Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ АЙМАҒЫМЕН ТАНЫСТЫ
Әлемде

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ АЙМАҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

authorBy author26 июня, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация қатты тұрмыстық қалдықтарды жағуға бағытталған зауыттың жұмысымен танысты. Сорттау, қалдықтарды қайта өңдеу, утилизация және олардан электр энергиясын алу процестерін көрді. Қалған қалдықтардан құрылыс материалдары жасалады.
Қала басшысы өнеркәсіп ұйымының басшылығымен кездесіп, Шымкентте осы бағытта жаңа технологиялық зауыт құру мүмкіндіктерін талқылады.
Бүгінде қаламызға осындай жобалар қажет. Себебі, мегаполисіміздің аумағы артып, халқы көбеюде. Компания өкілдерін Шымкентке келіп, мәселені мұқият зерделеп, жобаны іске асыру мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылауға шақырдым — деді Ғ.Сыздықбеков.
Бұл бастама қаланың экологиялық ақуалын жақсартып, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындарды жылумен, ыстық сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінде Шымкентте бес индустриялық аймақ жұмыс істейді, 287 өнеркәсіптік жоба іске қосылды, 8,5 мың жұмыс орны құрылды.
Тағы жеті өндірістік алаң құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте қытайлықтардың тәжірибесін енгізуге мүдделіміз. Себебі, сонда қаладағы индустриялық аймақтар барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келіп, ірі жобаларды тартуда мүмкіндік артады.
Сапар барысында делегация өкілдері Сиань экономикалық және технологиялық даму аймағымен танысты. Қытайлықтар экономикалық аймақтың әлеуеті мен мүмкіндіктері және жобаларды іске асыру тетіктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Сиань өнеркәсіптік инвестициялық корпорациясының «Цзинхэ» өнеркәсіптік паркінің аумағында болды. Компаниялардың жұмысын қарап, өндірістердің заманауи технологияларымен танысты.
Сонымен қатар қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған депутаттар Шэньси провинциясының Бүкіл қытайлық халық өкілдері жиналысының өкілдерімен кездесу өткізді.
Мәслихат хатшысы қытайлық әріптестерін қаланың өкілді органы айналысатын мәселелерімен таныстырып, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен бөлісті.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.