Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МЕДИЦИНАДА ОЛҚЫЛЫҚҚА ОРЫН ЖОҚ
ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕДИЦИНАДА ОЛҚЫЛЫҚҚА ОРЫН ЖОҚ

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Жолдауын ұжымымызбен ықыласпен тыңдап, зерделедік. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында қоғамның негізгі факторы – адам денсаулығын жақсарту мәселесін алдыңғы орынға қойып келеді. Бұл жолы да ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігі айрықша аталды.

Еліміздің медицина саласының жетістік­тері жоқ емес, алайда кемшіліктер де барын айтты. Науқастарға мемлекеттік кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуы немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну сынды жөнсіздіктерге жол бермеуді тапсырған Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажеттігін атады. Әрине, мұндай маңызды өзгерістерді цифрландырусыз сәтті жүзеге асыру мүмкін емес.

Шынында да, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған бірнеше ондаған әртүрлі бағ­дарлама мен дерек базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құратын уақыт келді. Ол мемлекеттік тапсырыстарды алатын барлық денсаулық сақтау ұйымы үшін, олардың меншік нысанына қарамастан, деректердің түпкілікті бақылауын және объективтілігін қамтамасыз етуге тиіс. Президент Үкі­метке бұл өзекті мәселені жедел шешу­ді және жұмыс барысын баяндауды тапсырды.

Отандық денсаулық сақтауды дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет.

«Өкініштісі, шетелдердің мемлекет-жекеменшік әріптестікке қатысты озық тәжірибелері әлі де заңнамамызда толық көрініс тапқан жоқ. Мұның бәрі жобалардың тиімсіз болуына, бюджетке түсетін салмақтың тым артуына әкеліп соқтырады», деген Мемлекет басшысы тәсілдерді қайта қарау керектігін, инвестиция тарту үшін тиімді тарифтер ұсыну, Үкімет денсаулық сақтау және білім беру салаларына мемлекет-жекеменшік әріптестіктің жеке стандарттары мен ережелерін әзірлеу керектігін міндеттеді.

Елімізде білікті медицина маман­дары­ның тапшылығы да тасада қалмады. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын ба­рынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын реттеп, тиімді тарату қажеттігіне назар аударды.

Қоғамның саламаттылығына қатысты маңызды мәселелерді отандық медицина саласы жауапкершілікпен шешеді деп сенемін.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.