Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІМЕН БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК
Қоғам

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІМЕН БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК

authorBy author24 июня, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жасөспірімдерді ересек өмірге дайындауға бағытталған арнайы бағдарлама қажет. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Өйткені елімізде кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген.

Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сәрсен Абайұлы комиссия мүшелерінің жаңа құрамымен таныстырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу керектігін баса айтты. Бұл мәселені қаншалықты жиі көтерілгенімен, шешу жолы, статистика төмендеген емес. Керісінше жағдай анағұрлым қиындаған.

Отырыста мектеп жасындағы оқушыларға, ата-аналарға жекелей кеңес беру және іс-шаралар ұйымдастырылғаны айтылды.

— Білім беру ұйымдарында ертежүктіліктің алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен «2023-2025 жылдарға арналған қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, ертежүктілікті, репродуктивті денсаулығын қорғаудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспары» жасалған. Жоспарға сәйкес «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Ерте жүктілік және қыздар гигенасы», «Жыныстық тәрбие-ертежүктілік», «Ертежүктіліктің ертеңі қандай?», «Өз тағдырың өз қолыңда», «Еркем өмірің болсын көркем», «Репродуктивті денсаулық сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптары бойынша 2 540 іс-шара, 182 арнайы мамандармен кездесулер, 306 қыз балалар жеке семинар кеңестер және коучингтер өткізілді,-дейді Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Тұрдыбайқызы.

Сонымен қатар, осы оқу жылынан бастап мектептерде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жүзеге асырылып келеді.
Аталған бағдарлама аясында құқықбұзушылық, ертежүктіліктің алдын алу бойынша 5 жоба («Жеткіншектің жеті жарғысы», «Ұрпаққа аманат», «Еңбегі адал жас өрен», «Өр талапты, озық ойлы ұлан», «Адал ұрпақ») бағытында құзырлы органдармен бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары жасалған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.