Түркістан облысында орман және дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу барысы қатаң бақылауда. Бүгін аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді. – Өрт пен су тасқынына қарсы күрес облысымыз үшін өте өзекті. Сондықтан аудан, қала әкімдері мен тиісті басқармаларға қауіпсіздік шараларын жауапкершілікпен атқаруды тапсырамын. Жолдың жиектерін жыртып, өртке қарсы минералды жолақтар салу жұмысын шұғыл аяқтаңыздар. Екіншіден, өрт қауіпсіздігіне қажетті техника алу, бекеттер салуға қатысты ұсыныстарыңызды беріңіздер. Зерделеп, маңызына қарай қаржы бөлуге тырысамыз, – деді Дархан Сатыбалды. Аппараттың апталық мәжілісінде Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Төреқұловтың есебі тыңдалды. Оның…
Автор: author
Түркістанда Мақтаарал ауданының мәдени күндері қорытындыланды. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудан өнерпаздарының «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертіне белгілі әнші, өнер жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы қонақ болды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді. Бұдан бөлек «Дариға» би ансамблі, «Мерей» вокалды-аспапты ансамблі, «Тұмар» би ансамблі, Бекбосын Мықтыбек, Айна Мейірбекова, Лобархон Захидова, Макхамбай Құрбанов, Жаңабай Сайфуддинов, Жәнібек Тағаеев, Абдували және Саидвали Каландаровтар, Біржан Жанту, Нұрдәулет Жалалов, Мадина Әуезова, Олег Бахараев, Ақерке Зұлпыхарова және тағы басқалар өнер көрсетті. Шараның алғашқы күні ұлттық құндылықтар…
Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан келісілген шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстарының негізгі бөлігі жүргізілді. Қауіп сейіліп, жағдай тұрақтанды. Егістікті шегірткеден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Қауіп толық сейілгенше жұмыстарды тоқтатпауды жүктеді. Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін қосымша техника тартылды. Арнайы топ мүшелері зиянкестерден келетін қауіп толық сейілгенше залалсыздандыру шаралары қолға алынған және…
Қазақстандық делегация Әйелдер арасындағы гендерлік теңдік бойынша озық тәжірибе орталығының (UN Women Centre of Excellence for Gender Equality) жұмысымен танысу үшін Сеулге барды. Делегация құрамында ҚР МАМ, ҚР СІМ және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері бар. Қазақстандық делегация отбасылық және гендерлік саясатпен айналысатын Оңтүстік Кореяның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізді. ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров кореялық отбасын қолдау орталықтарының жұмысымен танысты. «Оңтүстік Кореяда сегіз бағыт бойынша жұмыс істейтін 244 орталық бар. Үздік бастамалар мен тәжірибелерді Қазақстанда қолдануды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Қайрат Қамбаров. Естеріңізге сала кетейік,…
“Бұлбұл құсым жырақтама” деп ән салған Нұржан Қалжан өнердегі достарына реніші барын жасырмады. Жақында өнер иесі “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын алды. Ол Assyltas TV арнасына сұхбат беріп, өнерді қолға алып жатқанын айтты. “Кезінде әніміз хит болып тұрғанда, айналамды жанашырым көп еді. Басыма іс түсіп, өнерден алшақтағанда ешкімді таппай қалдым. Дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам да көп болады екен. Соны түсіндім. Өйткені сенде ақша да, атақ та, жағдай да бар. Ол кезде сен дұрыс істемесең де, ақтап алып, сөзіңді сөйлейтіндер табылды. Бірақ басыңа іс түскенде айналаң да іріктеліп қалады екен. Бұрынғы Нұржан болмай қалғанымда, шын достарымды таппай қалдым. 10…
Тарихта алғаш рет америкалық нарықта қол жетімді электромобильдер бензин мен дизельді көліктерге қарағанда арзан болды. Bloomberg Green мамандары қашықтығы кемінде 480 шақырым болатын жаңа электромобильдер мен қозғалтқышы (ICE) бар жаңа көліктердің бағасына талдау жасады. Ең арзан электромобиль Hyundai Ioniq 6 болып, ол нарықта 37,5 мың долларға сатылды. АҚШ нарығында автокөліктердің орташа құны 47 мың доллар болды. Мамандардың айтуынша, көптеген бензин мен дизельді көліктер электромобильдерге қарағанда қымбат. Осылайша, 2024 жылы тенденция өзгеріп, бұрын дәстүрлі автомобильдер электр қозғалтқышы бар автомобильдерге қарағанда әрқашан арзан болды. Электромобиль бағасының арзандауы нарықтағы жоғары бәсекеге байланысты. Cox Automotive сарапшыларының айтуынша, электркөліктер бастапқыда премиум сегментке бағытталғандықтан қымбат болды.…
Қазақстандық шахматшы Қазыбек Нөгербек Үндістанда өткен әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатқан дүрмекте отандасымыз классикалық шахматтан сайысқа түсті. Ол 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501. Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыстың, ауданның даму бағыты туралы ой қозғап, өзекті мәселелерді де екшеді. Сайрамдықтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. – Сайрам – өңіріміздегі ең ауыл шаруашылығы дамыған, кәсіпкерлікке ден қойған аудан. Әлеуеті өте жоғары. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сайрам ауданында 2023 жылы 14 елді мекенде 31 жобаны іске асыруға 2,6 млрд. теңге бөлінді. Бірқатарына тоқталсақ, Нұржанқорған елді мекенінде 300 орынға арналған мектептің қосымша корпусы пайдалануға тапсырылды. Қарамұрт елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Ақбұлақ елді мекенінде мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді.…
Бүгін Кентау қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласындағы №5 Жылу энергия орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Биыл орталықтағы 6 қазандықтың жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы құны – 13,6 млрд.теңгені құрайтын қазандықтарды қайта құру жұмыстары мердігер мекеме «ЭМ-ходинг» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Сондай-ақ, сапар аясында журналистер Қарнақ ауылында орналасқан «Medical style» тігін цехына барды. Бүгінде цех жылына 20-25 мыңға жуық медициналық киімдердің 25 түрін дайындайды. Айта кететін жайт, қазіргі таңда өндіріс орнының Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларында арнайы дүкендері бар. Мекеме басшысы Шавкат Хабибуллаевтың айтуынша, тігін цехында жалпы технолог пен арнайы білімі бар 30-ға…
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда әншілерге сахнада бейәдеп сөз айтуға болмайтынын ескертті. Министрдің пікірінше, өнер адамдары халыққа үлгі болуы керек. “Мәдениет қайраткерлерінің міндеті – рухани құндылықты насихаттау, мәдениетті қалыптастыру. Егер біз сахнада ішімдік ішуге немесе есірткі заттарын тұтынуға рұқсат етсек, бұл айналаға қалай әсер етеді? Сондықтан қазір біз сахнаны құрметтеу керек деген мәселені көтеріп жатырмыз. Сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы ақша тауып жүрген әнші өз көрерменін құрметтеуі керек. Сондықтан ол жағдайы мен мінез-құлқын бақылауы керек. Боқтауға мүлдем болмайды. Мұны сахнада қалай елестетуге болады?» – деді Аида Балаева Сенаттың кулуарында. Одан кейін бұл ескертуі тек отандық шоу-бизнес өкілдеріне ғана емес, шетелдік…
