Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ПРОДЮСЕР НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ КРЕАТИВТІ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ
Арнайы жобалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ПРОДЮСЕР НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ КРЕАТИВТІ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

authorBy author24 июня, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елімізге танымал продюсер, тележүргізуші, актер Нұрлан Қоянбаевты қабылдады. Кездесуде Түркістан өңірінде киноиндустрия мен креативті экономиканы дамыту бағытында жан-жақты талқылап, жаңа жобаларды қарап шықты.
Облыс басшысы өңірдің мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
– Сіздерді Түркістан облысында көргеніме қуаныштымын. Өзіңізге белгілі, қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық әлеуетке ие. Тарихы терең Түркістан өңірінде мәдениет пен туризм саласына да аса мән беріліп келеді. 2021 жылы Түркістан «Түркі әлемінің рухани астанасы» атанса, 2024 жылы Түркістан «Түркі әлемінің туристік астанасы» статусына ие болды. Қай салада болмасын Түркістанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік бар. Өздеріңізге белгілі, ұрпақ тәрбиесінде кино индустрияның алар орны айрықша. Еліміздің тарихын танытып, көрнекті жерлерін насихаттап, тұлғаларын дәріптеудің бірден бір жолы – кино және анимациялық туындыларды шығару. Оның үстіне, Түркістан облысында киелі мекендер, аты ел аузында қалған тұлғалар мен тамыры терең аңыздар көптеп кездеседі. Түркістанды халықаралық жастар орталығына айналдыруды көздейміз. Біз бұл бағыттағы креативті ұсыныстарға ашықпыз. Отандық өнімдерді қолдаймыз. Локация белгілеу, қажетті техникамен жабдықтауға мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Кездесуде Нұрлан Қоянбаев жаңарған Түркістанның өзгерістерін жоғары бағалап, киелі шаһардың өзіндік ерекше атмосферасын тілге тиек етті. Бірқатар жобаларды таныстырып, кино түсіруге арналған қалашық салу, ел назарын аударатын фестивальдар ұйымдастыру, телеарна жұмысына танымал тұлғаларды тарту, өңірдің брендіне айналатын кино түсіру, туризм саласына оң серпін беретін «Түркістан апталығын» ұйымдастыру бойынша және басқа да ұсыныстарын жеткізді.
– Дархан Амангелдіұлы, сізге креативті экономикаға көңіл бөліп, қолдау білдіргеніңізге алғысымды білдіремін. Жаңарған Түркістанға екінші рет келіп тұрмын. Бірқатар жерлерді аралап, тамсандық. Облыс орталығын Голливуд сияқты кино әлемінің қаласына айналдыруға мүмкіндіктер көп. Түркістан облысы қабілеті ұшқыр, креативті, талантты және өнерлі жастарды біріктіретін орта болатынына көзіміз жетті, – деді танымал продюсер.
Кездесу соңында бірлескен жобаларды жүзеге асыру келісілді. Киелі шаһарға сапар барысында Нұрлан Қоянбаев «Алатау» медиа орталығы, өндірістік парк және туристік кешендерді аралап шығып, өңір мүмкіндіктерімен танысты.
Айта кетейік, киноиндустрия саласында 2017-2020 жылдар аралығында Түркістан облысының әкімідігі мен елімізге белгілі «САҚ» киностудиясымен бірлесіп, 6 анимациялық фильм, 2 телесериал, 2 деректі фильм түсірілді. Олардың барлығы қазіргі таңда республикалық «Qazaqstan», «Balapan» және жергілікті телеарналарда көрермен назарына ұсынылуда.
Өткен жылы Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтай отырыснда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауидің 930 жыл толуына орай, ғұламаның мұрасын жан-жақты насихаттау жөнінде тапсырма жүктеді. Осы мақсатта 2023 жылы облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Ясауи мұрасы» атты республикалық іс-шарасы өтті. Шара барысында «Бала Ахмет» анимациялық фильмі, «Ясауи ізімен» сюжетті-деректі фильмі және «Ясауи мұрасы» анимациялық фильмдер топтамасы қолға алынды.
Балаларға арналған қазақ тіліндегі бағдарламалардың санын арттыру, елдің дамуына елеулі үлес қосқан қазақ қайраткерлеріне арналған фильмдер шығару мақсатында «Түркістан тұлғалары» анимациялық роликтер топтамасы қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүзеге асатын болады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.