Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

authorBy author18 июня, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланды. Жастар, ұлтаралық қатынас, білім беру және өзге де салалардағы түйткілдер тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
– Қоғамда әділдікті, еңбекті дәріптеу, жастарға қолдау көрсету маңызды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде балаларды өтірік тіркеп, жалған мәлімет беріп жатқан балабақшалар анықталды. Жүргізілген мониторинг нәтижесі солай көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, тексерілмеген, жалған ақпарат тарататындар бар. Ақпараттандыру саласындағы белсенділікті арттырған жөн. Жұмыс күші де жетіспейд, бізде. Қазіргі уақытта 200-ден астам нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соларға жұмыссыз азаматтарды тартыңыздар. «Жастар практикасы» бар, «Серпін» бағдарламасымен оқу, әскерге шақыру жұмыстары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Сондай-ақ NEET санатындағы жастарды колледжге оқыту мәселесі де өзекті. Биыл жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс беріп отырмыз. Жастар грантта оқи алады. Осы бағытта да жұмысты қолға алыңыздар, – деген облыс әкімінің орынбасары нақты жұмыс жоспарын ұсынуды тапсырды.
Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мен этносаралық бірлікті нығайту, бір идея төңірегіне топтастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Содан соң Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев аудан, қаладағы ахуалдар туралы атап өтті.
Жиын барысында түрлі ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Мәселелер ортаға салынып, нақты шешімдер қабыланды. Қауіпті орындарға бақылау камерасын орнату және жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушыларға экологиялық сауатты көтеру, қоршаған ортаны қорғау, тазалау жолдарын үйрету жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.