Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барып, күрделі жөндеу жұмыстары басталған білім, денсаулық, мәдениет нысандарын аралады. Құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын қадағалады. «Абай» Келес аудандық ауруханасының бас корпусында процесс басталған. 40-қа жуық жұмысшы тартылған. Облыс әкімінің орынбасары мұның өте аз екенін айтып, жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындарды тарту керек деді. Мердігерге бұдан бөлек кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды. Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округінде 150 орындық жаңа мәдениет үйі әрі кітапхана құрылысы жүргізіліп жатыр. «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы қаралған. Қыркүйек айында ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Қолданысқа берілген соң…
Автор: author
Түркістан облысы құрылғаннан бері 6 жыл ішінде облыстық және аудандық жолдар мен көшелерді жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 311,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 9544,6 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол саласына қаралған қаржылардың басым бөлігі облыс орталығына баратын күре жолдардың жағдайын жақсартуға және туристік орындарға баратын жолдарды дамытуға бағытталды. Сондай-ақ шалғай аудандардағы ауылдарды аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын жолдарды жөндеуге басымдық берілді. Атап айтсақ, ұзындығы 26 шақырым болатын «Түркістан қаласына кентау қаласы жағынан кіребес жолды қайта құру» нысаны толық аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, тұрғындар Кентау-Түркістан бағытындағы күре жолға балама жолмен және Жамбыл облысы мен Созақ ауданынан Түркістан қаласына келетін…
Түркістан облысының аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Экоакцияға Сарыағаш ауданының тұрғындары да белсене атсалысуда. Ауданға қарасты Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекенінің тұрғындары орталық және ішкі көшелердің бойына бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды жинап, арық-атыздарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ еріктілер шөптерді ору жұмыстарын атқарды. Тазалық акциясы аясында 1,8 тонна күл-қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына 60-қа жуық адам қатысып, екі арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Сарыаға ауданында тазалық аптасы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Аудан аумағында жыл басынан бері жалпы 75 сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында 500 көше, 161 шақырым аяқжол, 200 шақырым арық-атыздар, 103 шақырым…
Бүгін республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы өтіп жатыр. Байқаудың ашылуында сөз алған облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан соң қазылар алқасының мүшелері – белгілі әнші Саят Медеуов пен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаровпен бірге «Артымда қалсын – асыл сөз» жыр жауһарлары кітабының тұсауын кесті. Түркістан облысында Қазығұрттың кешегі көмулі тарихында қалып, тасада елеусіз жылдар мен тағдырлы күнтізбенің тасасында қалған – Төлеш ақынның еңбектері табылды. Жыр-дастандары жазылған қолжазбалар бүгінгі күнге Сақы Арынбекұлы арқылы жеткен. Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы шығарған аталмыш кітаптағы шығармаларды орталық маманы Аязбек Рүстемов пен Арқалық Әмәлият…
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Арыс қаласында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тазалық жұмыстар қала әкімінің жіті бақылауында. Бүгінде Арыс қаласына кіреберісте орналасқан «Дендросаябаққа» жаңадан автоматты суғару жүйелері орнатылды. Аталған жұмыстарды «Kazakh Real Stroy» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды. Алдымен мұнда арамшөптерді ору жұмыстары жүргізіліп, саябақ ішіне санитарлық тазалық жұмыстары атқырылды. Енді міне, автоматты суару жүйелері іске қосылды. Аумағы 12 гектарды құрайтын әсем саябақ алдағы уақытта қала тұрғындарының саялы демалыс аумағына айналмақ.
UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, табиғи көгал төселді. Жаңарған стадионда Қазақстан футбол федерациясы инспекциялау жұмыстары жақын күндері жүргізеді. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стадиондағы жаңарту жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Стадион алаңына Испанияда өндірілген жасанды көгал төселді. Жасанды төсем UEFA-ның барлық заманауи талаптарына сай келеді. 12 000 көрерменге арналған футбол алаңдары үшін халықаралық және ұлттық құрама командалары ойындарын ойнатуға рұқсат берілгенін ескерсек, «Turkestan-Arena» стадионына…
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барды. Онда өңірдегі әлеуметтік және қоғамдық өзекті мәселелерді талқылау, шешу жолдарын қарастыру мақсатында жиын өткізді. Мәжіліске аудан әкімдіктері және жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Тұрғындар тарапынан түрлі ұсыныстар айтылып, сауалдарға жауаптар берілді. Жиынға қатысушылар этносаралық қарым-қатынасты нығайту, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жөнінде пікір алмасты. Зейнет жасына дейінгі ел азаматтарына «Күміс жас» жобасы, жастарға 12 бағыттағы мемлекеттік бағдарлама қарастырылған. Солардың ішінде облыстағы колледжерге гранттар мен «Серпін» бағдарламасының, 2,5 пайыздық жастарға арналған жеңілдетілген несие алудың мүмкіндіктері түсіндірілді. Ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік бойынша «Ауыл аманаты» жобасы туралы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев толықтырды. «Тұрақтылық пен келісімді…
Бүгін Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты мекемелер сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Жақында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы нәтижелі аяқталды. Осы бағытта жалпыхалықтық сенбіліктер жыл соңына дейін жалғасады. Облыс орталығындағы мәдениет ошақтары да бұған үлес қосып, мекеме маңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Айналаны қоқыстан тазартып, қолдау білдірді. Сонымен қатар аудан, қаладағы барлық мәдени мекемесі де атсалысып жатыр. Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын…
Түркістанды рухани астана ретінде дамыту шаралары өңір экономикасына тың серпін берді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер өсімі қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 6 жылда 2,5 есеге өсіп, былтыр 4,2 трлн теңгеге жетті. Биыл 6 трлн теңгеге жеткізу жоспарланған. Жалпы өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артып, өткен жылы алғаш рет 1 трлн теңгені құрады. Былтыр өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, 600-дей жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс орталығында 250-ден астам заманауи ғимарат бой көтерді. Тұрғын үйлер, мәдениет, спорт, білім, медицина, инфрақұрылым нысандары ел игілігіне берілді. Облыстың жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экономиканы…
Төлеби ауданында Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Ескі ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, толық жаңалануда. Орталық екі қабаттан тұрады. Сонымен қатар мәжіліс зал, концерт зал, сахна, жеке қабылдауға арналған арнайы кабинеттер, мамандар отыратын жеке бөлмелерге дейін толық жөнделіп, әрленуде. Аудан әкімі Төлеген Телғараев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде сапалы әрі толық аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, ХХ ғасырдың 80 жылдары аудан…
