Президент Жолдауын ұжымымызбен ықыласпен тыңдап, зерделедік. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында қоғамның негізгі факторы – адам денсаулығын жақсарту мәселесін алдыңғы орынға қойып келеді. Бұл жолы да ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігі айрықша аталды. Еліміздің медицина саласының жетістіктері жоқ емес, алайда кемшіліктер де барын айтты. Науқастарға мемлекеттік кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуы немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну сынды жөнсіздіктерге жол бермеуді тапсырған Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажеттігін атады. Әрине, мұндай маңызды өзгерістерді цифрландырусыз сәтті жүзеге асыру мүмкін емес. Шынында да,…
Автор: author
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауымен сабақтасып, әлемдегі қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде еліміздің одан әрі дамуының айқын міндеттерінің нақты шешімдерін ұсынған құжат. Жаңа Жолдауында алдағы жұмыстың нақты бағыттарына тоқталған Президент ең алдымен Үкімет пен Ұлттық банкке ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жоюды тапсырғандығының маңызы зор. Өйткені кейінгі кезде нақты секторға несие ойдағыдай берілмей жатқаны, шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін таппағандығы жөнінде сыни ескертпе жиі айтылып жүргенімен, оған екінші деңгейдегі банктердің құлақ асқаны шамалы. Мұның өзі еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігін арттыруға кедергі…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатқанына тоқталып, бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мен оның шығыс бөлігін қатаң бақылауда ұстау қажет екенін айтқан болатын. Президенттің жүктеген тапсырмасын іске асыру мақсатында Қаржы министрлігі салық бағыты мен кедендік реттеуде, бюджетті жоспарлау мен аудит ісінде цифрлы бастамаларды жоспарлы түрде іске асырып жатыр. Айталық, біздің салаға қарасты Электронды қаржы орталығының сүйемелдеуімен еліміздің қаржы жүйесін цифрлы трансформациялау бағытында бірнеше тың жоба қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – онлайн бюджеттік мониторинг. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейту мақсатында аудиторлар жоспарлаудан бастап бюджеттің онлайн режімде атқарылуына дейінгі бюджеттік мониторинг бойынша жұмысты атқарып жатыр.…
Адамзат баласы әлмисақтан бері әділет іздеп келе жатқаны анық. «Әділет жоқ» деп кей-кейде налитынымыз да бар. Әркімнің өз ақиқаты барын ескерсек, тұтас қоғам мен мемлекеттің әділ болуы – аса маңызды мәселе. Бұл ретте біздің қоғамның әділетке зәру екені белгілі. Осыны терең сезінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына ұстаған кезінде «Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз» деп мәлімдеді. Содан бері елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен тың әрі жаңа өзгеріс серпілісі басталды. Президент Жолдауында халықтың құқықтық мәдениеті артып, қоғамда оң өзгерістер байқалып келе жатқанын атап өтті. «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды…
Бүгін еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі мен этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетілімі жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты. Қалалық ассамблея алаңында ұлттық мәдениетті дәріптеуді көздеген іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлеріне алғыс айтты. – Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәртіптеу арқылы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау, –…
Мемлекет басшысы Жолдауы бұл күндері көпшілік арасында қызу талқыланып жатыр. Денсаулық сақтау саласының қызметкері болғандықтан маған Президенттің халыққа медициналық көмектің қазіргі мәселелері жөнінде айтқан сөздері ерекше әсер етті. Расын айтуымыз керек, халық елімізде медициналық көмектің заман талабына сай емес екенін жиі қозғайды. Әсіресе медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді, оның қызметіндегі көзге көріне бермейтін, жалпы халық біле бермейтін мәселелер көпшілікті көп толғандырады. Қанша жыл бойы бұл саладағы қызметтің өзгеріп, жақсарып кеткенін халық көре алмай отыр. Жиі-жиі ауысатын оның басшылары қызметті ретке, бір жүйеге келтіре алмағаны қынжылтады. Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласындағы кемшіліктерді тайға таңба басқандай етіп атап өтті. «Биыл денсаулық сақтау саласына…
Бүгін еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі мен этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетілімі жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты. Қалалық ассамблея алаңында ұлттық мәдениетті дәріптеуді көздеген іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлеріне алғыс айтты. – Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәртіптеу арқылы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау, –…
Еліміздің тәуелсіз әрі егеменді мемлекет болып қалыптасуы оңай жолмен келген жоқ. Оған ең үлкен әсер еткен оқиға деп біз КСРО-ның жүйелік дағдарысын айта аламыз. Нақтырақ айтсақ құрамындағы халықтардың орыстандыру саясатына деген наразылықтары. Сол кездегі КОКП ОК-нің басшысы болған М.С.Горбачевтің құрған «қайта құру» секілді реформалары да КСРО-дағы дағдарысты жоюға айтарлықтай көмегін тигізбеді, күтілген нәтижесін көрсетпеді. Осыдан кейін 1986 жылы өзіміз білетіндей ызғарлы Желтоқсан оқиғасы орын алды. Тәуелсіздік туралы сөз қозғағанда бұл оқиғаны атап өтпеу мүмкін емес, себебі қайта құру мен жариялылық кезеңдеріндегі еліміздің егемендікке деген ұмтылысы мен жігер-қайратының дәлелі осы болды. Бұл оқиғалардан кейін ендігі кезекте компартия әлсіреп, республикада әртүрлі партиялар…
В аграрном колледже состоялась важная встреча молодежного ресурсного центра на темы: «страсть к азартным играм» и «нет насилия в семье». Главная цель мероприятия-распространение среди молодежи информации о пагубных последствиях лудомании, то есть негативном влиянии азартных игр на жизнь, семью, социальное положение человека. Кроме того, пропаганда здорового образа жизни и популяризация семейных ценностей. Эти темы особенно актуальны для современной молодежи, поскольку они живут в информационную эпоху и часто подвергаются воздействию различных социальных сетей и игр. Во встрече приняли участие специалист-психолог «Молодежного ресурсного центра» управления внутренней политики по делам молодежи Сайдахан Жибек Муратовна и майор полиции бектемисова Гульвира из группы защиты женщин…
Академический казахский драматический театр им.Ж. Шанина в Шымкенте с 1929 года вносит особый вклад в развитие казахского театра. В рамках празднования 95-летия этого театра была проведена работа по доказательству его исторической основы и сущности с помощью архивных документов. В результате этого была прослежена глубокая история театра и его значение в культурной жизни. Этот год будет посвящен обсуждению направления модернизации и современного развития истории театра. Долгое время считалось, что история театра восходит к 1934 году. Однако недавние исследования и архивные документы показывают, что появление театра началось в 1929 году, то есть 95 лет назад. Участники круглого стола на площадке Региональной службы…
