Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ИГІЛІГІ КӨП
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ИГІЛІГІ КӨП

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатқанына тоқталып, бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мен оның шығыс бөлігін қатаң бақылауда ұстау қажет екенін айтқан болатын.

Президенттің жүктеген тапсырмасын іске асыру мақсатында Қаржы министрлігі салық бағыты мен кедендік реттеуде, бюджетті жоспарлау мен аудит ісінде цифр­лы бастамаларды жоспарлы түр­де іске асырып жатыр.

Айталық, біздің салаға қарасты Электронды қаржы орталығының сүйемелдеуімен еліміздің қаржы жүйесін цифрлы трансформациялау бағытында бірнеше тың жоба қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – онлайн бюджеттік мониторинг. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейту мақсатында аудиторлар жоспарлаудан бастап бюджеттің онлайн режімде атқарылуына дейінгі бюджеттік мониторинг бойынша жұмысты атқарып жатыр. Бұған Қаржы министрлігінің түрлі ақ­па­раттық жүйелерінің деректерін пайдалану арқылы қол жеткізілді.

Жоба бюджеттің сәйкес­сіз­дігіне байланысты тәуекелдерді уақтылы анықтап, хабар беруге және тәуекел профильдерін жасауға бағытталған. Бұл жоба тәуекелдер бейіні бо­йынша каме­ралды бақылау жасап, бюджетті жоспарлау және атқару кезінде сын-қатерге жедел ден қоюға, бюджет қаражатын тиімсіз иге­рілу тәуекелдерінің алдын алуға, сондай-ақ қаржылық бұзу­шылықтарды азайту мен мемле­кет­тік шы­ғыстарды бақылауға септігін тигізеді.

Ал мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі бюджеттік жоспарлауды автоматтандырып, ақпараттық қолдауға ықпал етеді. Оның бюджет қаражатын тиімді бөлу бойынша артықшылығы көп. Тағы бір керемет жоба – Бірың­ғай сатып алу платформасы. Ол пайдаланушылардың қолай­лылығы үшін мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік орган­дар­дың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бас­қа да алаңдардың сатып алу үдерістерін біріктіре алатын мүм­кіндікке ие. Сол секілді тауар­лардың электронды каталогі – техникалық сипаттамаларды автоматты түрде қалыптастырып, тарихи бағаларды талдауға және тауар айналымын бақы­лауға мүмкіндік беретін дерек­терді сақтап, басқаруға арналған өнім. Тізбектей берсек, адамға бағдарланған жобаларымыз бар­шылық. Олар өз жемісін ал­дағы уақытта береді деп сенеміз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.