Автор: author

23-27 қыркүйек күндері аралығында қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «WorldSkills Shymkent — 2024» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңі өтті. Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы және кәсіби мамандықты дәріптеу, мамандықтардың танымдылығын және қоғамдағы беделін көтеру, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру. Бүгін аймақтық чемпионат қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. WorldSkills – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба. Кәсіптік-техникалық мамандықтың деңгейін арттыратын жобаға еліміздің жастары қатысып, халықаралық деңгейде үздік нәтиже көрсетіп келеді. Жоба шеңберінде қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру жоспарланған. «WorldSkills Shymkent — 2024» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінде 42 құзыреттілік бойынша 221 үміткер бақ…

Read More

Қазіргі таңда заман дамыған, әлем үлкен өзгеріс үстінде. Жастардың ойы озық, ұшқыр. Жаңашылдықты, жасампаздықты талап етеді. Бір сөзбен айтқанда құндылықтар мен талаптар жаңаша. Жаһандық өзгерістер мен даму ағымында қатар жүру үшін біздің мемлекет те шешуші қадамдарға бет бұруы қажет. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салудың экономикалық және энергетикалық қажеттілігін атап өтіп, елде тұрақты және экологиялық таза энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты. Қазақстанға әлемдегі басқа елдер сияқты таза энергия қажет. Осы саладағы ең тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциялары. Оның бірнеше тиімді тұстарын айтып кетсек болады. Біріншіден, Қазақстанда электр энергиясының тұрақты көзі ретінде…

Read More

Шымкент қаласында Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспары негізінде білім беру мекемелерінде 2024 жылдың 02.09-30.09 аралығында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау аясында түрлі іс-шаралар атқарылып келеді. Бүгін С.Нұрмағанбетов атындағы №72 мектепте Қазақстан халықтарының тілдері мерекесін дәріптеп, көп ұлтты Қазақстанның бір шаңырағының астында өмір сүретін халықтардың бірлігін көрсету мақсатында «Тілім менің – мақтанышым!» тақырыбында айлық іс-шара өтті. Шараның мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жандандыру және кеңейту, тілге днген сүйіспеншілікке, оқушылар арасындағы достық пен өзара түсіністікке тәрбиелеу. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Айтулы іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті, философия ғылымдарының кандидаты, Шымкент…

Read More

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Цифрландыру, Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия, Орта сапасы және бақылау басқармаларының 8 айда атқарған жұмыстары талқыланды.Цифрландыру басқармасының басшысы М.Кемелов қала аумағындағы ұялы байланыс пен оптикалық интернет сапасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ұялы байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталған. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен 35 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 33 нүктеде базалық станция қолданысқа енгізілді. «Kcell» АҚ өз жоспарына сәйкес, 133 базалық станцияны 5G технологиясымен, 116 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса, коммерциялық нысан иелерімен келісім арқылы 47 базалық станция іске қосылды.Қала әкімі сала басшысына жыл соңына…

Read More

Мемлекет басшысы ұлт саулығына зиянын тигізетін нашақорлық пен есірткіге қарсы күрестің көкейкесті міндет екенін үнемі айтып келеді. Соңғы жолдауында да есірткімен күрестің маңызына тоқталып, «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ, нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады» деген болатын. Бүгін қаламызда Шымкент қаласының Полиция департаменті мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» атты іс-шарасы өтті. Науқанға 1500-дай…

Read More

Биыл А. С. Пушкин атындағы кітапхананың құрылғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен кітапхананың 125 жылдығына орай «Кітапхана: Іздену. Жаңалық. Болашақ» тақырыбымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұдан біршама уақыт бұрын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл мәдени нысанды өзі барып аралап, кітапхананың жұмысымен танысып қайтқан болатын. 2022 жылы жөндеу жұмыстарымен жаңғырған нысанда бүгінде оқырмандарға заманауи талапқа сай ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызметтер көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда кітапханада 11 құрылымдық бөлімше мен оқу залдары, абонемент, өнер, көрме залдарымен қатар американдық бұрыш және келушілер үшін арнайы кофехана жұмыс істейді. Сондай-ақ, бүгінде бұл…

Read More

Бүгін Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың туризм саласында білім алған студенттер мен түлектерді қолдау тұрғысында осы саладағы білікті мамандармен кездесу өтті. Аталған форумның мақсаты жас мамандардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау, ішкі туризм саласымен, «Visit Shymkent» ТАО қызметімен таныстыру, студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту, одан әрі жұмысқа орналастыруға ықпал ету болып табылады. Еркін форматтағы жиынға қаламыздың жоғары және колледж сутденттері мен түлектерінен жиналға 400-ге жуық жастар қатысты. Іс-шара барысында жастар туризм саласында тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңестер мен нақты бағыт-бағдар алды. Әрбір қатысушы көкейіндегі сұрағына жауап алып, кәсіби және шығармашылық идеяға толы…

Read More

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясының аясында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кеш қонақтары Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ағапаша Құрбанов, ағылшын тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ-түрік сөздігін құраған тарихи тұлға Аябек Байниязов, магистр-оқытушы Мұхаммедрасул Мырзахметов болды. Өз кезегінде сөз алған Ағапаша Құрбанов жеке құрамға өз ұлтының Қазақ еліне ата–бабасының қалай ауып келгенін, осы құтты мекеннің суын ішіп, нанын жеп өскендігін, қазақ халқына деген ыстық ықыласын білдірді. Осынау қазақ халқына деген махаббатының арқасында қазақ тілін…

Read More

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтетін жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-көпшілік конференциясы өтті. Халықаралық ғылыми-көпшілік конференция Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы және шетелдік және елімізге белгілі ғалымдар мен профессорлар қатысты. Б.Соқпақбаевтың шығармаларын зерттеп жүрген ғалымдар жазушыға қатысты тың деректермен бөлісті. Әдеби кеште ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы қазақ әдебиетінің алтын дәуірінің көрнекті өкілі, бабалар әдебиетін биік деңгейге көтерген Бердібек Соқпақбаев шығармашылығындағы шынайылықты, әділдікті, ерекше талантпен үйлесім тапқан көркемдікті атап өтті. Сондай-ақ қаламгердің…

Read More

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов және пленум мүшелері, бірқатар бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі халыққа жолдауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сәрсен Абайұлы мен Бахадыр Нарымбетов ел үшін жасалып жатқан маңызды қадамдарға тоқталып өтті. – Бұл жолғы жолдау елдегі қаржы саласындағы маңызды реформаларға түрткі болмақ. Әсіресе, ел экономикасын көтеру бағытында заң жүйесін жақсартуға көңіл бөлінбек. Осы ретте, ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жаңадан банктер туралы заң қабылданады.…

Read More