұрғын үй төлемдері, баспананы жекешелендірудің орнына ақшалай өтемақы төлеу жалғасып жатыр. Әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру негізгі әлеуметтік қолдау болып есептелінеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

13 января, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.