Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БАЯНАУЫЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ I ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қоғам

БАЯНАУЫЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ I ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

authorBy author18 июня, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Табиғат аясында кітап оқу» тақырыбында кітапхана әдіскерлеріне және мектеп кітапханашыларына арналған республикалық семинар өтті. Іс-шараны Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырған.
Семинар салтанатты түрде аудандық білім бөлімі өкілдерінің және Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат директорының құттықтау сөздерімен ашылды. «Көкжиек-Горизонт», «Абай», «Шұғыла» баспаларымен қоса «SMARTKITAPHANA» мектеп кітапханашыларын автоматтандыру және цифрландыру» тақырыбындағы үздік жобаны «Edlıne» ЖШС бизнесті дамыту менеджері Арман Ажимуханов таныстырды.
Кітапхана саласына тың серпін берген семинарда Баянауыл ауданының ең көрікті жерлері Сабындыкөл жағалауында «Қазыналы Баянауылдағы Сабындыкөл жағалауында кітап оқу тақырыбында» Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды облыстары әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары іс-шараларын таныстырса, «Аңызға толы табиғаты көркем Жасыбай көлінің жағалауында кітап оқу» тақырыбында Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстары өз көрсетілімдерін ортаға салды.
«Ақбет тауының етегіндегі Торайғыр көлінің жағалауында кітап оқу» тақырыбында өз іс-тәжірибелерін Батыс Қазақстан, Жетісу, Павлодар, Ұлытау облыстары да көрсетіп өтті. Көркіне көз тойғысыз Баянауыл тауларында Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары әдіс-тәсілдерімен алмасты.
Алғаш рет табиғат аясында өтіп отырған ауқымды семинар жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде Түркістан облысы жүлделі I орынды қанжығасына байлады. Баянауыл өлкесінің саф ауасын жұтып, табиғатта кітап оқуды насихаттау және Қазақстанның көрікті жерлерін таныту мақсатында өткен семинар өз жалғасын табады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.