Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫНЫҢ ЖАҚСАРҒАНЫНА МҮДДЕЛІМІЗ
ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫНЫҢ ЖАҚСАРҒАНЫНА МҮДДЕЛІМІЗ

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет11 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Жолдауы бұл күндері көпшілік арасында қызу талқыланып жатыр. Денсаулық сақтау саласының қызметкері болғандықтан маған Президенттің халыққа медициналық көмектің қазіргі мәселелері жөнінде айтқан сөздері ерекше әсер етті.

Расын айтуымыз керек, халық елімізде медициналық көмектің заман талабына сай емес екенін жиі қозғайды. Әсіресе медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді, оның қызметіндегі көзге көріне бермейтін, жалпы халық біле бермейтін мәселелер көпшілікті көп толғандырады. Қанша жыл бойы бұл сала­дағы қызметтің өзгеріп, жақсарып кеткенін халық көре алмай отыр. Жиі-жиі ауысатын оның басшылары қызметті ретке, бір жүйеге келтіре алмағаны қынжылтады. Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев медицина сала­сындағы кемшіліктерді тайға таңба басқандай етіп атап өтті. «Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 трлн теңге қаржы бөлінді. Бірақ оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұр­маланған ақпараттың кө­беюі­не әкеп соқтырды. Науқас­тарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды», деді ел Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру бол­маса, мұндай ауқымды өзге­рістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін емес. Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау керек. Осылайша, Президент өте орынды айтылған сын айтып, кемшіліктерді жою жолын жіктеп көрсетті.

Жолдауда көтерілген тағы бір өте маңызды мәселе – білім саласын жақсарту. Білімсіз маманның қоғамға келтірер залалы аз емес. Келешек – білімді жастардікі. Сондықтан заман талабына сай білімді, білікті кадрлар даярлау – басты мәселелердің бірі. Президентіміз айтқандай, қазіргі кезде жоғары оқу орындары сан жағынан көз сүріндіреді, бірақ оларда білім алып, диплом алып шыққандардың біразының білімінің төмен екенін өмір көрсетіп отыр. Сапа емес, сан қуып кеткен ЖОО әлі де елімізде аз емес.

Кәсібім дәрігер болғандықтан мені және басқа да әріптестірімді толғандыратын тағы бір мәселе – дәрігерлердің білімін жетілдіру, қайта даярлау ісі. Осыдан біраз жыл бұрын Алматы қала­сын­да­ғы 50 жылдық тарихы бар мемлекеттік Дәрігерлердің білімін жетілдіру ниституты негіз­сіз жабылып қалды. Оның себе­бінен көпшілік бейхабар. Содан дәрігерлер қайда барып білімін жетілдірерін білмей аң-таң бол­дық та қалдық. Сол сәтті ұтымды пайдаланған баз бір «пысықайлар» дер кезінде жер-жерде, қалаларда медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіруге қатысты ЖШС ашып, сертификаттар мен куәліктерді оңды-солды сатып, бизнестің бір жаңа түріне айналдырып жіберді. Одан кім ұтты, кім ұтылды? Әрине, дәрігерлер жалған сертификат, куәлік алғанымен, білімі толығудың орнына құлдырап кетті. Оның «жемісін» денсаулығы сыр берген пациенттер күнделікті өмірде көріп отыр. Содан «дәрігерлер сауатсыз», «дәрігер диагноз қою үшін кабинеттен-кабинетке сан­далтып жұмсайды», «мені дұрыс емдемеді» деп наразылық біл­діріп жатады.

Ия, осындайда «Жылағанның көзі – жаман, айтқанның аузы – жаман» деген қазақтың дана сөзі еріксіз еске түседі. Кезінде көп жыл қызмет етіп тұрған Қарағандыдағы Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми зерттеу институты және олардың Ақтөбедегі, Шымкенттегі, Өске­мендегі филиалдары еш ойланбастан, қиналмастан, апай-топай жабылғаны бар. Тәжіри­бесі мол ғалым-дәрігерлер, профессорлар жан-жаққа тарап кетті, зертханалар жабылды. Содан кейін-ақ зауыттар мен кәсіпорындарда еңбек ететін жұмысшылардың денсаулығын бақылау жойылып, кәсіби аурулар саны күрт өсіп, қайғылы оқиғалар, өлім-жітім көбейді. Сол қателіктерін түсінген билік иелері енді келіп, бүгінде сол ҒЗИ-ді қайта ұйымдастырып жатыр. «Соғудан – қирату оңай» деген осы емес пе? Бар дүниені жоқ қылып, талан-таражға ұрындырып жат­қан білімсіз басшылар әлі де ортамызда аз емес-ау…

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты біраз тапсырма жүктеді. Енді оларды іске асыру – міндет. Биылғы Жолдау келер жылдарға бағдаршам болып, көпшіліктің ойынан шықты.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.