Автор: author

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде автоматтандырылған «Тоболино» АГТС газ тарату станциясы іске қосылды. Енді аудандағы елді мекендерді газдандыру жұмысы жанданбақ. Аудан әкімі Арман Абдуллаев газ тарату станциясын іске қосу шарасына қатысты. Былтыр қараша айында магистральды газ құбырына үрлеу, қысымдау жұмыстары жүргізілген болатын. Ал дәнекерлеу жұмыстары биыл аяқталып, «Тоболино» АГТС-на «Интергаз» магистральды құбырынан табиғи газ жіберілді. Ендігі кезекте аталған АГТС-ке қарасты елді мекендердің 4 796 абоненті, қосымша 89 коммерциялық және 15 әлеуметтік нысан газға қол жеткізеді. Одан бөлек, Ақжар ауылдық округінен 300 абонент қосылса, Атамекен елді мекенінен 235 абонент табиғи газға қол жеткізеді.

Read More

Қазығұрт ауданында екі қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл бастау алған баспана жеке инвестор есебінен салынуда. Жергілікті тұрғындарды тұрғын үймен қамту үшін қолға алынған жобаның жұмысымен аудагға іссарармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысты. Облыс басшысы сапаны басты назарда ұстауды тапсырды. 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін ауданның жер қорынан жалпы 2 гектар жер телімі бөлінген. Былтыр ауданда баспана кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болған. Іссапар барысында аймақ басшысы Дархан Амангелдіұлы сондай-ақ Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округіндегі «Қарқын 2030» ЖШС кәсіпорнының мал сою цехының жұмыстарымен танысты. Заманауи мал сою цехы жобасының құны — 1,1 млрд теңге. Тәулігіне 167…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті сапарында Қазығұрт ауданындағы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде мәселелер ашық айтылып, шешілу жолдары қарастырылды. Өңір басшысы тұрғындарды ашық сұқбатқа шақырып, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, облысты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті. – Осындай кездесудің басты мақсаты– Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру. Сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қазығұрт ауданында 2023 жылы 10 елді мекенде 35 жобаны іске асыруға 1,7 млрд. теңге бөлінді. Мемлекет басшысы мектептерді жоғары…

Read More

Өнерлі Айтбаевтар отбасының мүшесі, Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген жеке кәсіпке бет бұрып жатқанын айтты. Ол “Оян” бағдарламасына сұхбат беріп, жеке кәсіппен айналысып, мейрамхананы басқарып отырғанын жасырмады. “Мейрамхана ашу отбасылық идея десем болады. Ата-анамның, әсіресе, әкемнің тарапынан туған ой. Соны біз де ұнатып, қостап, қолдап кеттік. Бірден құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге ізденіс жүргіздік”, – деді жас кәсіпкер. Димаш Құдайбергеннің қарындасы ашылғанына жарты жыл болған мейрамхана жұмысына өзі басшылық жасап, келісім-шарт жасайтынын айтты. “Идея ортақ болғанымен, басы-қасында өзім жүріп үйреніп кеттім. Барлық ұсақ-түйек шаруасына, ұйымдастыру жұмыстарына өзім араласамын. Әрине, негізгі шешімдер ата-анамнан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып,…

Read More

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Armada Stroy 2020» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа бермек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылатын болады. Айта кетсек, Шәмші Қалдаяқов — 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Оның 300-ге жуық ән мұрасы бар. Бүгінде сазгердің «Ақ сұңқарым», «Ақ бантик», «Қара көз», «Қайықта» секілді әндері жұртшылық арасында кеңінен танымал. Сондай-ақ, жігерлі әрі қуанышпен шырқалатын «Бақыт құшағында», «Менің Қазақстаным», «Бәрінен де сен сұлу», «Теңіз құшағында» әндері ел арасына…

Read More

Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Конгресс Холл» кешенінің «Jana Lep» өнер ұжымы «Көктемдегі кездесу» музыкалық-поэтикалық спектаклін алғаш рет сахналады. Қойылымды Дариға Тұранқұлова, Ғалым Доскен, Тұрсынжан Шапай, Гүлнар Салықбай, Еркін Жуасбек, Бақыт Беделхан, Қайрат Жолдыбайұлы, Ерлан Біләл, Жалғас Толғанбай, Мейрамбек Беспаев, Айгүл Қосанова, Жанболат пен Жазира және тағы басқа зиялы қауым өкілдері, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев тамашалады. Екі сеансқа қойылған туындыны көруге келгендер қатары көп болды. Театр ғимараты алдында «Алқоңыр» тобы қонақтарды қарсы алды. Содан соң кіре берісінде облыстық Бейнелеу өнері музейінің арнайы жасақталған көрмесі арқылы өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Кеш барысында…

Read More

Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. Кезекті жобалардың жүзеге асырылу барысы Түркістан өңірлік инвестициялық штаб мәжілісінде тағы да талқыланды. 20-ға жуық жобаның жай-күйі сараланып, жұмыстары таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әр жоба бойынша кәсіпкер мен жергілікті әкімдердің және жауапты басқарма басшыларының есептерін, ұсыныстарын тыңдады. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Жұмысты кешеуілдеткендерге сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. – Үлкен болсын, кішкентай болсын, барлық жоба назардан тыс қалмауы тиіс. Қадағалаңыздар, қолдаңыздар. Жол картасын немесе жұмыс жоспарын хаттамаға енгізіп, әкімдік өз міндетін, кәсіпкерлер өз міндетін уақтылы орындасын. Жерді алып, жұмыс…

Read More

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді. «Түркістан облысының орман қоры жерлерінде биыл жыл соңына дейін 27 500 гектар жерге 43 149 дана, 2025 жылы 31 610 гектар жерге 52 079 мың дана тал отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ, облыстағы 852 елді мекенді көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, былтыр «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң қабылданып, күшіне енген болатын. Түркістан облысы аумағында өсетін емдік қасиеттері бар кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін заңсыз теру және шет елдерге шығару фактілері жиілеген. Осы ретте аталған өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды.…

Read More

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дауытбек келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізеді. Елімізге танымал ММА шебері, Қаршыға Дауытбек әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымында өнер көрсетеді. Отандасымыз 9 маусым күні, Жапонияның Токио қаласында өтетін Rizin 47 турнирінде өнер көрсетеді. 61,2 келі салмақта жұдырықтасатын Қаршыға жергілікті спортшы Тецуя Секиге қарсы шығады. Бұл Қаршығаның жапониялық тұжырымдағы екінші жекпе-жегі болмақ. Өкінішке қарай, отандасымыз 2018 жылы Rizin 13 турнирінде Микуру Асакурадан жеңіліп қалған еді. Айта кетейік, Қаршыға Дауытбек шаршы алаңда 16 жекпе-жек өткізіп, соның он үшінде жеңіске жетсе, үш мәрте қарсыластарына есе жіберген. Қазір ол 6 жекпе-жек қатарынан жеңіп келе жатыр.

Read More

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,96 теңгеге төмендеп, 441,59 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 28 мамырдағы ресми бағамы — 442,84 теңге. kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 441,07 теңгеге, сатылымы 443,11 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 439,01 теңгеден сатып алынып, 444,00 теңгеден сатылып жатыр. Еске салайық, 27 мамырда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,30 теңгеге төмендеп, 442,84 теңге болды.

Read More