Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Лудомания: Құмар Ойындарға Тәуелділіктің Зардаптары
ЖАҢАЛЫҚТАР

Лудомания: Құмар Ойындарға Тәуелділіктің Зардаптары

authorBy author16 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Қап, әттеген-ай», «Бұл жолы жолым болады», «Қазір қарызға алып, қайта ойнаймын» — бұл сөздер лудомандарға жалған үміт пен жігер сыйлайды. Бірақ, бұл жолы да сәтсіздікпен аяқталып, адамдарды ауыр жағдайға әкеледі. Соңғы уақытта елімізде бәс тігіп, өмірдің соқпақ жолына түсіп, бәрін жоғалтып жатқан жастардың саны көбейіп келеді. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы букмекерлік кеңселердің табалдырығын тоздырып, құмар ойынның құрығына түскен жастар саны 350 мыңға жеткен. Биыл бұл көрсеткіш 400 мыңнан асып отыр. Бұл — тек тіркеуге алынғандар саны, ал тіркелмегендер қанша? Миллионнан асып жығылар, сөзсіз.

Құмар ойынға тәуелділік тәніңізді ауыртпайды, бірақ санаңызды улап, отбасылық бақытты тас-талқан етуі мүмкін. Құмар ойын түрлері заманымен өзгеріп, зияны да артып келеді. Мұндай дертке ұшыраған адам қоғамнан алыстап, адамгершілік қасиеттерін жоғалта бастайды. Лудомания дүниежүзілік деңгейде ауру ретінде мойындалғаны да тегін емес. АҚШ-тың құмар ойындар проблемалары жөніндегі қауымдастығының зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі адамдардың 48%-ы құмар ойынға тәуелділікке ұшырау қаупінде. Яғни, құмар ойын — адамды есірткіден де артық тартатын қауіпті фактор.

Елде заңсыз ойын бизнесімен күрес шаралары қолға алынғанымен, жымысқы әрекеттер жасырын түрде жүргізіліп жатыр. Тірнектеп тапқанын құмар ойынға құрбан ететіндердің дені — жастар. Мысалы, қазалылық жас Азамат Әшіровтің сөздеріне назар аударайық:

– «Бұл дерт студент кезімнен басталды. Ақша тапшы болғанда, ара-тұра баратын болсам, кейін әдетке айналды. Оқуды бітіріп, елге келгенде, барлығын ұмытып кеткен едім. Алайда, Лото клубтың ашылғанын естіп, барғанымда, қалтамдағы ақшаға қол салдым. Бастапқыда ұттым, бірақ қазір барлығы керісінше. Туған-туыстарыма, достарыма қарызға баттым, банктерден несиелер алдым. «Қойдым» десем де, тоқтауға еш мүмкіндігім жоқ. Бірақ, екі жыл бойы құмар ойыннан алыс болдым. Өзімді жеңдім деп айтуға болады», — дейді ол.

Лудоманияның қоғамға әсері зор. Құмар ойындарға тәуелді адамдар көбіне отбасылық проблемаларға, әлеуметтік оқшаулануға және психологиялық күйзеліске тап болады. Олар, әдетте, тұрақты жұмысынан, достарынан, жақындарынан айырылып, қоғамнан шеттейді. Статистика бойынша, лудоманиядан зардап шегетін адамдардың 60%-ы құқық бұзушылық жасап, 32%-ы суицид туралы ойлайды. Мұндай жағдайлар, әсіресе, қазіргі жастар арасында жиі кездеседі.

Өткен жылы елімізде заң қабылданып, заңсыз букмекерлік кеңселерді жабу қолға алынған. Алайда, уақыт өте келе, бір ойынхана қайта ашылып, жаңа клиенттерді тартуда. Әркімнің өз таңдауы бар, бірақ лудоманияның кесірінен қоғамға айуан болып кетпеуіміз керек. Мемлекет тарапынан құмар ойындарға тәуелділікті жою үшін жастарға білім мен ақпарат беріп, оларға дұрыс тәрбие беру маңызды. Сонымен қатар, дін қызметкерлері мен психологтардың рөлі зор. Мәселен, мешіттерде имамдар құмар ойындардың зиянын түсіндіріп, сондай ақ қысқа метраджы кинолар көрсетіліп, адамдарды бұл жаман әдеттен арылуға шақыруда.

Лудомания — қоғамымыздағы үлкен проблема. Құмар ойындардан құтылу үшін жастарға дұрыс ақпарат, қолдау және тәрбие беру қажет. Тек сол арқылы біз лудоманияның таралуын тоқтатып, жастарымызды болашағы жарқын өмір сүруге шақыра аламыз. Құмар ойынның кесірінен әлеуметтік, психологиялық, және материалдық дағдарысқа ұшыраған адамдарға қолдау көрсету, қоғамымызды сауықтырудың негізі болып табылады. Әркім өз жауапкершілігін түсініп, лудоманияның алдын алу шараларына белсене қатысуы тиіс.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.