Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » IBO-2024: БАСТАЛУЫНА 12 КҮН ҚАЛДЫ
Қоғам

IBO-2024: БАСТАЛУЫНА 12 КҮН ҚАЛДЫ

authorBy author26 июня, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
2024 жылғы 7-14 шілде аралығында Астанада IBO-2024 биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада өтеді. Бұл оқушылар арасындағы ең беделді олимпиадалардың бірі. Биыл оған әлемнің әр түкпірінен ең мықты 305 жас биолог қатысады.
Еліміздің құрама командасына олимпиадалық резерв арасында ең жоғары рейтингке ие болған төрт оқушы мен екі жетекші кірді:
• Ғалымжан Бақтыбай — «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үш алтын, IBO-2023 олимпиадасының қола медалінің, Авиценна атындағы Халықаралық олимпиаданың күміс медалінің иегері;
• Амина Тынырбай — №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың алтын медалінің, National Brain Bee республикалық олимпиадасының қола медалінің, Авиценна атындағы Халықаралық олимпиаданың күміс медалінің иегері;
• Нұртөре Төреханұлы — Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы. National Brain Bee республикалық олимпиадасында алтын медаль, International Mendel’S Biology Olympiad-2023 олимпиадасында алтын медаль, 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада алтын медаль иегері;
• Диас Сүлейменов — Ақтөбе облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екі мәрте алтын медалінің иегері, International Mendel’S Biology Olympiad-2022-де алтын медаль, Авиценна атындағы Халықаралық Олимпиадада қола жүлдегер иегері.
Жетекшілері: Бауыржан Смайлов — биотехнология магистрі, IBO-2007 халықаралық олимпиадасының қола жүлдегері;
Ернар Батыржанов – Ульсан Ұлттық Ғылым және технологиялар институтының (UNIST, Корея) студенті, биология бойынша халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпазы.
Анықтама: Олимпиада теориялық және 4 практикалық турдан тұрады (биохимия, молекулалық биология, биоинформатика, анатомия және жануарлар физиологиясы). IBO-ға Қазақстан құрама командасы 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдар ішінде ел құрамасы 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль, 14 грамота жеңіп алды. Еліміздің қоржынында 90 марапат бар.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.