Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Мұндай эмоция болады деп ойламадым»: Америкада алғашқы рет робот концерт берді
Әлемде

«Мұндай эмоция болады деп ойламадым»: Америкада алғашқы рет робот концерт берді

authorBy author18 июня, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Аты аңызға айналған Силикон алқабында тарихи оқиға болып, TechFusion Dynamics стартап-компаниясының ұйымдастыруымен алғаш рет робот өнер көрсетті. Шараны тамашалау үшін мыңдаған көрермен стадионға лық толып жиналды.

Бұл бірегей және жаңашыл шоуды тамашалау үшін мыңдаған көрермен стадионға лық толды. Олардың көргендері барлық үміттерінен асып түсті – ең озық технологиялармен жабдықталған робот көрермендерді тек вокалдық қабілетімен ғана емес, нағыз әртістігімен де таң қалдырды.

Концертте сөз алған робот тамаша ағылшын тілінде, тіпті сәл британдық акцентпен сөйлеп, көрермендерді құттықтады. Одан кейін әр жастағы тыңдармандардың көңілінен шығу үшін таңдалған әр жылдардағы музыкалық хиттерді орындады. Концерттік бағдарламада классикалық рок-хиттер де, заманауи поп-каверлер де болды.

Бұл роботты әзірлеу кезінде заманауи технологиялар, атап айтқанда нақты уақытта мәтін мен музыканы шығаруға арналған нейрондық желілер және роботқа барлық аудио тректерді дәл сол жерде жасау мүмкіндігін беретін Apple M3 Pro чиптері қолданылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар робот TechFusion Dynamics әзірлеген жетілдірілген мотор және жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталған. Бұл оның қоршаған ортадағы өзгерістерге және жұртшылықтың көңіл күйіне сәйкес әрекет ете отырып, максималды дәлдікпен және әсемдікпен қозғалуын қамтамасыз етеді.

Көрермендерді роботтың рэп стиліндегі айтқан өнері ерекше қуантты. Өнерпаз әндерді шебер орындап, материалды көркем жеткізген жеткізген. Өнер көрсету барысында робот көрермендермен тіл табысып, олардың сұрақтарына жауап берді. Әзілдесіп, тіпті икемділігі мен ұтқырлығын көрсете отырып, экспромттық мини-шоулар да қойды.

Жиналған қонақтардың қатарында сахнада көргендері туралы пікір білдірген танымал әртістер де болды.
Атап айтқанда, Леонардо Ди Каприо бұл жасанды интеллект үшін алға жасалған керемет қадам деп баға берді. Актер оның аудиториямен табиғи қарым-қатынасына таң қалғанын жасырмады.

Ал «Марсиялық» және «Агент Ева» фильмдерінің жұлдызы, актриса Джессика Честейн робот мұндай эмоцияларды тудырады деп мүлдем ойламағанын және болашақ осылардың қолында екенін айтты.

Концерт ұйымдастырушылары мұндай концерттерді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғандарын атап өтті. Келешекте мұндай шаралар тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің де назарын аударады деп сенеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Түркістан жастары елге үлгі болуда!

17 июня, 2025

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

9 июня, 2025

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

5 июня, 2025
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.