Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕСУ – БҮКІЛ ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕСУ – БҮКІЛ ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

authorBy author16 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында есірткімен күрес шаралары белсенді түрде жүргізілуде, және жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу маңызды бағытқа айналған. Есірткі – қоғам үшін ауыр дерт, ал нашақорлықпен күресу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. 2024 жылдың тоғыз айында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 397 адам анықталды, олардың көпшілігі 21-39 жас аралығындағы азаматтар. Бұл көрсеткіш, әсіресе, жастардың есірткіге тәуелділігінің артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі саудасымен күрестің маңыздылығын атап өтті. Президенттің айтуынша, еліміздің жаңа сапасын қалыптастыру үшін нашақорлықпен және есірткіге қарсы күрес жүргізу қажет. Былтырғы жылы елімізде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталып, заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі тәркіленген. Бұл жайт, әсіресе, жастар арасында нашақорлықтың тез таралуы алаңдатуда. Тоқаев, сондай-ақ, есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту қажеттігін атап өтті.

Шымкент қаласының прокуратурасы мен полициясы «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында бірлескен жұмыстар жүргізуде. Қала прокурорының орынбасары Ержан Мараттың мәлімдеуінше, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар мен құқық қорғау органдарының өндірісіндегі қылмыстық істер туралы есеп берілді. Мысалы, қалада интернетте таралған есірткі жарнамалары жойылып, тұрғындармен есірткінің зияны туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Нәтижесінде 500-ден астам есірткі заттарын сату туралы жарнамалар анықталып, бұғатталды.

Полиция департаментінің есірткі айналымына қарсы күрес басқармасы «Қарасора-2024» арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, синтетикалық есірткілерді өндіретін зертханалар анықталды. Шымкентте Қазақстандағы ең ірі мефедрон өндіру және тарату арнасы тоқтатылды. Синтетикалық есірткілер нарықта айтарлықтай өсіп, оны қолданушылардың да саны күннен-күнге артқан.

Таяуда «Шымкент – есірткісіз қала» атты іс-шара өткізілді, онда 1500-дей ерікті жастар синтетикалық есіртіктердің зияндылығын түсіндіру мақсатында белсенділік танытты. Бұл акция барысында мамандар тәжірибе жүзінде есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетті. Жастар тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара пікір алмасты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Тағабай Қасым өзінің кезекті мақаласында жазды.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығында өткен «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыбында құқық қорғаушылармен кездесулер ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, нашақорлықпен күрес және құқықбұзушылық мәселелері жан-жақты талқыланды. Полиция басшылығы жастарды заңға бағынуға, қоғамдағы түрлі құқықбұзушылықтардан аулақ болуға шақырды.

Қорытындылай келе, Шымкент қаласы есірткімен күресуде белсенділік танытып, жастарды қорғау және оларға құқықтық білім беру мақсатында ауқымды шаралар ұйымдастыруда. Есірткіге қарсы күрес – барша қоғамның міндеті, ал жастарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы біздің болашағымыздың кепілі. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі жастарымыздың болашағына, еліміздің әл-ауқатына оң әсер ететіні сөзсіз. Есірткіге қарсы күресте барлығымыз бірлесе әрекет етуіміз керек, өйткені бұл тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, әрбір азаматтың, ата-ананың, қоғамның жауапкершілігі деді, Тағабай Қасым.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.