Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ЕРЛІГІМЕН ЕСТЕ ҚАЛҒАН САЙРАМДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУШІ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қаржы

ТҮРКІСТАН: ЕРЛІГІМЕН ЕСТЕ ҚАЛҒАН САЙРАМДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУШІ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

authorBy author24 июня, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Солтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі су тасқыны кезінде қызмет атқару барысында 2024 жылы 2 сәуірде қаза тапқан Сайрам аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапоршигі Бекжан Балдановтың ерлігі Мемлекет басшысы тарапынан еленді.
Марқұмның рухына құрмет көрсетілген шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Бахаев, Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бекболат Турекулов, аудан әкімі Арман Сәбитов, Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Мұхан Баймбетов және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Шараға қатысушылар ел амандығы жолында жанын пида еткен өрт сөндірушіні бір минут үнсіздікпен еске алып, туған-туыстарына көңіл айтты. Оның батыл да батыр іс-әрекеті мен бейнесі мәңгі жадыларында қалатынын жеткізді.
Балданов Бекжан Қуанышұлы 1978 жылы 31 шілдеде Сайрам ауданы, Сиқым ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2001-2004 жылы Шымкент қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып қызмет атқарған ол 2004 жылдан бері Сайрам ауданындағы №6 өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет атқарды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Бахаев өзгенің өмірін арашалау үшін өз өмірін қауіп-қатерге тігетін төтеншеліктердің қоғамда алатын орнын айрықша атап айтты. Осынау күрделі салада, төтенше жағдайда қызметтік және азаматтық борышын атқаруда жанқиярлық, ерлік көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған марқұм Бекжан Балдановтың медалін жары Индира Қаліқұлқызына табыстады.
Аудан әкімі Арман Сәбитұлы жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, өрт сөндірушінің өлшеусіз еңбегі өскелең ұрпаққа өшпес өнеге екенін атап өтті.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.