Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: КҮЗДЕ БИЗНЕС ФОРУМ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА
Әлемде

ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: КҮЗДЕ БИЗНЕС ФОРУМ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

authorBy author26 июня, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында Сиань қалалық парткомитетінің хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпинмен кездесті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Қалалар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында бірқатар ұсыныстар қаралды. Қазіргі уақытта әлемде энергия ресурстарының тапшылығы байқалады. Осыған байланысты қала басшысы баламалы энергия көздерін дамыту мақсатында қытайлық инвесторларды Шымкентте күн электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
«Біздің қаламыз ауыл шаруашылығы жақсы дамыған Түркістан, Жамбыл облыстарымен және Өзбекстанмен шектесетіндіктен, біз үшін бұл саланы дамыту өте маңызды. Біз осы саладағы жобаларды іске асыруға мүдделі Сиань кәсіпкерлерін қолдауға дайынбыз. Қалада қолданыстағы сауда-логистикалық орталығының аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Орталықты кеңейту Шымкентке Орталық Азия елдері арасында көлік-логистикалық хабқа айналуға мүмкіндік береді. Орталық теміржол торабы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бойында және жүктерді кешенді қабылдауды және жөнелтуді жүзеге асыратын әуежайға жақын жерде орналасқан. Біз логистикалық орталықта құрғақ, тоңазытқыш қоймаларының жобаларын жүзеге асырғысы келетін инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз» — деді қала әкімі.
Кездесуде Шымкент және Сиань университеттері арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылып, денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін арттыру мәселесі пысықталды. Талқылау барысында осы жылдың күзінде Шымкентте екі қаланың бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу келісілді. Кездесу соңында мегаполис басшысы сауда қатынастарын орнатуда, Сиань инвесторларының инвестициялық жобаларды табысты іске асыруда барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Бүгінде қаламызда қытай капиталының қатысуымен мұнай өңдеу, химия және металлургия салаларында жалпы сомасы 1,4 млрд.АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба табысты іске асырылуда.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.